түртіндісін
қондыра салып, отырып қалды («Оқыған
азамат»).
Өзі жасамағанмен,
қыдырмашы
(«ауыл-ауылдардан кел-
ген бөтен
қыдырмашылар
жоқ» – «Оқыған азамат»),
соғымшы
сияқты сөздер де жаңадай сезіледі.
Осы жерде бір нәрсені ескертуге болады. Ол – қай жазушы-
ның болмасын, көркем шығармаларында жасанды сөздерді
кемде-кем ұсынатындығы. Мұның, сірә, бірнеше себебі болу
керек. Алдымен, зәрулік (ғылыми терминдер жасаудағы
сияқты) онша зор болмайды, екіншіден, жаңа ұғымды, соны
танымдарды көркем шығармада бір сөзбен атамай-ақ, сурет-
теп (аналитикалық тәсілмен) беруге бо лады, суреттеме атау
әрі түсінікті, әрі әсерлі, бояулы бо лып шығады. Үшіншіден,
жаңа тұлға өзінің бейтаныстығымен, жасандылығымен көркем
тігіске жатық түспей, шырық бұзып тұруы мүмкін. Сондықтан
жазушының қай-қайсысында да өзі жасаған жаңа сөздер
жүздеп емес, бес-ондап қана саналады. Ал Мұхтар Әуезовтей
сөз қазынасын түгел игерген, әрбір сөзге ерекше мән бере
білген, әр нәрсені атауға, суреттеуге, баяндауға келгенде, тілді
икемдей алған қас шебер жасандылыққа көп бармаған.
Тілді икемдей білу дегенде (бұл да – «сөз таңдау»-дың бір
амалы) М.Әуезов әңгімелерінде көзге түсетін даралық (ин-
дивидуалдық) мәнердің бірі – мағыналас (синоним), кейде
тіпті тақырыптас сөздерді қосарлап келтіру. Мыса лы: 20-жыл-
26
дардағы әңгіме-повестер тілінен
әбігер-машақат, ауыл-ау-
дан, саяқ-сандырақ, жұт-жалаң, тыным-тыныштық, күлі-
сіп-сыңқылдасып
сияқты сөз жұптарын кездестіреміз. Бұл
тәсіл сөз экспрессиясын күшейте түсу үшін де, жинақтап атау
үшін де, қысқасы, көркемдік үшін ұтымды келеді. Жазушы
осыны жақсы сезген. Бұл амалды Мұхаң кейінгі көркем ту-
ындыларында да, «Абай жолы» эпопеясында да, тіпті пу-
блицистикасында да молынан қолданған. Мәндес сөздерді,
синонимдерді қосарлап жұмсауға Ғабит Мүсірепов те еркін
барғанын, қазақ әдеби тілінде мұның көріктеу амалының біріне
айналғанын айтуға бо лады. Ал бастауын, сірә, 20-жылдардағы
көркем прозадан алғандығы байқалады.
«Сөз таңдаудың» үлкен саласына өмір шындығын, атап
айтқанда, қазақ халқының ұлттық болмысын шынайы көр-
сетуде этнографизмдер деп аталатын ұлттық әдет-ғұрып,
салт- дәстүрге қатысты сөздер мен тіркестерді дұрыс танып,
дәл тауып қолдану жатады. Білім-таным үшін де, тіл ғылымы
үшін де мұның маңызы зор екендігін осы тақырыптың ар-
найы кеңінен зерттелгендігі дәлелдейді. Бұл жерде біз Ербол
Жанпейісовтің монографиялық еңбектерін атаймыз
8
.
Бұл еңбектерде зерттеуші негізінен М.Әуезовтің «Абай
жолы» эпопеясы тілінде орын алған этнографиялық іздерді,
көне сөздер мен бұл күнде сирек қолданылатын сөздерді
(алғашқы кітапта сондай-ақ шығыс тілдері мен орыс тілі
сөздерін) талдап, олардың беретін мағынасын, шыққан түп-
төркінін көрсетеді. Бұл лексикалық, этимологиялық ізденістер
көп мәлімет береді. Жазушының сөз қазынасын игеруге
көмектеседі, сөзқолданыстағы шеберлігін тануға септігін
тигізеді, сөз таңдау принциптерін айқындауға жол ашады.
Ал этнографизмдерді іздеп, таңдап, талғап жұмсауды
М.Әуезов «Абай жолынан» да бұрын бастаған. Жазушы «Абай
жайын зерттеушілерге» деген 1940 жылы (яғни әлі «Абай
жолы» эпопеясы толық дүниеге келмеген кездің өзінде) жазған
мақаласында: «Белгілі бір заманды дұрыс әңгімелеу үшін
зерттеушілерге (біздіңше, жазушыларға да) өзгеше бағалы,
8
Жанпейісов Е. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі (тарихи-
этимологиялық байқаулар). - Алматы: Ғылым, 1976; Этнокультурная лексика ка-
захского языка (по материалам произведений М. Ауэзова). - Алматы: Наука, 1989.
27
өзі соны және үлкен ғылымдық, тарихтық қасиеті зор бір алу-
ан істер бар», – дегенінде, сол істердің бірі етіп этнографияға
қатысты салт-дәстүр, ырым-рәсім атауларынан бастап, «ер-
тұрман, қару-сайман, жылқының таңбасы, қойдың ені, үй
ішінің ою-кестесі» атауларын білу қажеттігін ескертеді, осы-
ларды дұрыс құрастырсақ, заман ды, айталық, Абай заманын,
«көп сынық айнаны жамап барып танығандай, дұрысырақ та-
ныр ек», – дейді. Осы айтқанын жазушылық «бісмілләсінен»
бастап ұстанған. 20-жылдардағы әңгімелерінде
Достарыңызбен бөлісу: |