Сабақтың тақырыбы : Қазақтың ұлттық әйелдер бас киім Білімділігі:Ұлттық баскиім түрлерін таныстыра отыра, тарихына көз жіберу



бет1/2
Дата13.02.2017
өлшемі0,79 Mb.
#9257
түріСабақ
  1   2
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,

Ақ кимешек жоғалса.Нені көрем?



М. Мақатаев


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық әйелдер бас киім

Білімділігі:Ұлттық баскиім түрлерін таныстыра отыра, тарихына көз жіберу;

Дамытушылығы: Ісмерлік өнеріне баулу;

Тәрбиелігі: Ұлттық қолөнерімізді құрметтеуге тәрбиелеу,эстетикалықталғамын ұштау.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: 1.Түсіндірмелі - иллюстрациялық.

2.Зерттеушілік, интеллектуалдық талдау

Педагогикалық технология: Дамыта оқыту

Көрнекіліктер: Ұлттық бас киім түрлері ( плакат) , бас киім бұйымдары. слайд

Нақыл сөздер: «Дос басыңа қарайды, дұшпан аяғыңа қарайды».

Сабақ ұраны: «Өнер өлмес жалғасын тапса...».

Пәнаралық байланыс: тарих ,бейнелеу, сызу, әдебиет.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңіСәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушыларды тексеру, сабақ ұранымен таныстыру, нақыл сөздердің мәнін ашу, талқылау, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Жаңа тақырып. Сыныпқа сұрақ қою.(Ой толғау)

1. Ұлттық бас киімдердің қандай түрлерін білесіңдер?

2. Бас киімдер қалай, неге байланысты жіктеледі?

3. Бас киімдер тігуде қандай материалдар, маталар қолданылады?

Оқушылар шығармашылығы: (зерттеу жұмыстары)

1-ші оқушы. Қыздар тақиясы.Қыздар киетін тақия қолданылуына байланысты түрлі маталардан тігілген. Тақия түсі сырт киімге бешпентке не камзолға сәйкес болған. Етегі де жоғарғы бөлігі де алтын не күміс паршамен оюланады, кейде сәнді жіптерден зер төгіледі. Қыздар тақиясының жоғарғы жағы дөңгелек конус немесе төрт қырлы пирамида түрінде болып келеді. Төбесіне міндетті түрде үкінің не тотының қауырсыны тағылады. Сәнді тақияға шашақ тағылып , кесте салынып, оқа жүргізіліп, қыздардікіне үкі тағылып, теңге, моншақтар тігіліп, жиектері шашақталып жасалған.

Тақияма таққаным тал-тал моншақ,

Кер биеге жарасар кер құлыншақ...

Тұсынан ауылыңның өттім, кеттім

Үкіңді шекеңдегі бермей кеттің... (Халық өлеңінен)


2-ші оқушы. Бөрік.Ұлттық бас киім ішіндегі ең әдемі саналатыны бөрік - әйелдер де, еркектерге де арналған түрлері болады. Бөрікті қазақ жылдың қоңыр салқын, аумалы-төкпелі кезеңдері – көктем мен күзде киген. Өйткені ол киіп жүруге әрі жылы, әрі жеңіл. Бөрік үшін міндетті түрде қымбат терілер қажет. Қазақта бөріктің атауларын қандай аң терісінен «тігілгеніне» қарай атау дәстүрі бар. «Сусар бөрік», «Құндыз бөрік», «Кәмшат бөрік» деген атаулар содан қалған. Бөріктің төбесі көбінесе алтысай (қиық), төрт сай болып келеді. Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді.Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары ұшбұрыш тәрізді, етек жақтары тік төртбұрыш болып келеді.

Қамқаның бөрік кидім қиығынан,

Біреуге біреу күлер миығынан...

Басында түлкі бөрік түбіттеген

Болар ма сенен артық жігіт деген.

Сермейсің жел сөз десе емін-еркін,



Басыңа жарасады кәмшат бөркің! (Халық өлеңі)

3-ші оқушы..


Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы:
caf -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас» Сабақтың мақсаты
caf -> Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шілде» өлеңі Сілтеме
caf -> Мақсаты: Балаларды шығарманы мазмұндауға үйрету. Міндеттері
caf -> «Көңілді қыс» Возрастная группа дайындық топ Білім беру бөлімінің №1 сәбилер бақшасы Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын Ашық сабақ Тақырыбы: «Көңілді қыс» Дайындық
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
caf -> Сабақтың барысы. Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады
caf -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет