9
көшбастаушыларының зоры. Ол: «Қазақ көркем прозасы рево-
люциядан бұрынғы кезде үлкен табыс, дәстүрге жетпегеніне
қарамай, қырық жыл ішінде (мақала 1957 жылы жазылған.
–
Р.С.)
анық, зор өріске жетті», – деп жазса, осы тұжырымды
қазақ көркем прозасының тіліне де қарата айтуға болады.
Тілді де сол «анық, зор өріске»
шығарушылардың топ ба-
сында М.Әуезовтің өзі тұрды. Сол себептен М.Әуезов тілінің
көркемдік-эстетикалық сипатын танумен қатар,
оның қазақ
әдеби тіліне сіңірген еңбегі, даму барысындағы орны, салған
жолдары мен көрсеткен үлгілері деген тәрізді әңгімелердің
бүгінгі ғылым-білімімізде орын алуы және қисынды.
Жазушының тілге, оның ішіңде ана тіліне, оның өткені мен
бүгінгісіне, даму жолы мен бағытына деген көзқарасын біліп
барып, сол жазушының өз творчествосының тілін талдап-тану
дұрыс болмақ.
Әдетте, «жазушы тілі» дегенде, ең алдымен, ойға оралаты-
ны да, іздейтініміз де – оның
Достарыңызбен бөлісу: