549
мұндай қылықтар өз кезегінде еш-
қандай тіке, объективті анықталатын
себептерсіз жасалады. Тынышсыздық
(үрейлілік); 1. мазасыздану, мазасыз-
дануға бейімділік; 2. қауіп тудыра-
тын, қайғыру, алаңдау, әбігерлену,
тынышсыздану, үрейлену, қауіпте-
нушілік.
ТІЛЕК
– ықылас, ниет. Ниет – қа-
жеттілікті қанағаттандыру үшін әре-
кеттенуге және оған іштей ұмтылу.
Ниеттің жүзеге асуы материалдан-
ған сипатта болады. Т. – адамның бір
іс-әрекеті, ой-пікірді іске асыруға
ниет білдіруі. Адам тілегі арқылы
алға қойған мақсатын іске асыруға
жоспар жасап, әрекетке бағыт-бағдар
алады. Тілек – іс-әрекеттің бастау бұ-
лағы, Ол адамды қарекетке, ойға ал-
ған, алға қойған жоспарын іске асы-
руға бағыттаушы саналы әрекеттің
ұйытқысы. Бұл жағдайда оның іс-
әрекет объектісі санасынан орын
алып қана коймайды, оны
іске асы-
рудың мүмкіндік жолдары да айқын-
дала түседі.
ТІЛЕНШІҰЛЫ ШАЛКИІз (1465-
1560).
Халқымыз осы кезге дейін
ұмытпай есте сақтап келе жатқан
көне заман жырауларының бірі –
Шалкиіз Тіленшіұлы.
Жырау туындылары әсерлі, өткір,
аз сөзге көп мағына сыйғызған сұ-
лу сазды көркем келеді. Шалкиіз
шығармашылығынан орта ғасырда-
ғы көшпенді қазақтардың нанымы,
моральдық – этикалық түсініктері,
психологиялық ерекшеліктері көрі-
ніс тапты. («Арғымақ ару аттар», «Ер
Шобан», «Қоғалы көлдер» т. б.) Сол
дәуірдегі жыраулардың қай-қайсы-
сы да адамгершілікпен қоса ерлікті
де тебірене жырлады. Мәселен,
Шалкиіз жырау көшпенді халықтың
кесек тұлғалы батырлар бейнесін
шебер суреттейді. Біз әрбір батыр-
дың жеке сипаттамасынан арғы ата-
бабаларымыздың сыртқы кесек пі-
шіні мен ішкі жан дүниесін, жау-
гершілік заман тудырған айбынды-
лық пен айбарлықтың белгілерін
жақсы аңғарамыз. Бұл суреттемелер-
дің біз үшін этнопсихологиялық мә-
ні де аз емес. Ол сонау алыс дәуір-
ден, көне заман адамының тыныс-
тіршілігінен біраз елес береді. Мә-
селен, «Ер Шобан» атты толғауында
Шалкиіз жырау «алдаспан ауыр
қылыш байлаған, бір ойында (ұрыста)
алпыс ала балта сындырған», дене-
сіне «қан жұқпас қайқы болат өт-
пеген» деп батырлардың ерлігін
әсерлі бейнелейді.
Шалкиіз толғауларында да мораль-
дық-этикалық тақырыпқа бой ұру-
шылық ерекше байқалады. Бұл жұрт-
ты адамгершілік жағынан жетілдіру
арқылы қоғамды жақсартуға бола-
ды дейтін асыл арманнан туындаған
жайт еді. Адам мінезінің әртүрлі
жақтары, оның әрқилы көріністері
жақсы мен жаман адамның бір-бірі-
не қарама-қарсы екі түрлі психо-
логиясы Шалкиіз шығармаларында
көптеп кездеседі. Жақсы адам – қа-
рапайым, қайырымды келеді, әр кі-
сінің байыбына барып әрекет етеді,
бөтенді жатсынбайды, жұртты қадір
тұтып, құрмет ететін ақ көңіл елгезек
жан.
Жақсының жақсылығы сол болар,
Жаманменен бас қосып, Сөйлемекті
Достарыңызбен бөлісу: