ФЕНОТИП (грек. phaino – байқай-
мын және typos – таңба, нысан, үл-
гі) – организмнің бақылауға келетін
кез келген морфологиялық, физика-
лық, мінез-құлықтық нышаны. Тер-
минді 1909 жылы даниялық биолог
В. Иогансен ұсынған. Ф. генотип
пен ортаның өзара әрекеттестігінің
өнімі болып табылады; алайда
ұйымдасуының әр түрлі деңгейінде
(клеткалық, органдық, организмдік)
Ф. пен генотиптің арақатынасы әр
түрлі. Адамның әлеуметтік сипатта-
маларында жиынтығы Ф. терминімен
белгіленбейді.
ФИзИОГНОМИКА – өткен ғасыр-
дың 20-жылдарында ғылыми білім-
дерде өріс алған адамтану ғылымы-
ның практикалық мәні бар саласы.
Ф. Адамның сыртқы табиғи қимыл-
қозғалыстарына тұлғаның жеке ере-
кшелігін, мінезін адамның сыртқы
келбетімен байланыстыра зерттей-
тін сала. Ол сол кездері хироман-
тия, френология, графология ілім-
дерімен сабақтастыра баяндалатын.
Қазақ топырағында бұл мәселені
Ж.Аймауытов өзінің «Психология»
кітабында тұңғыш көтерген еді.
Адамның өмірінде әртүрлі ырықсыз,
ырықты қозғалыстардың алатын
орны зор. Мұндай қозғалыстар жүріс-
тұрыстан, бет құбылыстарынан (ми-
мика, пантомимика, әртүрлі дене
қозғалысы) ерекше көрініс табады.
Мәселен, тек қана бет пен көздің
өзінде оның сан алуан көріністерін
жиі байқауға болады.
Ә.Болғанбаевтың «Синонимдер сөз-
дігінде» (Алматы, 1965) бет пен көз-
дің әрқайсысының 40-тан астам си-
нонимдері тіркелген. Орыстың ұлы
жазушысы Л.Н.Толстой өзінің «Со-
ғыс және бейбітшілік» атты романын-
да өз кейіпкерінің көз, ауыз, беттің
әртүрлі жықпылдары, қас, кірпік,
шықшыт т.б. 98 түрін өз кейіпкері-
нің (Наташа Ростова, Пьер Безруков
т.б.) психологиясын көрсетуге шебер
қолданғанын ұлы жазушыны зерт-
теушілер ерекше атап өтеді.