Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет18/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

эпитет, мета фора, 
метонимия, әсірелеу, литота 
дегендерге жиі бармайды. Олар 
көбінесе көркем прозаның біреуді немесе табиғатты, адам 
сезімін суреттеген тұстарында, я болмаса кейіпкерлер тілінде 
жұмсалады. Ал автордың баяндау тілінде бұлардың жиі көрінісі 
орынсыз қызыл тілділікке апарғаны болар еді. Жас жазушы – 
М.Әуезов осыны өте жақсы сезген. Сондықтан оның алғашқы 
туындыларының тілінде кездесетін әсерлі эпитеттер, орынды 
метафоралар авторлық баяндауда аса көп емес, барларының 
өзі көбінесе әдеби тіл қорынан ауысқан болып келеді. Мысалы:
[Арқалық тауының бауырындағы ел таудың малға панасы 
жоқ болғандықтан] 
шолақ жұттың құрығынан 
құтылмайтын.., 
самсаған сары қол...
Ал кейбір кейіпкердің тілінде көріктеу құралдары еркінірек 
жұмсалған. Әрине, кез келген адам (кейіпкер) кез келген 
сәтте бейнелеп, астарлап, әсірелеп сөйлей бермейтіні мәлім. 
М.Әуезовтің «Қорғансыздың күніндегі» қарт әже кештетіп 
қоналқаға келген екі жолаушыға ұзақ әңгіме айтады, жай айт-
пайды, шерін шертеді, жетім-жесір қалған ауыр халдерін ба-
яндайды. Бірақ ол әңгімесі адамдардың күнделікті ошақ ба-
сында бір-бірімен тіл қатысатын тым қарапайым түрде емес, 
«әрі-бері өтіп жүргенде, сондайлық бишаралар еді-ау деп есіне 
ала жүрсін деп» тыңдаушыға әсер ете айтылады. Сондықтан 
мұнда 
«барлық дүниенің тауқыметін арқалап қалған
жас 
бала», 
«сарнаған тілінен басқа түгі қалмаған қуарған
кемпір... 


36
«Жар дегенде жалғыз сенген
Ысмағүл 
қуарған қу
өмір.., 
тілеуі 
құрыған сорлы
сияқты анықтауыштар – жай емес, бейнелі 
(образды), бірақ оларды жазушы өзі жасап, қарияның аузы-
на салмаған, қазақтың әдеби тілінде бұрыннан келе жатқан, 
дағдылы қолданыстарды пайдаланған. Мұнда қарияның 
монологінен 
үйін базар, түзін той қылу; табанынан тау-
сылу; аткөпір қылып алу, беру; аштан өліп, көштен қалу; 
жалтаңкөз қылу; тұмсығы тасқа тию; ақылымыз алтыға, 
ойымыз онға бөлінді; төрінен көрі жуық болу
сияқты бейнелі 
фразеологизмдерді де естиміз. Қарт әйелдің 
ұзақ 
әңгімесінде 
жазушы оның аузына «өтпес жарлық – бойға қорлық», 
«тышқанның өлгені – мысықтың ойнағаны», «қас жаман 
қасындағысын қарақтайды» тәрізді мәтелдерді салып, бұл 
кейіпкердің сөз жүйесін білетін, ақыл иесі, көпті түйген ауыл 
анасы екенін танытады. Кейіпкер – сынбаған ажар, қажымаған 
қайрат, кең салқын ерлік иесі болып келген бұрынғы-соңғы 
қазақ әйелінің жиынтық образы. Сондықтан оның сөзі жүйелі, 
әсерлі, бейнелі етіп берілген. Бұл – жазушының қас шеберлігі.
Сірә, «Қорғансыздың күнін» Мұхаңның көркем сөз сарайы-
на еркін енуге ұсынған бұлтартпас «пропускісі», «суреткерлік 
паспорты» десек болар. Бұл шағын әңгімені өмірге келген 
қазақ прозасын әлемдік деңгейге көтеретін шеберлік үлгісін 
ұсынған аса құнды туынды деп танимыз. «М.Әуезов болса, 
бүкіл әлемдік, оның ішінде орыс және батыс әдебиеттерінің 
көркемдік деңгейіне көтеріліп барып, творчествоға ден 
қойып еді. Бұған оның тұңғыш жарық көрген көркем шығар-
маларының бірі – «Қорғансыздың күні» атты әңгімесі анық 
айғақ бола алар», – дейді. Әуезовтің 12 томдығының 1-томын
баспаға әзірлеп, ғылыми түсініктерді жазушылар (1-том, 
«Жазушы» баспасы, 1967, 411-бет). Мұны «1921 жазылған 
«Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын 
мағынасындағы еуропалық прозаның дәрежесіне көтерілді», – 
деп Сәбит Мұқанов та айтқан болатын
9
.
Көркем әдебиеттің бүкіләлемдік, батыс еуропалық, орыс-
тық деңгейін көрсететін белгілердің бірі – оның тілдік-стиль-
дік түр-тұрпаты болса, 1921 жылғы «Қорғансыздың күнінен» 
9
Мұқанов
С. 
Көрнекті жазушы – М.О. Әуезов // М.О. Әуезов (60 жылдығы). - 
Алматы: Ғылым, 1959. - 13-бет.


37
бастап, 1920-1930-жылдардағы барлық әңгіме-повестері осы 
сападан төмен түспеген.
Көркемдіктің бір қыры – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет