бірақ, сондықтан, ал
деген жалғаулықтар
көбінесе сөйлемнің басында келеді (бұл жерге енді ұзақ-ұзақ
сөйлем дермен мысал келтірмей-ақ қоялық, көргісі келген
оқырман, әңгіме текстеріне көз жүгіртсе, кез келген жерінен
тауып алуларына болады).
Келесі бір ерекшелік сияқты көрінетін нәрсе – жазушы
әңгімелерінде етістік баяндауыштардан сәл қашқалақтау.
Әрине, етістік баяндауышты сөйлемдері мүлде жоқ неме-
се тіпті аз деуге болмайды. Реті келген тұста, әсіресе табиғат
көріністерін немесе бір нәрсенің жай-күйін, күй-қалпын сурет-
теген сәттер есім баяндауышты сөйлемдермен беріледі:
Суық қыстың орта кезі. Күн түске тақап қалған. Аспанда
бұлт
жоқ, ашық...
Жер
қарлы...
(І, 51).
Кішкене үйдің іші
жүдеу,
сарылған сары уайымның
таңбасы үй ішіне
түскендей.
Пештің қырында тұрған жалаң
бас лампы үй ішіндегі қараңғылықты зорға жеңіп, жалпылдап,
ала көлеңке болып жанып түр (І,73.)
Қалың қарды жамылған
ақ дала.
Айналада көз тоқтарлық,
бұдыр жоқ...
Көзге түсетін
жан иесі жоқ.
Жер жүзін тылсым
буғандай,
ызғарлы қар, суық аяз
тас қылып қатырғандай
(І,74).
Әрине, етістіктер – динамиканы (қозғалыс, қимыл, әрекетті)
білдіретін сөз табы. Онсыз бір нәрсе жайында баяндау мүмкін
емес. Көбінесе шақтық, жақтық бір тұлғадағы етістік баян-
дауыштар сөйлем сайын қайталап келіп отыруы мүмкін, бұл
баяндалатын оқиғаға байланысты. Ал баяндаудың ішінде
бір нәрсені сипаттау, адамның көңіл күйін әңгімелеу сияқты
тұстары болса, етістік баяндауыштар аздау болады немесе
барларының өзі шақтық, жақтық тұлғаларда емес, әр алуан
өзге тұлғаларында (бұйрық рай, есімше т.б.) келеді. М.Әуезов
о бастан осы тәртіпті қол көрген. Тек әңгімелері емес, «Абай
жолы» эпопеясының тілі де осындай. Мысалы, Әйгерімнің ән
салғанын тыңдап отырып, «өмір-сурет дүниесіне шомып кет-
кен» Абайдың психологиялық күйін жазушы былай береді.
Арғы сөзі Абайдың құлағына кірген жоқ. Барды айтып
жаққан –
сөз емес, әуен мен үн...
Көп күміс қоңырау сән түзеп,
бір
үн сала
ма? Әлденендей ғайып текті, ақ қанатты асыл зат
көз жүзінде күнге
шағылыса ма!
Күміс сыбдыр нұр шашып,
сырлы аспанға, мәлімсіз сапарға, серікке
шақыра ма?! Берші
55
сараң, сырдаң бойыңды! Түйіліп қалған жүрегің, Тартынып
қалған, ашылмай тығылған жан сырың
бар. Ашшы
соныңды!
Өрге, өнерге
шақырайын
бар үніммен. Иықтан басқан зілден,
мынау дел-сал күйден өтші! (V, 67)
Міне, мұнда іс-қимылды ашық райда тұрып
(үн салды,
ашты, өнер төгіледі демек
сияқты) білдірген бірде-бір тұлға
жоқ.
Біркелкі (бір тұлғадағы) етістіктер ұйқасқа алынған өлең
жағымды, әсерлі болмайтынын Мағжан ақын Жұмабаев әдемі
келекелегенін білеміз. Ақын:
Талапсыз, сорлы «ойлаған»,
Ойға терең «бойлаған»,
Есалаң уға «тоймаған»,
Қанып бір ойын «қоймаған».
Есер жүрек «ойнаған»,
Өлгенше үміт «жоймаған»,
Жындыдай жалғыз «тойлаған»,
Жалықтырды «ой» да «қан» –
Құрысын өлең! Қой бағам! –
демей ме?
Біркелкі етістіктер қатар тұрған сөйлем сайын келіп
тұрса (әрине, мүлдем келмеуі керек деуге болмайды, баяндау
мазмұнына, сипатына қарай, қатарынан келген бірнеше сөй-
лем бір тұлғалас етістіктермен берілуі жиі кездеседі), оқыр-
манды өлеңдегідей жалықтырмағанмен, ол микротекст аса
әсерлі болмауы мүмкін. Мұны М.Әуезовтей қас шебер жақсы
түйген.
Көркем проза тілінде жиі болмағанмен, әр кез қолданыла-
тын өте бір әсерлі көріктеу амалының бірі – лексикалық, әсі-
ресе синтаксистік қайталамалар М.Әуезовтің алғашқы әңгіме-
лерінде кездеспейді. Бұл тәсілді жазушы «Абай жолы» эпо-
пеясында қолданған және қайталаманы шағын микротекстен
бастап, ұзақтау периодтарда, тіпті шығарманың бірнеше та-
рауында келтірген. Мысалы, Тобықты жайлауларының қоңыр
бір кешінде ел жастарына Біржандай өнер алыбы «әкеліп бер-
ген жүрек тілі, сезім нұры» қалай төгіліп тұрғанын суреттеген
тұсын оқиық:
Сол кеште,
Әнетке қарай беттеген Базаралы ат үстінде ән
салып келе жатқан Балбаланың сымбатты, сұңғақ бойына,
қыпша беліне тамашалай қарайды.
56
Сол кеште,
Керімбала мен Оралбай қосылып ән сәндейді.
Өзі енші болмаса да, әнді барынша сүйетін, Керімбаланың
ағасы Әкімқожа қатар келе жатып, қос әншіге жол бойы ән
салғызады.
Сол кеште,
жарық айлы, сырқұмар кеште, көп жолдастың
қоршауында келе жатып, Әмір мен Үмітей саз қосады.
Сол кеште,
үлкен өнер, әсерлі әнмен қоштасар кеште, от-
ауда қалған Біржан мен Абай мәжілісінде тағы Әйгерім ән
шырқап отыр (V, 82).
Міне, мұндай әр абзац
сол кеште
деген сөздерден баста-
лып, қайталама әдісімен келген. Бұл жердегі анафоралық
сөз автордың осы жерде айтпақ идеясын күшейте көрсетуге
қызмет етіп тұр.
Сол кеш
– ұзақ күнгі өнер салтанатының
қорытындысын бейнелейді. Ол бейне қайталама тәсілімен
жасалған.
Қайталама, әсіресе оның композициялық түрлері аса жиі
кездеспейді. Әсіресе оқиғалар баяндалатын шығармаларда
қайталама әдісінің қолданылуы кемде-кем болады. Ол шығар-
маның лирикалық шегіністерінде, сондай-ақ автордың өзінің
немесе кейіпкерлерінің ой-толғаныстарын білдірген, жан сы-
рын шерткен тұстарда орын алуы мүмкін.
М.Әуезовтің алғашқы қалам тартқан көркем дүниелері
Достарыңызбен бөлісу: |