565
уақытқа тәуелділігін эксперименттік
тұрғыда анықтады. Бұдан кейінгі
зерттеулер ұмыту қарқынының есте
сақталатын материалдың көлеміне,
оның мазмұны мен ұғынылу дәре-
жесіне, есте сақталатын және интер-
ференттелетін материалдың ұқсас-
тығына, есте сақталатын материал-
дың мәнділік дәрежесі мен оның
субъектісінің қарекетіне қамтыла-
тындығына және т.б. байланысты.
Қайсыбір материалды еске түсірудің
мүмкін еместігі оның мүлдем ұмы-
тылғандығын білдірмейді: мате-
риалдың нақты нысаны ұмытылады,
бірақ оның субъект үшін мәнді маз-
мұны сапалық өзгерістерге ұшырап,
субъекттің тәжірибесіне қосылады.
Интерференциялық теорияларға
сәйкес ұмыту проактивтік және
ретроактивтік ентерференцияның
ықпалымен жад ізінің өшірілуінің
салдары болып табылады. Р. Аткин-
сон бойынша ұзақ мерзімдік жад
мәңгі, ал ұмыту былайша болады:
еске түсірудің кілті сынама ақпарат
болып табылады, осының арқасында
ұзақ мерзімдік жадтың қоймасында
тиісті іздеу жинағының белсенділігі
күшейеді: сынама ақпараттың лайық-
ты таңдалмауы және одан кейінгі сәт-
сіз қайта жанғырту ұмытуға әкеп
соғады. Бірақ бұл теория да осал,
өйткені ұмытудың барлық феномен-
дерін түсіндірмейді.
Қазіргі уақытта жадтың ұмыту фено-
менің түсіндіретін психологиялық
теориясының жасалу келешегі дәс-
түрлі іздер доктринасымен байла-
нысты емес, жад туралы осы сөздің
өз мағынасындағы іс-әрекет ретінде-
гі түсінікпен байланысты.
ҰМЫТШАҚТЫҚҚА ҚАРСЫ
КҮРЕС.
Біздің әдейі немесе әлде-
қалай жаттап алғанның барлығы
бірдей мәңгі есімізде қала бермейді,
көбін ұмытамыз.
Ұмытшақтық – біртіндеп дамитын,
ұзақ процесс. Ұмытшақтыққа қарсы
ойдағыдай күресу үшін мынадай не-
гізгі ережелерді ескеру керек:
1)Ұмытшақтықпен күресте қолданы-
латып негізгі шара – қайталап отыру.
Қайталап нығайтылмаған білімдер-
дің қандайы болса да бірте-бірте
ұмытылады; 2) Ұмытшақтық жатта-
ғаннан соң-ақ кешікпей басталады,
әсіресе бастапқы кезде тез ұмытыла
бастайды. Егер жаттап алғаннан соң
5 және 10 күнней кейін еске түсіріп
көрсе, бастапқы 5 күнде ұмытылғаны
кейінгі бес күнде ұмытылғанынан
едәуір артық болады; 3) Жатталған
нәрсені ұмытып кеткең соң қайталау
пайдасыз, ұмытпай тұрып қайталау
керек. Орыс халқының белгілі педа-
гогі және психологі Ушинскийдің ай-
туы бойынша «үйді құлаған соң оң-
дамай, үйдің негізін нығайтып отыру»
керек. Ұмытпау үшін жеңіл-желпі пы-
сықтаған жеткілікті, ал ұмытылғанды
қайта жаңғыртуға көп жұмыс керек.
Екінші және үшінші пункттерде ай-
тылғанды еске ала отырып, мынадай
қорытынды жасауға болады: оқыған-
нан соң көп уақыт жібермей өткенді
қайталау керек, өйткені жаттаған
нәрсе жаттағанның соңынан іле-ша-
ла тез естен шығады.
Жаттаған нәрсе жаттағанның соңы-
нан іле-шала тез ұмытыла бастайды
дедік. Бірақ мұны әрқашан жаттап
болысымен іле-шала ұмытыла бас-
тайды деп ұғынбау керек. Тәжірибе-
Достарыңызбен бөлісу: