Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет598/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   594   595   596   597   598   599   600   601   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҰЛТТ
ҰЛТТ


564
ды. Этнопсихология зерттейтін проб-
лемалар (этностереотип, этноцент-
ризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, 
ұлттық намысалы, ұлттық сана, дәс-
түр, салт, т.б.) сан алуан.
ҰЛТТЫҚ САНА
– ұлтты бір-бірінен 
ажырататын саяси-экономикалық, 
рухани-әлеуметтік және психология-
лық қасиеттер жиынтығы. Ұлттық 
сананың қалыптасуы мен оның да-
муына екі тұрғыдан қарауға болады: 
1) сезімдік, түйсіктік; 2) теориялық 
сана. Біріншісі – өз елін, халқын, 
ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы 
ыстық сезімнен туса, екіншісі – өз 
елінің, халқының, ұлтының өткенін, 
қазіргісін, келешегін толық біліп, 
тексеріп, халық тағдырына, ұлт мә-
селелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті 
әлемдік тұрғыдан теориялық бағыт-
бағдарлама тұрғысынан қараудан 
байқалады. Ұлттық сананың қалып-
тасуына, қолдап қорғауға ұйтқы бо-
латын әр кезде де ұлттық зиялы қа-
уым. Ұлттық сана мазмұны мен фор-
масы жағынан ұлттық өзіндік сана-
дан әлдеқайда күрделі, өрісі кең кө-
лемді келеді.
ҰМТЫЛУ
(талаптану). Ұ. – адам-
ның іс-әрекетті атқаруға талапта-
нып, белсенділігін қуаттайтын ние-
ті. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағ-
дайын нақты болжамдап, көз алды-
на елестете алмаса да, көздеген мақ-
сатына жету үшін күш-қуатын жұм-
сап талаптанады. Талаптанудың (ұм-
тылудың) нақты түрі – арман. Бұл 
қалаған нәрсенің бейнесін қиял ар-
қылы жасау әрекеті.
ҰМЫТУ
(ұмытушылық). Ұ. – қабыл-
дағанды, есте қалдырғандарды қа-
жет болған кезде еске түсіре алмау, 
танымау немесе еске түсіру мен тану-
дың қателесіп жаңылысуы. Ұ. жүйке 
қызметінің күйіне байланысты. Жүй-
ке жүйесі әбден шаршағанда не ау-
руға ұшырағанда, адамда ұмытшақ-
тық басым болады. Ұ. қабылданған 
материалдардың нашарлығына да
байланысты. Жүйке жүйесінің на-
шарлауына орай ұмытшақтық қар-
тайған адамдарда жиі кездесе бере-
ді. Мысалы, әлемге әйгілі табиғат 
зерттеушісі, ғалым Карл Линней 
әбден қартайғанда өзінің 40-50 жыл 
бұрын жазған шығармаларын оқып 
отырып: 
«Шіркін-ай, мен осындай 
шығарманың авторы болсам», – 
деп 
таңырқапты.
Ұ.ес үрдісі ретінде бұрынғы әсер-
лерді және оларды қайта бейнелеу 
мүмкіндіктерін жоғалтумен бай-
ланысты. Адамның ішіп жүрген ке-
зінде ұмытқандары бір кезде жаңғы-
рып, еске түсуі мүмкін. Уақытша 
ұмытуды 
сақтық тежелу 
деп атай-
ды. Ұ.– жүйкедегі тежелу үрдісінің 
дамуы. Адамның бұрынғы істеген 
қызметі қазіргі есте сақтау жұмысы-
на бөгет болса, оны 
проактивтік 
тежелу, 
ал бұрыннан есінде сақтал-
ған материалына кейінгі қызметтері 
бөгет болса, 
ретроактивтік теже- 
лу 
дейді. Мысалы, мұндай жайттар 
мағынасы бір-біріне жақын мате-
риалдарды үйренуде жиі кездеседі. 
Оқу-тәрбие істерінде әсіресе сабақ 
кестесін жасауда осы мәселені ай-
рықша ескеру қажет, яғни біртектес 
пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі 
болып келетін пәндерді араластырып 
отырған жөн.
Ұмытуды алғаш рет Г. Эббингауз 
зерттеп (1885), мағынасыз вербалдық 
материалдың жадта сақталуының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   594   595   596   597   598   599   600   601   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет