568
ҮЙРЕНУ
– адамның белгілі бір бі-
лім жүйелерін, тиісті қимыл-қоз-
ғалыстар мен амалдарды меңгере
алуы. Адамның негізгі үйренетін нәр-
сесінің бірі – білім. Үйренудің адам
және жануарларға ортақ негізгі үш
түрі бар; сенсор, мотор, сенсо-мотор.
Адамға тән үйренудің түрін когни-
тивтік үйрену деп атайды. Сенсорлық
үйрену арқылы – білім, моторлық үй-
ренумен – дағды қалыптасады. Бірне-
ше үйренудің қиысуы, мақсатқа сай
әрекет ету, ойлаудың жоғарғы түрінің
қалыптасуына мүмкіндік береді. Ү.-
лер – адамның білімді, үйренулер
мен дағдыны меңгеру үрдісі және
нәтижесі.
ҮЙРЕНШІКТІ зЕЙІН
– зейіннің
ерекше түрі; қажетті әрі құңды бо-
лып саналатын объектіге адам сана-
сының шоғырлануы. Ол қызығу не-
гізінде қалыптасады. Ү.з. ырықты зе-
йіннен дамып қалыптасады. Бірақ
бұл нәрсенің қасиетіне емес, адам-
ның тіршілік мақсатына, мүдделі
әрекетіне байланысты. Зейіннің қай
түрі болсын, іс-әрекеттен нәтиже
шығаруға бағытталады. Егер адам
жұмысты өздігінен беріліп істесе,
ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ
жұмысты тікелей қызығып істей бе-
ру де оңай емес. Мұндай жағдайда
ырықты зейінге орын беріледі. Адам-
дар жұмыс істегенде зейіннің ырық-
ты және ырықсыз түрлерін қарасты-
ра отырып, үйреншікті зейін жұмыл-
дыруды әдетке айналдыруы қажет.
ҮЛКЕН ТОП
– қандай да бір абст-
ракцияланған әлеуметтік-демогра-
фиялық белгіге (жынысы, жасы, ұл-
ты, кәсіптік бағдарлығы, әлеуметтік
немесе экономикалық жағдайларына
және т.б.) негізделе және сандық
құрамы үлкен адамдардың әлеуметтік
бірлестігі. Психология ғылымында
топтың, адамдардың санына байла-
нысты түрі ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: