573
фобиялар
кезінде ауру кісі, әдетте,
өз қорқынышына пәлендей негіз жоқ
екенін түсіне бастап, оларға субъек-
тивтік кінәраттар ретінде қарай бас-
тайды. Ф.-дың: мозофобия (аурудан
қорқу) – канцерофобия, кардиофо-
бия, сотцо-фобиялар (жұрт алдында
орынсыз қызарып кетуден қорқу жә-
не т.б), оңашалау үй-жайда болудан
қорқу және т.б. түрлері бар. Егер
емделуші өз қорқыныштарының не-
гізсіздігін, ақылға салып, анық ұғын-
байтын болса, онда мұның өзі пато-
логиялық күмәнданушылық, яғни қа-
уіп, сандырақтау жағдайына ұласуы
мүмкін.
Білікті
психотерапевтік ша-
ралар арқылы мұндай кінәраттардан
көбіне арылуға болады.
ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ
–
адамның сөздік дыбыстарды талдау
мен біріктіруге қабілеттілігі. Ф.е.
анатомиялық-физиологиялық меха-
низмінде дыбыстарды ажыратуда
басты рөлді «Вернике» орталығында
(мидың үлкен жарты шарының
үштен бір бөлігіндегі қыртыс иірім-
дері) орналасқан
есту-сөйлеу бөлігі
атқарады. оның зақымдануы немесе
жетілмеуі адамның тілдік дыбыстар-
ды ажырата алмау қабілетсіздігіне
апарып соғады (сенсорлық афазия
немесе апатия). Ана тіліне деген Ф.е.
балаларда айналастындағылардың
ауызша сөйлеуін қабылдау және қа-
былданатын үлгіге
сәйкес өзіндік
сөйлеу барысында қалыптаса бас-
тайды. Сөздерді айту дыбыстың диф-
ференциалдық қасиеттерін бөліп,
жалпылаудағы және оларды есте сақ-
таудағы ең тұрлаулы шарт. Фоне-
матикалық естуді дамыту үшін бала-
лармен айтылатын сөздердің ішінен
кейбір дыбыстарды саналы және ерік-
ті түрде
бөліп алып, сөйлеу дыбыс-
тарын салыстырудың маңызы зор
(4-5 жас аралығы). Ф.е. механизмі оқу
мен жазу барысында қайта құрыла-
ды.
Басқа тілдерді оқу барысында
Ф.е. сол тілмен қатар ана тілінде де
дамып отырады.
ФОТОРЕЦЕПТОР
(грек.
рhotos –
жарық. және лат.
receptor –
қабыл-
даушы) – көру жүйкесінің жарық қа-
былдау аппараттарының жасушала-
ры. Адамдарда ол ядроларымен және
тармақтарымен оптикалық аффе-
рентті жолда алғашқы шеткі нейрон-
ды құрайтын таяқшалар мен шақша-
лар. Ф. сыртқы мүшелерінде орна-
ласқан көру пигменттеріндегі фото-
химиялық
процесс арқылы жарық
тітіркендіргіштерін қабылдайды.
Таяқшалар шақшадан жіңішке (олар-
дың сыртқы мүшелерінің диаметрі 2
мк-ге жуық), бірақ ұзын (шамамен 60
мк) болады. Таяқшалар өте көп, олар
торлы қабықтың шет жақтарында
тығыз орналасады. Зерттеушілердің
айтуынша, таяқшалар ымырт және
түнгі
көрудің ақпараты болып са-
налады. Шақшалар таяқшалардан
қысқа, олардың торлы қабықтың
шеттерінде диаметрі үлкейеді (6-7
мк-ге жуық). Олар торлы қабықтың
ортасында
тығыз орналасады және
күңдізгі көрудің аппараты болып са-
налады. Торлы қабықтың ортасында
тек шақшалар болады, бірақ олар бұл
жерде жіңішке, сыртқы мүшелерінің
диаметрі 1-1,5 мк.
Достарыңызбен бөлісу: