574
профессоры, сана түкпіріндегі құ-
былыстардың алғашқы зерттеушісі
(1938 ж. Ұлыбританияға қоныс ау-
дарды).
ХІХ ғ. соңында невроздарды емдеу-
дің ерекші әдісін – психоанализді –
еркін ассоциациялар, қате әрекеттер,
ескертулер мен түс көрудің анализін
ойлап тапты. Кейінірек Ф. оны сана
түкпіріне
ену тәсілі ретінде интер-
претациялап, содан кейін осы негіз-
де өзінің жалпыпсихологиялық пси-
хиканың сананың үздіксіз конфликті-
лі өзара әрекеттестік сана түкпірін-
дегі елігу теориясын ұсынды («Түс
жору», 1900).
Ф. бойынша сана түрлі сөздерде,
әзілде, жаңылыс сөзде, жаңылыс жазу-
ларда көрінетін сана түкпіріндегі елігу-
лерді үздіксіз басып отырады (әсіресе
сексуалдық) (Күнделікті өмірдің
психопатологиясы»,1901). Кейірінек
Ф. ойы әлеуметтік мәдени мәселелер
айналасына шоғырланды («Бұқара
психологиясы және адами «Меннің»
дамуы», 1924; «Өркениет
және оған
көңілі толмайтындар», 1939).
ФРЕЙДИзМ
– австриялық ғалым
Зигмуңд Фрейдтің (1856-1939) есімі-
мен аталатын психологиядағы бағыт.
Зерттеу ілімі психоанализ деп ата-
лады. Ф. XX ғасырда психологияда
кең таралған ағым. З.Фрейдтің зерт-
теуі бойынша, адам мінез-құлқының
қозғаушы күші
мен шешуші факто-
ры, жыныстық елігу болып табы-
лады. Мұндай елігу мен сезім әре-
кетін ол санадан тыс табиғи қажетті-
лік деп санады. Бұл адам тірші-
лігіндегі биологиялық процесс болса,
психиканың
дамуы мен оны бас-
қару әлеуметтік фактормен де ай-
қындалатыны ескерілмеді. Адам бо-
йындағы белсенділік әрекет табиғи
әрі биологиялық құбылыс деп сана-
лады. Шетелдік психологтар Фрейд-
тің көзқарасын орынсыз деп сана-
ғанымен,
кемшілігін ашып көрсете
алмады. Олар фрейдизмді ғылым
жетістіктеріне бейімдемек болып,
«жаңа фрейдизм» деген ағым шы-
ғарды. Бұл ағым бойынша: адам тір-
шілік еткен ортасына тәуелді болып,
сол ортаға бейімделгіш келеді.
ФРУСТРАЦИЯ
(лат.
frustatio –
ал-
дау) – межелі істің жүзеге аспай қа-
луы дегенді білдіреді. Жоспарланған
ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себеп-
тер мен кедергілерге ұшырап, адам-
ның көңілі құлазып, бойын ашу-ыза
кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қана-
ғаттанбаушылық сезіммен жан дү-
ниесі қиналады, адамның сезімі мен
эмоциясы жағымсыз күйге ұшырай-
ды. Ф.-лық жағдайдағы көңіл күй
өшпенділік, қаһар, ыза тудырады. Ф.
адамның көңіл күйінің
кейпін біл-
діретін жайттың бірі.
ФУНКЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
. Ф. ж-ні
орыс физиологі П. К. Анохин (1898-
1974) зерттеді. Ол адамның мінез-
құлқын реттейтін тұжырымдама ұсы-
нады. Тұжырымдамада функциялық
жүйенің үлгісі ретінде кең тарады.
Тұжырымдама бойынша адам қор-
шаған әлемнен тыс өмір сүре алмай-
ды, адам үнемі
сыртқы фактордың
ықпалында болады. Кейбір фактор-
дың әсерін адам сезінбейтін немесе
нашар сезінетін болса да,
ерекше
әсер етеді – адамға жауап қайтаратын
реакция туғызады. Бұл жауап қайта-
ратын реакция бағдарлау реакция-
сымен сипатталады және адамның
Достарыңызбен бөлісу: