Р. Сыздык 6-том indd


лингвистикалық стилистика



Pdf көрінісі
бет3/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

лингвистикалық стилистика 
деп аталатын ғылым
саласының талабына сай зерделеп, таныту – білім-ғылымы-
мыздың кезектегі игі істерінің бірі болуға тиіс деп санаймыз.
Кітап екі бөлімнен тұрады: алғашқысы – жоғарыда аталған 
қалам иелерінің белгілі бір (түгел емес) шығармаларының 
тілдік-стильдік бітімін сипаттауға, соңғысы – қазақ тіліндегі 
көркем әдебиет стилі, оның тілін зерттеу мәселелеріне арна-
лады.
Көркем туындының тілін лингвистикалық стилистика 
тұрғысынан талдау дегеніміз – тілдің жеке бірліктерін (един-
ицаларын) түгендеп атау емес, сол бірліктердің, айталық, 
сөздердің, тіркестердің, сөйлемдердің қолданысын, қолданыс-
тағы көрінісін зерттеу болмақ. Нақтылай айтсақ, өлең жазу-
шының пәлен деген шығармасында мынадай- мынадай көне 
сөздер бар, мынадай жергілікті сөзді қолданыпты, мына тәрізді 
этнографизмдер (ұлттық тұрмыс-салтқа қатысты сөздер), 
қарапайым сөздер, дөрекі тұлғалар бар деп теріп алып, жалаң 
көрсете салу – көркем тілді зерттеушінің шаруасы емес, сол 
сөздердің қолданысы қандай мақсатты өтеп тұр, солар арқылы 
жазушы нені, қалай суреттеп тұрғанын таныту керек.
Көркем әдебиет тілін зерттеудің негізгі мұраты – тілдің өзін 
емес, оның 
мүмкіншілігін
көрсету. Тілдің бірліктері, мыса-
лы, сөз қолданыста екі қырлы болады, ол негізгі лексикалық 
мағынасымен қатар қосымша жасырын мағына мен эмоцияға 
немесе «подтекст» дегенге (астарлы мағынаға) ие бола-
ды, сондай-ақ тілдің экспрессивтік қызметі тек қолданыста 
көрінеді. Міне, осылардың баршасын біз осы кітаптың бірінші 
бөлімінде сөз еттік.
Ал көркем әдебиет тілінің ұлттық мәдениетімізде алатын 
орны, оның қолданылу заңдылықтары (нормалары), бүгінгі 
күй-қалпы деген мәселелер алдыңғы талдауларымыздың аста-
рын ашуға, жүйесін саралауға алып барады.
Көркем әдебиет қазақ әдеби тілінің қалыптасып, даму ба-
рысында басты рөл атқарып келгені мәлім. Бұл күнде де 


6
қоғамдық-публицистикалық, ғылыми стильдермен қатар, 
әдеби тілдің жетіле түсу үрдісінде, яғни қазақ әдеби тілінің 
дәстүрлі нормаларын тұрақтандыруда, жаңаларын белгілеуде, 
соны сипаттарға ие болуда, қысқасы, әдеби тіліміздің сапа-
лық дамуын ұйымдастыруда көркем әдебиет негізгі ұйытқы, 
үлгі болып отыр. Ол көптеген өзгерістер мен сонылықтардың 
әрі сынақ алаңы, әрі қоймасына айналды. Сондықтан көркем 
шығармалардың тілін тек жоғарыдағыдай лингвистикалық 
стилистика тұрғысынан ғана емес, әдеби тіл нормаларын 
сұрыптау, тұрақтандыру, сөз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет