560
дігінше дәлірек бейнелеу үшін өңдел-
ген, икемді, қозғалғыш, салыстыр-
малы, өзара байланысты, дүниені
қамтитындай, қарама
-
қарсылықтарда
біртұтас болуға тиіс. Бұл қағида диа-
лект, логиканың Ұ. жайлы ілімінің
ең маңызды жақтарының бірі. Ұ.
-
да
тек жалпылық бейнеленгенімен бұл
оның жекеше мен ерекшеге қарама-
қарсылығы деген сөз емес. Жалпының
өзі жекеде ғана өмір сүреді. Жеке
нәрселердің сапалық ерекшеліктері-
нің негізін құратындықтан ол жеке-
ше мен ерекшені түсіндіруге мүмкін-
дік береді. Тұтас алғанда класс жай-
лы жалпы Ұ. негізінде ғана нәрселер-
дің ерекше топтарын, түрлерін және
сондай
-
ақ бұл кластың жеке нәрселе-
рін ажыратып, танып білуге болады.
Ұ. жайлы диалект.–логикалық түсі-
нік қазіргі ғылымдардың даму бары-
сында айқындалады, сөйтіп ғыл. та-
ным әдісінің қызметін атқарады.
ҰҒУ
– адамның білімді, іскерлікті,
дағдыны меңгеріп дүниені тануы.
Мысалы, мектепте оқушылардың
оқу материалдарын әртүрлі дәреже-
де ұғынуы олардың жас және қабі-
лет ерекшеліктеріне байланысты. Ұ.
адамның ақыл-ой әрекетін дамыта-
ды. Нәрсенің ерекшеліктерін, сипа-
тын, қасиеттерін ұқпай тұрып, адам-
да ойлау процесі дамымайды. Ұғым
болмыстағы нәрселер мен құбылыс-
тардың жалпы, мәнді және белгі-
қасиеттерін бейнелейтін ойлау фор-
масы. Ұ. – заттар мен құбылыстар-
дың мәнді белгілері мен ерекшелік-
терін бейнелейтін жалпылаушы ой-
лау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі
ұғымдар жүйесінен құралады. Кез
келген ұғымның мазмұны мен көле-
мі болады және ол қолдану ретіне
қарай өзге ұғымдармен түрліше бай-
ланыста болады. Ұ. дерексіз ойлау
нәтижесі арқылы жасалып, оның маз-
мұны мен көлемі анықталады. Ұғы-
ну – адамның білімді, іскерлікті, дағ-
дыны меңгеру арқылы дүниені тануы.
ҰЖЫМ
(коллектив)
–
топтың ең жо-
ғары деңгейде қалыптасқан түрі. Ұ.
ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақ-
сатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге
асып, әрбір адамның мақсаты қоғам-
дық мақсат-мүддемен ұштасады. Ұ.
бір мақсатқа бағытталған мекемелер-
де жұмыс істейтін аламдардың не-
месе білім беру орындарында оқи-
тын студенттердің, оқушылардың
және т.б. тобы болып та танылады.
Ұ. – қоғамдық пайдалы іспен шұ-
ғылданатын жоғары деңгейде дамы-
ған адамдардың ұйымдасқан тобы.
Ұ.-дағы адамдардың өзара қарым-
қатынасы олардың бірлесіп атқара-
тын қоғамдық істері мен мақсат-
мүддесінің бірыңғай болуында. Ұ. –
бір мақсатқа бағытталған мекемелер-
де жұмыс істейтін адамдардың неме-
се білім беру орындарында оқитын
студенттердің, оқушылардың және
т.б. тобы. Әрбір ұжымның – заман-
ның ағымына қарай дамып, қалып-
тасқан өз дәстүрлері бар (қауымдасу,
көмектесу, қоғамдық іс атқару, той
өткізу, т.б,). Ұжымның дәстүрлері
ұйымдастыруға байланысты жаңа-
рып, толысып отырады. Мысалы, мек-
тепте «Алғашқы қоңырау», «Соңғы
қоңырау», «Ана тілің – арың бұл»
кештерін ұлттық тәрбиемен байла-
ныстырып жаңаша өткізуге бола-
ды. Ұ.-ның дәстүрлері ұжым мүше-
лерінің өз ықыластарымен ұйым-
Достарыңызбен бөлісу: