60
жасау керектігін де жақсы сезіп, именген болармыз. Ал роман-
ды оқып шыққан бойда бұндай жауапты жұмысты жаза қою
мүмкін еместігін дәлелдеп жатпалық. Енді, міне, көркем сөз
шеберлерінің тіл өрнегін арнайы әңгімелеу кезегі келгенде, сол
алғашқы әсердің екпіні Ш.Мұртазаның аталған романы мен
«Жүрекке әжім түспейді» («Жалын», 1987) атты жинаққа енген
әңгімелеріне қайыра үңілтті. Әңгімелерден алған әсер де ерек-
ше болғанын айту – «қосақтай салған» пікірім емес, алдымен
жай оқырман болып сүйіне айтқан, кейін тілін таныған маман
ретінде талғап айтқан бағам.
Жазушының
аталған туындылары неліктен, несімен бұл
пікірді айтқызып отыр? Тек тіл маманы ретінде сүйіндірді
десек, бұларда тұнып тұрған көрікті, бейнелі эпитет, астарлы
метафора, ұйқасты-ырғақты параллельдер, үздіксіз берілген
қайталамалар көп емес, жарым беттік бір беттік сөйлемдер де
жүйелі түрде көрінбеген текстердің оқырман мен маманды ба-
урап алған сиқыры басқада болу керек.
Әрине, басқада... Әрине, ғажап бір күші бар. Бұлардың көркем
туынды ретіндегі тақырыптық, идеялық, композициялық,
қысқасы, шығармашылық сапасы,
қазақ әдебиеті әлеміндегі
орны жайында әдебиетші мамандар тарапынан жақсы талда-
нып, оның оқырманды енжар қалдырмайтын қасиеті кезінде
айтылған-ды. Мұны қайталау немесе жаңа пікір айту – біздің
шаруамыз емес. Біздің шаруамыз – өзіміздің «қарауыл төбеміз»
– тіл білімінен көрінетін автордың қолтаңбасы, терминдеп
айтсақ, «автор бейнесі» («образ автора») дегеннен шығарып,
өзімізді тартқан магниттің сырын ашу. Әрине, мүмкіндігінше,
әзірге шетпұшпақтап ашу, өйткені әр шығармадағы «ав-
тор бейнесі» дегеніміз – сол туындыдағы жазушының бүкіл
тілдік-шеберлік
белгілері, автордың айтпақ идеясының тіл
арқылы көрінген поэтикалық қырлары, стильдік таңбала ры,
авторлық позициясы (көзқарасы), қысқасы, «автор бейнесін
тану – шығарманың құрылымдық-стильдік арқауын тарқату,
экспрессивтік-тілдік құралдарының жүйесін тұтас алып та-
ныту
14
(«автор бейнесі» деген терминді «кейіпкер бейнесі»
дегенмен шатастыруға болмайды, екеуі – екі басқа категория
14
Виноградов В.В. О языке художественной прозы. - М., 1959. - С. 154.
61
атаулары екенін қайта-қайта ескертіп жатқан себебіміз «автор
бейнесі» ұғымы қазақ
филологиясында көп таныс емес, ол
енді-енді сөз бола бастады).
«Қызыл жебедегі» жазушының тақырып тандауын, оған
қатысты фактілерді (оқиғаларды) орналастыруын, оларды
суреттеудің сипаты мен тәсілдерін және шығармадағы оқиғалар
мен кейіпкерлерге автордың көзқарасын зерделесек, оның
тілдік-экспрессивтік жүйесін біршама танытатын боламыз.
Мұндай жүйеде алдымен көзге түсетіні – «Қызыл жебе»
тілінің жинақы, үнемді, астарлы стильде жазылғандығы. Бұл
үш белгінің үшеуі қатар айтылып, орыс тілі зерттеушілері
«сжатость» («сығымдылық») деп атайтын көркем тіл сипатын
танытады. «Сығымдылық» сипат беру үшін жазушы «үнемдеу»
тәсіліне көшеді. Айталық, эмоциялық-экспрессивті
болып
келетін айшықты эпитеттерді, жайылма анықтауыштарды көп
қолданбайды. Эпитеттердің көбінесе кәнігі (дәстүрлі, тілдік)
түрлері беріледі:
Достарыңызбен бөлісу: