551
ТІТІРКЕНУШІЛІК –
организмнің,
оның жеке органдарының, ондағы
жасушаларының физиологиялық кү-
йінің көрсеткіші. Т. қасиеті тірі жү-
йелердің іргетастық қасиеттеріне жа-
тады: оның болуы, жалпы алғанда,
тіршіліктің классикалық критерийі
болып табылады. Ең қарапайым ор-
ганизмдердің тітіркенушілігінің өзі
олардың қозғалысының не
әсер негі-
зіне карай не одан сыртқа қарай бел-
гілі бір бағыттылығымен сипаттала-
ды. Ең қарапайым шартты реакция-
лар түзу қабілетімен бірге бір жасу-
шалар протоплазмасының тітірке-
нушілігі оларда байқалатын барлық
әрекет нысандарының негізі болады.
Сезім органдарының қозушылығы
не тітіркенушілік организмнің оны
қоршаған ортаның объективтік қа-
сиеттерін бейнелеуінің аса маңызды
алғышарты болып табылады: мұның
өзі сезгіштік процестерінің мәні бо-
лып табылады. Тітіркенгіштік – әсер-
ленушілік, қозғыштық. Жүйке жүйе-
сінің әр алуан сыртқы жәке ішкі
әсерлерге тітіркенуі. Төменгі сатыда-
ғы микроорганизмдердегі психика-
ның көрінісі
–
тітіркенгіштік. Тітір-
кенудің өте қарапайым түрі тропизм-
дер. Тропизм
–
«бұрылу» деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: