Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет600/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   596   597   598   599   600   601   602   603   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҰМЫТ
ҰМЫТ


566
лерге қарағанда, жаттағанды жаңғыр-
ту кейде жаттай салысымен емес, ара-
да бір-екі күн, кейде үш күндей өт-
кеннен кейін толығырақ болатын-
дығы байқалған. Бұл уақыттың ішін-
де жаттаған нәрсе ұмытылмай, қайта 
есте «беки» береді. Әсіресе, бұл кұ-
былыс көлемдірек материалды жат-
тап алу кезінде жақсы байқалады.
И.П.Павлов өзінің тәжірибелерін 
жүргізуде осы сияқты кұбылыстарды 
кездестірген. Кейде өзінің жүргізген 
тәжірибесінің нәтижесі, сол тәжіри-
бе біте салып көрінбей, әлдеқайда 
кейінірек барып көрінетін болған. 
Мұндай жағдайды И.П.Павлов бы-
лайша түсіндіреді: өте ауыр мәселені 
шешерде осыған сәйкес адамның ми 
қабығы клеткалары шаршайды. Тек 
біраз уақыт өткеннен кейін, ми дем 
алғаннан кейін ғана, жүйке система-
сы болған нәтижені көре адады. Қай-
та жаңғыртудың жоғарыда айтылған 
ерекшелігі де жаттау процесінен пай-
да болған шаршау-шалдығудың жо-
йылуынан деп жорамалдауға болады.
Осыдан мынадай бір практикалық 
қорытынды туады: емтиханда немесе 
сабақта тек солардың алдында ғана,
мәселен, сол күні таңертең біліп ал-
ған материалды ғана, бәрінен жақсы 
айтуға болады деп ойламау керек; 
біліп алған материал біраз уақыт 
«сүрленгенде» ғана жауап беру үшін 
едәуір жақсы жағдай туады.
Біліп алған материалды есте сақтау 
көбінесе оқылған материалдан кейін 
іле-шала істейтін жұмыс түріне бай-
ланысты.
Кейде алдыңғы ойдың нәтижесін 
кейінгі әрекет «жуып-шайып» кетуі 
де мүмкін. Мысалы, тарих сабағын 
оқып болып, соның артынша әдебиет 
сабағын дайындаса, соңғы сабақ бі-
ліп алған тарих сабағының материа-
лын адамның есінен ығыстырып шы-
ғуы мүмкін. Осындай теріс әрекет-
тер ұқсас материалдар бірінен соң
бірі қатарласып отырғанда ерекше 
күшті болады.
Осылардан мынадай практикалық 
корытындылар жасауымызға болады:
1.Бір материалды оқып біліп алған-
нан соң екінші материалға шешуде 
әрдайым 5-10 минут үзіліс жасап, өзін 
қандай да болмасын ой қызметінен 
тынықтырып алған жөн.
Жұмысты ұйымдастыруда ұқсас ма-
териалдар бірінен соң бірі қатар кел-
мейтін ету керек. Егер бір кеште ал-
гебра, тарих, әдебиет сабақтарын 
әзірлеу керек болса, онда мына тәр-
тіп: 1) тарих, 2) алгебра. 3) әдебиет, 
мына тәртіптен: 1) тарих, 2) әдебиет, 
3) алгебра, нәтижелі болу тұрғысы-
нан қарағанда әлдеқайда пайдалы.
ҰНАТПАУШЫЛЫҚ 
– қандай да бір 
адамға немесе затқа жеккөрушілік, 
ұнатпай қабылдамаушылық сияқты 
эмоциялық қатынас: адамның қандай 
да бір қасиетін, талғамын немесе да-
уысын және т.б. жақтырмау. Саналы 
немесе санасыз түрде болуы мүмкін.
Басқа біреуді жеккөрушілік сезімі
принципиалды, мысалы, дүниета-
нымдық келіспеушіліктен, сондай-ақ 
басқа адамдардың сыртқы әлпетін, 
мінез-құлық мәнерін, қылықтарын 
қабылдау негізінде де тууы мүмкін. 
Басқа адамның өмір кейпін түсіну, 
оның іс-әрекеті мен тұлғасының 
маңыздылығын білу Ұ.-тың тууын 
болдырмауы мүмкін. Ұ. ұнатушы-
лықка қарама-қарсы өзара түсіністік
пен ынтымақтастық процесін қиын-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   596   597   598   599   600   601   602   603   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет