деді.
Оспан:
– Айта ғой олай болса тілегіңді, –
дегенде:
– Тілегім – біздің жақындығымыз аз күндік жақындық бол-
масын. Лайық көрсеңіз, өмірлік жолдас болайық деймін. Осы-
ны қалай көресің? –
деді
(І, 98).
Төл сөз бен репликаның М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерін-
де дәнекер
деп
түсіріп жалғастырылған түрлері жоққа тән.
49
Көп дауысты диалог дегендер М.Әуезовтің 20-жылдар-
да жазылған әңгімелерінде өте сирек, бірен-саран жер де ғана
кездеседі. Ал 30-жылдардағы әңгімелерінде мұндай «ұжым-
дық» әңгімелер беріле бастайды. Қысқасы, жазушы М.Әуезов
төл сөз құрылымдарды беруде бірден дұрыс тәсілдерді қол-
данған, ол бұл реттегі қазіргі нормамызға ұласып, әбден
қалыптасқанын көреміз. Әрине, көркем текстің төл сөзді құры-
лымдары қазақ прозасының алғашқы үлгілеріндегі қалпынан
ешбір өзгеріссіз қалған жоқ: оның
деп
дәнекерінсіз берілуі,
авторлық репликаның бір төл сөзді бірнеше бөлікке бөліп
жіберуі сияқты конструкциялар, бір жағынан, орыс тілі
үлгісімен, екінші жағынан, көркем шығарма тілінің синтак-
систік құрылымын түрлендіру, артық деп санаған элемент-
терді түсіру, әсерлі етіп ұсыну сияқты таза (қай тілде бол-
са да) стильдік ұтымды сәттерді іздеу барысында орын алып
келе жатқаны ғылыми ізденістерде айтылып келеді. М.Әуезов
шығармашылығының кейінгі қомақты туындылары тілін зер-
делей қалсақ, бұл құбылысты да таба аламыз.
Енді жалпы автор тілінің (тек авторлық ремарканың ғана
емес) синтаксистік көрінісін: құрылымын, ерекшелігін, стиль-
дік нысанасын қысқаша сөз етсек, мыналарға оқырман наза-
рын аудартамыз.
Синтаксис – көркем текстің «жанды» көрсеткіші. Ав тор,
әсіресе өз баяндауында сөйлемдерді қалайша құрды, текст
бөліктерін қайтіп бір-біріне ұластырды, сөйлем мүшелерін бір-
біріне қалайша қатыстырды, қыстырма (түсініктеме, айқын-
дама) элементтерді текске қалайша сынамалап енгізді деген
сияқты «қалай, қандай, қайтіптерді» айқындасақ, жазушының
алғашқы «сөз құрастыру» шеберлігін танимыз.
Бұл саладағы талдау, әрине, бастауышы мынау, баяндауы-
шы мынау деген сияқты таза грамматикалық ізденіс түрінде
болмайды. Жазушы синтаксистік құрылымдарды (түзілістерді,
конструкцияларды) әсемдік, әсерлілік үшін қалай қолданды
дегенді көрсету көзделуі тиіс. Сондықтан «ерекшелікті іздеу»
принципі бірінші кезекте тұрады.
М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің негізінен тұтас алып
қарағанда қысқа-қысқа сөйлемдермен берілгендігі көзге
түседі, яғни авторлық баяндаудың көбіне-көп аз сөзді жай
сөйлемдермен келуі синтаксистік көріністегі бір ерекшелігі
50
болып танылады. «Аз сөзді» дегенді тек жалаң сөйлемдер деп
түсінбеу керек, Сөз жоқ, жай сөйлемдер едәуір жайылма болып
келуі заңды (онсыз баяндау мүмкін емес қой):
Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөң-
гелек беті жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу
өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық
бар. Кішкене мұрны көз, қабағына үйлеспейді...
Бұл шағын ғана сыртқы портрет жай сөйлемдермен берілген.
Сөйлемдер жай болғанымен, жалаң емес: бірыңғай мүшелісі
де, жайылма анықтауыш мүшелісі де бар. Екінші сөйлем тіпті
қысқартылып берілген: оның бастауышы
(ол
немесе
бұл жігіт)
мен баяндауышты
(
кісі
еді,
жігіт еді
де ген сияқты) түсірілген,
яғни жасырын тұр, бірақ контекст оларды жоқтатпайды.
Жазушы сөйлем құру амалына өте мұқият қарағаны
байқалады. Сөйлемдерді қысқа қайыру көбінесе стильдік
мақсат көздейді. Қысқа, тіпті жалаң сөйлемге логикалық екпін
аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |