Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет597/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ 
– бүкіл 
халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік 
нормаларды жан жүйесі тұрғысынан 
баяндау – ғылыми этнопсихология-
ның ілкі бастауы болып табылатын 
халықтық психологияның зерттеу ны-
саны болып табылады.
Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жи-
нақталып, жүйеге түскен ұлттық дәс-
түр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-
ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адам-
гершілік, ақыл-ой, эстетикалық, ең-
бек, дене, т.б. тәрбие түрлеріне қа-
тысты таптаурынды нормалар мен 
принциптер, яғни белгілі бір этностың, 
жалпы мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі 
астарлары сөз болады. Халықтық 
психология – психика мен мінез-құ-
лықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп
не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, 
мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дә-
уірдің жемісі.
Халықтық психология – адамдардың 
қоғамдық және жеке тәжірибесінен, 
өмірдегі пайымдауларынан туын-
дайтын қарапайым психологиялық 
білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез-
құлқының көптеген жақтарын қам-
тып, белгілі этностың өзіне тән пси-
хикасы жөнінде біршама мәнді 
мағлұматтар беретін ілім-білімдер-
дің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы 
ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, 
адам психологиясын ажыратуға жөн-
ді жарай бермейді. Мұндай жағдайда 
біз тек ғылыми психологияның тео-
риялық мәселелерін зерттеумен этно-
графиямен астарласа дамыған этно-
психология атты ғылым саласы шұ-
ғылданады. Этнопсихология – әрбір 
халықтың рухани әрекетін (миф, 
фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-
ғұрып, діл, дін, т.б.), жемісін сол ха-
лықтың психологиясын, сана-сезімін 
көрсететін негізгі өлшемдер деп 
есептейді. Этнопсихология жеке ғы-
лым ретінде ХІХ ғасырдың орта ше-
нінде Ресейде, кейінірек Батыс Еу-
ропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, 
Вундт, т.б.) пайда болды. Қазақ то-
пырағында бұл мәселемен көбірек 
айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. 
Оның еңбектерінде «халық рухы» 
дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны 
«халықтық психология» ұғымының 
синонимі деуге болады. Бұдан бір-
туар ғұлама ғалымның еуропалық 
этнопсихологтардың еңбектерінен 
біршама хабардар болғаны байқала-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет