Ш.Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі
Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы бойынша бала Тұрардың санасын оятқан түрме сабақтарын жете түсінуі, Тұрар арманы - оның орындалған мұраты екенін дәлелдеу.
Мәтіннен Тұрардың зеректігін, ойлылығын, ұстамдылығын, сонымен бірге үнемі күдікпен жүретін сақтығын айқындайтын үзінділерді табу, проблемалық сұрақтар арқылы жинақтауды дамыту.
Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
Оқыту нәтижесі
Ойды жеткізуде нақты және жүйелі сөйлеуге үйренеді.
Диалог кезінде өзгенің пікірін құрметтеп, өз пікірлерін мәнерлі,дәлелді жеткізуге дағдыланады Тапсырмаларды постермен қорғау арқылы жетілдіру.Тапсырмаға қарай оқушыларға өз ойларын ашық айту арқылы анық сөйлету.
Оқыту формасы
Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. «Миға шабуыл» әдісі,ой қозғау, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, күнделік, топтастыру
Құрал – жабдықтар
Тақырып бойынша сызбалар бағалау бетшесі, кеспе қағаздар
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1 кезең Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
І. Топтастыру
Шерхан Мұртаза кім?
жаз
Қоғам қайраткері
Аудармашы
ІІ Не білеміз? (үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы тексеру)
1. «Қызыл жебе» романының авторы кім, ол туралы не білеміз?
2. Романның «Тұтқын бала»тарауында кім, не туралы айтылған?
3. Романның басты кейіпкері кім? Ол туралы не білесіңдер?
4. Осы тараудағы басты – басты оқиғаларды атаңдар?
5. Рысқұл не сабепті Тұрарды қасына алдырды?
6. Приходько мырзаның үйінде Тұрар қандай қызметтер атқарды?
7. «Кафедральді соборды » көргенде Тұрардың ойына не түсті?
8. Тұрар оқу мен жазуды, орыс тілін кімнен үйренді?
9. Гимназияның алдында тұрып Тұрар нені армандады?
10. Надзиратель Тұрарға қандай қысым көрсетті?
11. Бронников қандай адам?
12. Әкесі Тұрармен қоштасар күннің алдында қандай күй кешті?
13. Тұрар әкесімен қалай қоштасты?
14. Тұрар мектепке қалай барды?
15.Тұрардың фамилиясын не себептен Қырғызбаев деп өзгертті?
16. Тұрардың дәптеріне алғаш жазған сөздерін ата? Оларды Тұрар қалай түсіндірді?
17. Айбаров тақтада тұрған Тұрарға неге күлді?
18. Семашко кім? Не себептен Тұрарды көмекші етіп алды?
19. Тұрар Иван Владимирович алдында қандай қылмыс жасадым деп ақталды?
20. Тұрарға Иван Владимировичтің берген жауабын айт, қандай кеңес берді?
Оқушылар өткен материалды еске түсіріп, қорытындысын айтады.
2 кезең
Жаңа сабақ 1918жыл 1924 жыл 1932-1933жыл 1937-1938ж
1 топ: Әдебиетшілер
2 топ: Тарихшылар
3 топ: Зерттеушілер
І. Тұрарға мінездеме. Оқушыларға үзінділер беріледі, сол үзінді арқылы Тұрарға мінездеме беру.
Әттең, әкесі түрмеде жатып тәуелді болмаса, Тұрар қазір бұл есірікті не де болса қамшының астына алар еді, амал жоқ...Бір жағы қорқады. Бір жағы баламысын деген: «Әйтеуір, айтқандарын екі етпей орындай берсем, көкеме көмегі тие ме » деп ойлайды. «Көкемді түрмеден босатар» деп үміттенеді.
( әке-шешеге қамқор)
Бірақ екі жирен қарны тойса қайғырмайды. Нағыз түрме аттары. Тұрар аттарды жайғастырып болып, енді қоранын ішін тазалауға кіріседі. Приходько мырзаның әмірі бойынша, қорада бірде- бір қылпық қалмауы керек. Ақ қолғаппен сипағанда, аттардың үстінен бірде –бір қылау жұқпауы керек.
(еңбекқор)
Бала өте сезімтал –тын. Бір ауыз жылы сөзден іші- бауыры езіле елжіреп, әлде қандай аянышты көмейіне түйіліп жас тығылып қалушы еді.
(сезімтал)
Туған әкесіне опасыздық жасағандай бір беймаза сезім жауқазын жүрегін жаралап, шөңгедей қадалды да қалды. Әкеңнің атын айта алмай күмілжіген не қорлық!
(намысшылдық)
Әлгінде Иван Владимирович айтқан «тарих», «география», «арифметика» деген сөздер шәкірттердің көбінің құлағына тосын еді. Ал Тұрар бұларды түрмеден білетін. Бірінші сыныптықтар «а», «б»-ны жазып, оның мәнін түсініп болмай жатқанда Тұрар іші пысып терезеге қарап отырады.
(қабілетті, зерек, алғыр)
ІІ. Тұрардың прототипі-Тұрар Рысқұлов.
ІІІ.Топтық жұмыс
1 топ: Әдебиетшілер. Әңгімеге композициялық жоспар құру.
Әңгіменің басталуы Рысқұлдың Тұрарды түрмеге алдыруы
Әңгіменің дамуы Надзиратель қыспағы
Әңгіменің байланысуы Әке мен баланың айырылысуы
Әңгіменің шиеленісуі Тұрардың фамилиясын өзгертуі
Шарықтау шегі Тұрардың қылмысы
Әңгіменің шешімі Иван Владимировичтің көмегі
2 топ: Тарихшылар
Тірек сигналдары арқылы Т. Рысқұловтың өмірінің өсу жолдарын көрсету.
3 топ: Зерттеушілер
Тұрар мен әкесі туралы жазылған еңбектер.
1. Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» романы
2. М. Әуезов «Қараш- Қараш оқиғасы» повесі
ІV. Тұжырым кестесі
Топтар
Кейіпкер
Іс-әрекеті
Адами қасиеттері
Әдебиетшілер
Приходько
Тарихшылар
Бронников
Зерттеушілер
И.Владимирови
Сергіту сәті
V.Венн диаграммасы Өмір әділетсіздігін сезеді Күресуге дәрмен жоқ.
VI. Пікір күнделігі.
1 топ: Әдебиетшілер
Мәтіннен үзінді
Өз ойың
Мақал- мәтел
Мұсылман болып, Аллаға жалбарынуы да жоқ. Ал Приходько осымен бір-екі рет «шоқын» деп емеурін танытты. Рас, әзір қиналған жоқ. Қинаса қайтпек? Шоқынбасам,әкемді дарға асатын шығар. Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.
2 топ: Тарихшылар Мәтіннен үзінді Өз ойың
Мақал- мәтел
Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты. Амалы жетсе Рысқұл өзінің көкірегін жарып жіберіп, жалғыз жәдігерін қалталы қасқыр сияқты кеудесіне жасырып, алыс сапарға өзімен бірге ала кетер еді, оған айла жоқ. Түні бойы көз ілмей, қиянаттан мұздаған жүрегін жылытқысы келгендей, Тұрардың ыссы басын кеудесіне қысып жатты.
3 топ: ЗерттеушілерМәтіннен үзінді Өз ойың Мақал-мәтелдер
Наташа үрейі ұшып, жүрегі аузына тығылып,пәуескенін жақтауынан қарыса ұстап, шыр-шыр етеді. Аттардың басымен алыса-алыса Тұрардың екі қары талып барады. «Осыдан екі асау алып қашып, пәуеске төңкеріліп қалар ма екен, яки біреуді басып кетіп, жазым болар ма екен?» деген ойдан тамырында қан қатып қалған сияқты
Оқушылар жұптасып сұрақтарын талқылап, бір- біріне сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.
Топқа бөлінеді
Берілген тапсырманы постер қорғау арқылы түсіндіреді
3 кезең
Сабақты бекіту
Тест.
1. Тұрар кім?
а) ақын
ә) қоғам қайраткері
б) жазушы
2. Рысқұлдың Тұрарды қасына алдыруының себебі неде?
а) сағыну
ә) жау кегінен сақтану
б) науқастану
3. Тұрар оқу мен жазуды кімнен үйренеді?
а) әкесінен
ә) Иван Владимировичтен
б) Наташадан
4. Тұрардың дәптерге жазған алғашқы сөздері?
а) көке, ауыл, сағыныш
ә) қызыл жебе, Аспара, әке
б) Қызыл жебе, көке, Аспара
5. Тұрар кімге көмекші болды?
а) Семашко
ә) Айбаров
б) Бронников
6. Ұзын бойлы, кең иықты, сары шашын жел ыратқан , жирен сақалды, ак жарқын адам? Кімнің портреті?
а) Аркаша
ә) Семашко
б) Бронников
7. Шығармадағы Салиха кім?
а) Тұрардың анасы
ә) Қырғызбайдың кемпірі
б) Мұғалім
8. Шығармадағы ұнамсыз кейіпкерлерді ата?
а) Атамырза, Аркаша, Надзиратель
ә) Қырғызбай, Бронников, Рысқұл
б) Рысқұл, Семашко, Атамырза
9. Тұрар мен әкесі Рысқұл туралы жазылған шығарманы көрсет?
а) «Жаңа достар»б (Ақырғы бәйге
ә) «Қараш- қараш оқиғасы»
б) «Ақырғы бәйге»
10. Мектепте барғанда Тұрардың фамилиясы?
а) Рысқұлов
ә) Айдаров
б) Қырғызбаев
Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану
Бағалау
Формативті. Жиынтықты бағалау
Үйге тапсырма
«Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбында ойтолғау жазу
Рефлексия
Наурыз
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілік өмірінде ,әдет,салтында елеулі орын алған және ерте кезде мерекелеп өткізетін күннің бірі-Наурыз. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22-де(ескіше тоғызыншы мартта) мерекеленетін болған және оны жаңа жылдың алғашқы күні деп есептеген. Мұны қазақтар «Ұлыс күні»деп те атайды. Бұлай атау себебі-ертеде «Ұлыс күні» жаңа жылдың бірінші күні болып есептелген. Марттың 22-де күн мен түн теңеледі. Де, содан кейін күн ұзара бастайды. Сондықтан бұл күнді ертедегі адамдар жаңа жылдың туған күні деп қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп,бірін-бірі құттықтап,қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды. Наурыз көже –азықтың жеті түрінен жасалады. Бұл қазақтың жеті» сөзімен байланысты шыққан. Қазақстанның әр жерінде көженің құрамына салынатын азық-түлік әр түрлі болғанмен жетіден аспау керек. Наурыз көженің құрамына бидай,тары,күріш,ет,тұз, сүт,су,т.б. қосылу керек. Бұған қыстан шыққан қазы ,шұжық ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер де қосылады.
Наурыз- діни мейрам емес,жалпы халықтық мереке. Наурыз-табиғат мейрамы,аса зор салтанат,ұлы жиын. Адамдар бұл күні бәріміз де табиғат перзентіміз,оны аялайық, бергеніне риза болайық»-дейді.
Бұл күні қандай күнә болса да кешірілуге тиіс,жеке адамдар арасындағы бас араздықтар да кешірілуге тиіс. Ерте кезде Орта Азия әкімдері : «Бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді.»-деп зынданда жатқан тұтқындардың қол-аяғын босатып ,кешірім берген.
Бұл күні адамдар бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: «Ұлыс құтты болсын!, «Ақ мол болсын!, «Ұлыс береке берсін,Бәле-жала жерге енсін!»Сөйтіп адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп,татуласады,оның аяғы ойын-сауық, ән-күйге жалғасады. Осы тұста әркім өзінің көңіліндегі арман-мүддесін білдіреді. Бұларды олар бір-бірімен көріскенде айтатын болады, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Мұны олар өлең, тақпақ арқылы айтады. Амансыз ба Ұлыс оң болсын.
Ақ мол болсын
Қайда барса жол болсын.Ұлыс бақытты болсын. Төрт түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Бәле-жала жерге енсін. Ұлыс күні шаруа адамдарының еңбек мерекесі болғандықтан ,оны ойын-сауық, думанды қызық тойға айналдырған. Жастар жағы бұл күнгі халықтың ой-сезімін ,шаттық қуанышын білдіре өлең айтқан. Олар өздерінің өлең-әндерінде жаңа жылға деген тілектерін айтумен қатар, көңіл күйлерін, жастық шақтың сыр-сезімін қозғаған.
Есік алды қара су бойлағаным. Жалғанның қызығына тоймағаным Көмілсем де кетер ме көкейімнен Қалқаммен ұлыс күні ойнағаным,-дейтін өлеңдер ерте кезде ұлыс күні мерекелі қуаныш болғандығын елестетеді.
Қысқа мерзімді жоспар
Өткізілетін уақыты:
26.10.2013ж.
Пән мұғалімі
Икенова Тілектес Дүйсенбекқызы
Пәні:
Әдебиет
Сыныбы:
9 «В» сыныбы
Сабақтың тақырыбы:
80-жылдардан бергі ақындар айтысы
Сілтеме:
9-сыныпқа арналған оқулық (Т. Ақщолақов, Т. Жұмажанова, С. Қалиев, С. Дүйсенбаев), слайд, «Венн» диаграммасы, топтастыру стратегиясы, орта мерзімді жоспар
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды топқа бөлу, ережемен таныстыру, АҚТ-ны тиімді пайдалану.
Сабақтың міндеті:
Оқушылар айтыс және оның түрлерін, жанрлық ерекшеліктерін, бұрынғы және осы күнгі айтыстар жайында толық мәлімет жинайды, оларды ажырата біледі, көркемдегіш құралдарды тауып үйренеді, оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға, бағалауға, пікір айтуға үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
Жаңа сабақты толық меңгеріп, сол тақырып жөнінде әңгімелесуге қызығушылық танытады, білімдерін толықтырады.
Іс-әрекет:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу.
II.Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.
Сұрақ қойып, жауап алу, бекіту.
III.Жаңа тақырып бойынша постер қорғау.
Қосымша мәлімет беру
«Айтыскерлерді ата» тапсырмасын орындау
Сергіту сәті:
«Қара жорға» жаттығуын жасату.
АКТ
Интербелсенді тақта
Рефлексия
Өздерінің ойын еркін айтуы, топпен жұмыс жасауы,
бір-бірінің жауаптарына сыни көзбен қарап, баға беру.
Бағалау:
Оқушылар «бағалау ағашына» өзін-өзі бағалайды
Үйге тапсырма:
Тақырыпты оқу, «Біржанның інілері, Сараның сіңлілері» тақырыбына ойтолғау жазу.
Кері байланыс:
Стикерге өз ойларын жазу.
Қысқа мерзімді жоспар
Өткізілетін уақыты
14. 02. 2014ж.
Пән мұғалімі
Икенова Тілектес Дүйсенбекқызы
Пәні
Қазақ әдебиеті
Сыныбы
9 «А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы:
Абай Құнанбаев «Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол...» өлеңі
Сілтеме
Күнтізбелік жоспар, орта мерзімді жоспар, оқулық
Жалпы мақсаты
Білім берудегі Бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерінің тиімділігін арттыру. Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын, мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол алуан тақырыптағы Абай өлеңдеріндегі махаббат сырларын ұғындыру.
Оқыту нәтижесі
Абай өлеңдерінің тақырыптарын, идеясын ашып үйренеді. Топпен жұмыс жасайды.
Құрал-жабдықтар
Интербелсенді тақта, слайдтар, буклет, кітаптар көрмесі, бағалау бетшесі, смайликтер, 6 телпек
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
I кезең
Ұйымдастыру
Қызығушылығын ояту
Алтын ережемен таныстыру
Топқа бөлу.
Бағалау бетшесін тарату
Экраннан видеоролик көрсету
Топқа бөлінеді.
II кезең Үй тапсырмасын тексеру
«Әуелде бір суық мұз, ақыл – зерек...» өлеңін жатқа айту
Абай өмірінен қосымша сұрақ-тапсырмалар
Өлеңді жатқа айтады. Қосымша сұрақтарға жауап береді.
III кезең
Жаңа сабақ
Мағынаны ашу
«Кең ауқымды дәріс» әдісі. Абайдың «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңімен таныстыру.
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Сен білесің бе?
Ресурс тарату арқылы тапсырманы орындату.
2-тапсырма. «Түртіп алу» әдісі. Оқулықпен жұмыс
«Миға шабуыл» әдісі – қосымша сұрақтар.
Таратқан ресурстар бойынша постер қорғайды.
Лириканың түрлерін жазады.
Оқулықтан сөздіктер жазып отырады.
IV кезең
Сабақты бекіту
Ойтолғаныс. Не білдік?
«Алты телпек» сыр шертеді
«Рухани құндылық» сабақты қорыту
Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану
Бағалау
Жиынтықты бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев өмірі мен өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Жамбыл шығармашылығын терең зерттеп оқу.
Жамбыл деген жай атым,
Халық менің шын атым!-
деп жырлап өткен ұлы жырау шығармашылығы туралы оқығандарын ортаға салып талдауға үйрету.
ә) дамытушылық: өткен ғасырға үңілдіру.Оқушылардың Жамбыл өмірі мен поэзиясы туралы ұғымын кеңейту. Көркем дүниеге құрметпен қарау арқылы дамытуға ойландыру.
б) тәрбиелік: Жамбыл шығармашылығы арқылы оқушыларды атамекенді сүюге, ардақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау , топтастыру.
Сабақтың құралдары: Кадаскоп, маркер
Сабақтың көрнекіліктері: Ребус, сөзжұмбақ, ақын суреттері мен кітаптары туралы слайдтар
Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру
а) Амандасу, түгелдеу.
ә) Оқу-құралдарын тексеру.
б) назарын сабаққа аудару
3. Жаңа сабақ.
Ж.Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Сол себепті де есімін Жамбыл қойған.
Әкесі Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Киіз үйде өскен, сол кездегі қазақ балаларындай көшкенде бесікпен алып жүретін болған.
Жамбылдың балалық шағы жоқшылықта өткен.
Жас күнінен мал баққан.
Оның жүрегінде үміт отын тұтатқан домбыраның күмбірлеген даусы. Жапаның інісі домбырашы еді. Ағасынан ол екі жасында домбыраны үйренеді. Ол қолыма домбыра тигенде, бүкіл жан-дүнием елжірегендей болатын едім – дейді.
Ол 14 жасында әкесінен қол үзіп, өзінше күн көруге мықтап бел байлайды.
Үйді-үйді аралап, жарапазан айтатын болған. Өлең - жырлары жұртқа ұнап, құрмет көрсете бастайды.
15 жасында Сүйінбай даусына, ақындық шеберлігіне бас иіп, шәкірт етіп алады. Оның өлеңдерін жұртқа таратады.
Сүйінбай Аронұлы – Жамбылдың алғашқы ұстазы, сонымен қатар Жетісудың ең танымал, ел ардақтаған ақындарының бірі.
Менің пірім – Сүйінбай
Сөз сөйлеймін сыйынбай!
Сырлы, сұлу сөздері –
Маған тартқан сыйындай
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай ! – деп жырларының да мәнісі осында.
Артында аса құнды әрі бай мұра қалдырған Жамбыл жыраудың әлі ашылмай, зерттелмей жатқан қырлары да мол-ақ.
Жамбыл кітаптары да жаңарылып шығарылуда. Оның өлеңдері, дастандары өшпес мол мұра.
Топтастыру әдісі
Алғадай туралы әрбір ой
Жамбыл өлеңдері
Аттандыру Ата әлдиі
Балама хат
Шағым Жәке
Ленинградтық өренім
Бүгін жыраудың «Аттандыру өлеңін өтеміз». Жамбылдың «Аттандыру» өлеңін атаның балаға арналған ақ тілегі, батасы, жүрегінің түбінен жарып шыққан әкелік сезімі деуге болады.
Бұл өлеңде әкенің баласын майданға аттандырарда оң сапар тілеп бата бергенін білдіреді. Сонымен бірге мұнда қоштасу сарыны да бар.
Алғадай – Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан ақынның ұлы.
Дәптермен жұмыс.
Қоштасу-
Бата -
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Өлеңмен ауыз әдебиетінің «бата» , «қоштасу» үлгісінің белгілерін көрсететін тұстарын анықтату.
Ребус шешу.
Мына ребусты дұрыс шешсең, белгілі қаламгер Мырза Тұрсын заденің ұлы жырау шығармашылығы жайында айтқан сөзі шығады.
Жауабы: Жамбыл поэзиясы ғасырлар бойы жасайды.
4.Бекіту.
«Жамбыл Жабаев» сөзжұмбағын шештіру
Сөзжұмбақ сұрақтары:
Сол жағы:
1. Жамбылдың әкесінің есімі ?
2. Дүниеге келген айы ?
3. Көп айтысқан ақынның бірі.
4. Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп аталады?
5. Жамбыл жас ұрпақты неге шақырды ?
6. Жамбыл қандай орденмен марапатталды ?
Оң жағы:
1. Жамбыл қанша жасаған ?
2. Жамбылдың ұлының есімі ?
3. Жамбылды көшіп қонғанда алып жүретін қазақы бұйым?
4.Атаның балаға арнаған ақ тілегі, батасы қай өлеңінде берілген?
5.Мұң-шер өлеңдерінің бірі.
6.Жамбыл ескерткіші қойылған Алматы қаласының бұрынғы аты?
5.Үйге тапсырма:
1. «Жамбыл өлеңдерінің тәрбиелік мәні» тақырыбына шығарма жазу.
«Аттандыру» өлеңін жаттау.
6. Жетонмен бағалау, күнделікке қою.
6. Жетонмен бағалау, күнделікке қою.
Достарыңызбен бөлісу: |