Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет596/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ
Ұлт деге-
німіз – адамдардың тарихи қалып-
тасқан әлеуметтік-этностық қауым-
дастығының жоғары түрі. Ұлттың 
құрамына кірген адамдардың мате-
риалдық тұрмыс жағдайының, ау-
мағы мен экономикалық өмірінің, 
тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік 
психологиясындағы кейбір этностық
ерекшеліктерінің ортақтығы негізін-
де қалыптасады. Ұлт мүшелерінің 
тұрмыс-салтының, тілі мен дінінің, 
кәсібінің бірлігі нәтижесінде олар-
дың жалпы мүддесі де ортақ болады.
Ұлт болып топтасқан адамдар өз ұл-
тының мүддесін қорғаушы атақты 
адамдарды мақтан тұтады. Оларды 
халық батыры, халық мүддесін қор-
ғаушы ер, азамат деп ардақтайды. 
Ұлттық мақтаныш сезімі отансүй-
гіштік, елжандылық, отаншылдық 
сезіммен ұштасып келеді. Ұлттық 
мақтаныш пен ұлттық намыс
 – 
егіздің 
сыңарындай ұғым. Бұл сол жігерлі 
сана-сезімің, саналы іс-әрекетін ұлт-
шылдық пен ұлтжандыққа келер 
пайдалы нигилизмге кереғар, ұлттың 
ҰЙЫМ
ҰЛТТ


563
намысына кір келтірмеу жолында 
тәрбиелеу – тәрбиешілердің қасиетті 
міндеті.
ҰЛТТЫҚ өзІНДІК САНА
– белгі-
лі ұлт өкілі жеке тұлғаның, ивдивид-
тің өзі туралы сана-сезімі. Қоғамдық 
процестерді этностық тұрғыдан қа-
былдап, оны салт-дәстүр, ұлт тілі, 
ұлттық өнер арқылы салыстырмалы 
түрде тұрақты, ұғынылған және қай-
таланбайтын жүйе ретінде көрінуі. 
Ұ.ө.с. – ұлттық қоғамдық шындықты 
өзінше қабылдап, оны салт-дәстүр, 
ұлт тілі, ұлттық өнер арқылы білдіруі 
Ұ.ө.с. – ұлттық идеологиямен объек-
тивті дүниені және өзінің жеке бол-
мысын ой елегінен өткізуге белсене 
қатысатын адамның психикалық 
процестерінің бірлігін көрсетеді. Ол 
адамның еңбек, қоғамдық-өндірістік 
қызметі барысында пайда болады жә-
не сананың өзі сияқты тілмен тығыз 
байланысты.
Ұлттық өзіндік сана 
жалпы ұлттық сананың ықпалымен 
қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет