Ала көлеңке
(I, 133).
Егер толық түрде түзілсе,
айналған
дегеннен кейін үтір
қойылып, әрі қарай
сондықтан үйдің іші ала көлеңке
деп
берілер еді. Бұл салаластың соңғы жай сөйлемі өз алдына ата-
улы сөйлем етіп ұсынылғаны автордың парцел ляция сияқты,
осы ала көлеңкелікті баса көрсеткісі келгендігінен пайда бо-
лып тұр. Мұны парцелляциядан бөліп қарау қажет немесе
парцелляцияның бір көрінісі деп тану қажет. Өйткені парцелля-
ция бір сөйлемнің «кетілуі», соңғы мысалда да тұтас құрмалас
сөйлем «сөгіліп», сөгілген бөлігі «күзеліп» тұр.
Мына микротексте бөлек «отау тіккен» құрылымдар бастау-
ышы түсірілген толымсыз сойлемдер:
Оның ақылы еш нәрсенің тұтқыны болған жоқ еді.
Баяғыдай
сау. Салқын қырағы күйінде
(І, 154).
Бірақ бұлар – парцелляттар емес. Мұндай толымсыз
сөйлемдерді де жазушының өзгелерге қарағанда жиірек
қолданатын белгілі бір тұстары бар, яғни көбінесе адамның
(кейіпкердің) сыр-сипатын суреттейтін сөздерді сөйлем
мүшелерін парцеллят етіп алып, оны бастауышы түсірілген то-
лымсыз сөйлем түрінде береді.
Бақтығүл қолына түсіріп алған малын да қуғыншы жау
қолына оңай бере қоймайтын.
Соғыста айлакер, ер. Шоқпар-
сойылға өте жырынды
(I, 245).
Соңғы екі «сөйлем-парцелляттың»
ол
немесе
Бақтығұл
де-
ген бастауышы жоқ.
Жазушы парцеллят етіп, көбінесе сөйлем соңында орнала-
сатын бірыңғай баяндауыштардың біреуін шығарады.
Ғайша қазақтың өз қаны екенін білдірмек болып, қазақ
тіліндегі табиғатты жаңа көрген танысының бәріне дағдылы
бір машығы сияқтанып айта беруші еді.
Мақтанушы еді
(
І, 191).
Бұл жердегі парцеллятты бірыңғай мүшенің біреуі деу-
ге де болмас (бірыңғайлығы морфологиялық тұлғаларының
бірдейлігі ғана болар), шындығында,
мақтанушы еді
деген
парцеллят күшті стильдік құрал болып тұр: жазу шы бұл баян-
53
дауышты оқшаулау арқылы Ғайша қыз портретінің бір қырын
көрсетіп, оның бояуын қалыңдатып тұр. Сол арқылы Ғайшаның
бұл қылығына оқырман назарын аударады.
Жоғарыда айттық, парцелляция тәсілі негізінен көркем
әдебиет стилінде қолданылады, демек, оны грамматикалық
категориядан гөрі стильдік категория, тілдік экспрес сия
құралының бірі деп таныған дұрыс болар. Әрине, бұл құбылыс
туралы үзілді-кесілді тұжырымдар айту үшін, оны мол мате-
риал жиып, ғылыми тұрғыдан зерттеу керек, атап айтқанда,
парцелляцияланатын сегменттердің (сөйлем мүшелерінің
немесе сөйлем құрамдарының) түрлерін ажырату, орналасу
тәртібінің дистанттық позицияларын айқындау (парцелляттар
мүмкін тек сөйлемнен соң келе бермейтін болар), қазақ тіліне
тән ерекшеліктерін, мағыналық-интонациялық қырларын,
синтаксистік құрылымын т.т. белгілі шығармалар (авторлар)
бойынша да, жалпылық норма тұрғысынан да талдап-таны-
ту болашақтың, өзге зерттеушілердің міндеті болмақ. Біз бұл
жерде қазақ көркем прозасының әңгіме-повесть жанрлары
үлгілеріндегі, оның ішінде де М.Әуезовтің 20-30-жылдардағы
ғана шығармаларындағы парцелляция көрінісін баяндадық.
Ал бұл тәсілді жазушы әрі қарай актив амалға ұластырды ма,
өзге қалам ұстанғандарға үлгі болды ма немесе онымен тұстас
не сәл бұрын (мысалы, Б.Майлинде) дүниеге келген көркем
шығармаларда орын алды ма – міне, осыларды зерделеу үшін,
алдымен текстерді түгел сүзіп, материал жинап алу қажет.
Универсал, яғни барлық тілге тән парцелляция әдісі туралы
теориялық танымдарды игеру міндеті де тұрады. Содан соң
барып, өзін дербес ғылыми объект етіп, мо нография түрінде
зерттеулер ұсыну қажеттігін айтамыз.
Талданып отырған шығармалар тілінің синтаксистік түзі-
лісіне зер салғанда, тағы да мынадай жайттарды жазу шы
қаламының өзіндік ерекшелігі (мәнері) деп атауға болады.
Ол – күрделі ойдың берілуі. Сөз жоқ, М.Әуезов әңгімелері
тек жай сөйлемдермен келеді деуге мүлде болмайды, әрине,
құрмалас сөйлемдердің де түр-түрі орын алған. Және олардың
бөліктерінің (компоненттерінің) орналасу тәртібі, бағыныңқы
сөйлем мүшелерінің жасалу нормалары сияқты қырлары бүгінгі
жазба әдеби тілімізден ауытқымайтынын айтуға болады. Тек
54
бір ерекшелік жалғаулықтармен байланысатын құрылымдарды
бір сөйлемге жинамай, бөлек-бөлек ұсынатын сәттері жиірек
кездеседі, яғни
Достарыңызбен бөлісу: |