18
Сөйтіп, қазақтың ұлттық жазба тіліндегі көркем проза
өткен ғасырдың соңғы ширегінен бастау алып, XX ғасырдың
басында шағын әңгіме түрлерінде жандана түскенін, ал роман
жанрының үстіміздегі ғасырдың 10-20-жылдарында дүниеге
келгенін білеміз. Тайыр Жомартбаевтың
1912
жылы
жарық
көрген «Қыз көрелік», Спандияр Көбеевтің 1913 жылғы
«Қалың мал», Сұлтанмахмұт Торыайғыровтың осы мезгілде
шыққан «Қамар сұлу» шығармаларын қазақ романдарының
жаңа көктей бастаған өркендері деп танып келеміз. Бұлардың
да тілін әр қырынан, әсіресе тілдік-стильдік тұрғыдан зерделеу
қажеттігі де даусыз.
Ал шағын әңгіме жанрының дүниеге келуін, сірә, Ыбырай
«Хрестоматиясынан» бастауға болар. Тіліне келгенде, оқу
құралы ретінде мектеп балаларына арналып жазылған, дәлірек
айтсақ, түзілген «Киргизская хрестоматиядағы» Ыбырай әңгі-
мелерінің тілдік-стильдік бітімі мен Б.Майлиннің 10-жылдар-
дан бастап көріне бастаған әңгімелерінің немесе 1921 жылдар-
дан бастап оқырман назарына ұсынылған М.Әуезовтің әңгі-
ме-повестерінің, Ж.Аймауытов
әңгімелерінің тілін, олардағы
«сөз құдіретін» бір қатарда қарауға болмайтындығы да даусыз.
Бұл «арақашықтық», әрине, олардың тілдерінің бір-бірінен
«артық-кемдігінде» емес, сипатында.
Бұл кітапта біздің таңдаған тақырыбымыздың бірі – қазақ
көркем прозасы тілінің басталған тұсы, алғашқы кезеңі, оның
өзінде де М.Әуезовтің 20-жылдардағы әңгіме, повестерінің
тілдік-стильдік кейбір сипаттары ғана. Сондықтан қазақ про-
засы тілін тарихи хронологиялық тәртіппен жүйелеп, сатылап,
жан-жақты талдап, баяндау міндетін алдымызға қоймадық
(ол – жеке-дара монографиялық ғылыми ізденістің тақырыбы
екендігін дәлелдеп жатпалық).
Қазақтың көркем прозасының
әдебиет жанры ретінде
белгілі бір мерзімде, нақты бір авторлардың шығармаларынан
басталатындығын айта отырып, оның «сүйегі» әріде жатқанын,
яғни тұтқиылдан, «тақыр жерден» пайда болмағандығын да
баса айту қажет.
Қазақ прозасының көктей бастаған «қылтанақтарының» өзі
көркем жазба үлгілерге тән қасиеттердің басты-бастыларын
19
бойына дарытқан деп тануға болады. Атап айтқанда,
сөзді
таңдап жұмсау, айтылмақ ойды баршаға түсінікті, әсерлі етіп
жеткізу, бір нәрсені жай хабарлау емес, суреттеу, ол үшін көрік-
теу тәсілдерін қолдану, синтаксистік нормаларды біршама дұ-
рыс сақтау сияқты сипаттарды Ыбырай әңгімелерінен де,
С.Көбеев повесінен де т.б. табуға болады. Мысалы, ЬІ.Алтын-
сарин прозасының тілі шағын көркем әңгімелердің нағыз жаз-
ба үлгілерін танытады. Бұл жерде бір нәрсені қатты ескерту
қажет: Ыбырайдың шағын әңгімелерінің көбі Паульсонның
хрестоматиясынан алынғанымен, олар –
орыс тілінің таза
(тікелей) аудармасы емес, яғни әңгіме көркем аударманың тілі
ту ралы болмасқа керек. Педагог-жазушы бұл еңбегін – хресто-
матиясын – әрі мектеп балаларының оқу кітабы, әрі «жалпы
халықтың оқуына жарайтын кітап» болуын көздеп ұсынған.
Демек, барлық әңгіменің авторы – Ыбырайдың өзі.
Жазба дүниенің бұл жанры талап ететін амал-тәсілдердің
денін автор тұңғыш рет өзі ұсынған. Айталық, төл сөз бен ав-
тор сөзін қиюластыру, диалогтерді беру тәртібі сияқты амал-
дар дәл қазіргідей сындарлы болмағанмен, қабылдауға жеңіл,
түсінікті, жатық түрде келеді. Мұнда, ең алдымен, синтаксис-
тік құрылымдардың тілдің струк туралық тәртібіне де, көркем
сөз нормасына да негізінен сай түсетіні байқалады: балаларға
арналған әңгіме жанры болғанымен, текст тым келте жай
сөйлемдерден гөрі, көбінесе басыңқы, бағыныңқылы құрмалас
сөйлемдермен келеді:
Достарыңызбен бөлісу: