16
«Кері алфавиттік сөздік» деп аталатын үш түрлі сөздік бір кітап
болып жарық көрді. Сөйтіп, Әуезовтің ұлан-ғайыр мұрасының
барлық сөз қазынасы алфавит ретімен жиілігі, қай кітапта,
оның қай бетінде, ол беттің қай бөлігінде (әр бет бес бөлікке
бөлініп көрсетіледі) екендігі
туралы мәлімет қолымызға
тиді. Сонымен қатар «Үлестірімді-алфавиттік жиілік сөздік»
дегеннің материа лы да компьютерден шығып, дайын тұр. Бірақ
көлемді материалды жарыққа шығаруға қаржы тапшылығы
қолбайлау болып отыр.
Жоғарыда айттық, фразеологизм дүниесі – тілдің байлығын
да, образдылықты да танытатын ерекше элементтер. Олар-
ды жазушы бүкіл шығармашылығында молынан пайдала-
нып отырған, жүздеген фраземаны өзі жасаған. Міне, осы-
ларды
есепке алып, жиілік сөздік арқылы көрсету жұмысын
да жүргізу қажет. Осы жұмыстардан кейін «Әуезов тілінің
түсіндірме сөздігі» және «Әуезов тіліндегі фразеологизмдердің
сөздігі» жасалмақшы. Бұл – әрине, өте күрделі, қиын, үлкен
жұмыс. Бірақ болашақта істелуге тиісті шаруа.
Міне,
заманымыздың ұлы жазушысы, дана ойшылы, ірі
ғалымы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің қазақ әдеби тілі
тарихындағы
еңбегі мен орнына, қаламының тілдік-стильдік
феноменіне байланысты айтылуға тиісті,
айтыла беретін көп
ойлар мен ұсыныстардың бір парасы ғана осындай.
Тілге қатысты М.Әуезов көрсетіп кеткен жұмыстар мен
міңдеттердің, ақыл-кеңестердің,
ұсыныс-тілектерінің, сын-
сынақтарының баршасына ден қойып, дұрыс ұғынып,
солар
бойынша да әрқилы жұмыс жасасақ, ұлы ұстаз алдындағы
парызымызды өтей түсер едік дейміз. Енді әрі қарай ұсынып
отырған кітабымыздың тақырып
ыңғайына орай көрсетілген
міндеттердің бірді-екісіне көңіл аудартамыз.