550
ар етер... Бір жақсымен дос болсақ,
Азбас, тозбас мүлкі етер... Жақсы-
лардың, өзі өлсе де сөзі сау...
Жырау осындай ақ жарқын адал да,
абзал жандардың бақыты жанбай,
еңбегі бағаланбай, жұртқа жақпайтын
кездері де болады деп қынжылады:
Бір жақсысы бар болса, Қоңқалаған
көп жаман, Сол жақсысын көре алмас...
Шалкиіз жыраудың пікірінше, жаман
адам – бұл ішіне сыр сақтай алмай-
тын, дұрыстап ойланып сөйлеу де қо-
лынан келмейтін, басқаның ақы-
лын тыңдауға босқа арланатын, өмі-
рі қулық-сұмдықпен күн кешетін,
дос-жолдас дегеннің не екенін біл-
мейтін, реті келсе адамды сатып ке-
туге дайын тұратын қорқақ, бишара
жан. Жаман адамның мұрнына жақ-
сылықтың иісі де бармайды. Ол өті-
рік айтуға, алдап кетуге, бейім тұра-
ды. Ел басына күн туса, ол өз басын
сағалап жүреді. Осындайлар жөнін-
де Шалкиіз былай дейді: Жаманға
сырыңды қосып сөз айтпа...Жаман
туған бар болса, Жаман жолдас көп
болса, Жазаны содан көрерсің... Қы-
ға шықпас жаманның, Барынан да
жоғы игі... Бір жаманға сөз айтсаң,
Есікті кетер сарт ұрып, Жаманның,
жамандығы сол болар, Сөйлесе дә-
йім бетін қара етер... Ойлап тұрсам
жаманның, Жалаңдаған өз басына ті-
лі жау – деген жолдардан жаман адам-
ның психологиясы қандай болатын-
дығын тану қиын емес.
Достық пен бауырмалдықты, ізгілік
пен ұйымшылдықты адамдардың
бір-бірімен бауырласып, тату өмір
сүруін аңсаған жырау адамның жақ-
сы қасиеттерін ерекше қастерлейді,
жастарға досың мен қасыңды ажыра-
та біл, көлденеңнен кез келгенге сы-
рыңды шаша берме деп кеңес береді.
Ойшыл жырау ылғи да халық мүдде-
сін қастерлейді, ел басшыларының
жұртқа ұнамды болып келуін қалай-
ды, адамгершілігі мол, ер жаужүрек
батыр адамдарды жастарға үлгі етеді.
Достарыңызбен бөлісу: