Сабақ тақырыбы: Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі Мақсаты: Бала Тұрар бейнесін жан жақты ашу



Дата26.08.2017
өлшемі133,68 Kb.
#29205
түріСабақ
Ш.Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі

Қазақ әдебиетінен ашық сабақтар

Яндекс.Директ

Kaspersky Internet Securityappletech.kz/kaspersky-internet-sKaspersky Internet Security! в Алматы, только для Юридических Лиц! 18+Адрес и телефон

Курсы, семинары, обучение в СПбЦЭtelcenter.ru/обучение-в-СПбДоп. профессиональное образование 21 направление.Очно и заочно! Звоните!Адрес и телефон

  Пәні: әдебиет (6 «А» класы)

 Сабақ тақырыбы: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі



Мақсаты: Бала Тұрар бейнесін жан – жақты ашу.

Білімділік: Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы

бойынша бала Тұрардың санасын оятқан түрме сабақтарын жете

түсінуі, Тұрар арманы —  оның орындалған мұраты екенін дәлелдеу.

Дамытушылық: мәтіннен Тұрардың зеректігін, ойлылығын, ұстамдылығын,

сонымен бірге үнемі күдікпен жүретін сақтығын айқындайтын

үзінділерді табу, проблемалық сұрақтар арқылы жинақтауды дамыту.  Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, достыққа,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Сабақ типі: жинақтау,пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: танымдық сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, Венн диаграммасы арқылы салыстыру

Сабақтың көрнекілігі: слаидтар, үлестірме қағаздар, тұжырым кестесі, пікір күнделігі

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы:

 І. Топтастыру














































































 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ІІ Не білеміз? (үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы тексеру)

  1. «Қызыл жебе» романының авторы кім, ол туралы не білеміз?

  2. Романның «Тұтқын бала»тарауында кім, не туралы айтылған?

  3. Романның басты кейіпкері кім? Ол туралы не білесіңдер?

  4. Осы тараудағы басты – басты оқиғаларды атаңдар?

  5. Рысқұл не сабепті Тұрарды қасына алдырды?

  6. Приходько мырзаның үйінде Тұрар қандай қызметтер атқарды?

  7. «Кафедральді соборды » көргенде Тұрардың ойына не түсті?

  8. Тұрар оқу мен жазуды, орыс тілін кімнен үйренді?

  9. Гимназияның алдында тұрып Тұрар нені армандады?

  10. Надзиратель Тұрарға қандай қысым көрсетті?

  11. Бронников қандай адам?

  12. Әкесі Тұрармен қоштасар күннің алдында қандай күй кешті?

  13. Тұрар әкесімен қалай қоштасты?

  14. Тұрар мектепке қалай барды?

15.Тұрардың фамилиясын не себептен Қырғызбаев деп өзгертті?

  1. Тұрардың дәптеріне алғаш жазған сөздерін ата? Оларды Тұрар қалай түсіндірді?

  2. Айбаров тақтада тұрған Тұрарға неге күлді?

  3. Семашко кім? Не себептен Тұрарды көмекші етіп алды?

  4. Тұрар Иван Владимирович алдында қандай қылмыс жасадым деп ақталды?

  5. Тұрарға Иван Владимировичтің берген жауабын айт, қандай кеңес берді?

 

ІІІ. Жаңа сабақ: Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала  Тұрар бейнесі.

Класс оқушыларын 3 топқа бөлемін:

    1 топ: Әдебиетшілер

    2 топ: Тарихшылар

    3 топ: Зерттеушілер

І. Тұрарға мінездеме. Оқушыларға үзінділер беріледі, сол үзінді арқылы Тұрарға мінездеме       беру.


  1. Әттең, әкесі түрмеде жатып тәуелді болмаса, Тұрар қазір бұл есірікті не де болса қамшының астына алар еді, амал жоқ…Бір жағы қорқады. Бір жағы баламысын деген: «Әйтеуір, айтқандарын екі етпей орындай берсем, көкеме көмегі тие ме » деп ойлайды. «Көкемді түрмеден босатар» деп үміттенеді.

( әке-шешеге қамқор)

  1. Бірақ екі жирен қарны тойса қайғырмайды. Нағыз түрме аттары. Тұрар аттарды жайғастырып болып, енді қоранын ішін тазалауға кіріседі. Приходько мырзаның әмірі бойынша, қорада бірде- бір қылпық қалмауы керек. Ақ қолғаппен сипағанда, аттардың үстінен бірде –бір қылау жұқпауы керек.

(еңбекқор)

  1. Бала өте сезімтал –тын. Бір ауыз жылы сөзден іші- бауыры езіле елжіреп, әлде қандай аянышты көмейіне түйіліп жас тығылып қалушы еді.

(сезімтал)

  1. Туған әкесіне опасыздық жасағандай бір беймаза сезім жауқазын жүрегін жаралап, шөңгедей қадалды да қалды. Әкеңнің атын айта алмай күмілжіген не қорлық!

(намысшылдық)

  1. Әлгінде Иван Владимирович айтқан «тарих», «география», «арифметика» деген сөздер шәкірттердің көбінің құлағына тосын еді. Ал Тұрар бұларды түрмеден білетін. Бірінші сыныптықтар «а», «б»-ны жазып, оның мәнін түсініп болмай жатқанда Тұрар іші пысып терезеге қарап отырады.

(қабілетті, зерек, алғыр)

 

ІІ. Тұрардың прототипі-Тұрар Рысқұлов.

 ІІІ.Топтық жұмыс

1 топ: Әдебиетшілер. Әңгімеге композициялық жоспар құру.

 

 



 

 

Әңгіменің басталуы                                             Рысқұлдың Тұрарды түрмеге алдыруы



Әңгіменің дамуы                                      Надзиратель қыспағы

Әңгіменің байланысуы                                        Әке мен баланың айырылысуы

Әңгіменің шиеленісуі                                               Тұрардың фамилиясын өзгертуі

Шарықтау шегі                                                       Тұрардың қылмысы

Әңгіменің шешімі                                                       Иван Владимировичтің көмегі

 

2 топ: Тарихшылар

 

Тірек сигналдары арқылы Т. Рысқұловтың өмірінің өсу жолдарын көрсету.



 

 

 



Алматы                   Мерекедегі                    Бішкектегі                   Ташкенттегі           Ұлт — азаттық

Талғар            туыстарына баруы          1- дәрежелі                   мұғалім                   көтерілістің

Бесағашта      Орыс –қазақ бастауыш        шаруашылық         институтына           басталуы, оған

дүниеге келуі         мектебін оқып,                  мектебін                       түсуі.                      қатысуы.

үздік бітіруі.                      тәмамдауы.

 

 



 

Түркістан                          Монғолияға                     Қазақ халқының жер                        Сталиндік

Республикасы                өкіл етіп                                 бетінен жойылып                  репрессияның

күрес                             жібереді.                            кетпеуі үшін бел буып          құрбаны болған.

орталығының                                                                күреседі.

комиссия төрағасы

болады.

 

  3 топ: Зерттеушілер



Тұрар мен әкесі туралы жазылған еңбектер.

  1. Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» романы

  2. М. Әуезов «Қараш- Қараш оқиғасы» повесі

 

ІV. Тұжырым кестесі

Топтар

Кейіпкер

Іс-әрекеті

Адами қасиеттері

Әдебиетшілер

Приходько







Тарихшылар

Бронников







Зерттеушілер

И.Владимирович







 

V.Венн диаграмма.

 

 



 

 

 



Қиялшыл

Қайраткер

Аңғал










 

 

 



Зерек                                                                                                                                             «Қызыл

жебе»


 

Жасқаншақ












 

 

 



 

 

Сенгіш



 

 

Азаттық



Ұстамды                                                                                                                                       үшін

күрескер


 

 

Әкесін жақсы көреді                                                                                              Халық



қамқоршысы

 

 



 

Өмір әділетсіздігін сезеді,

Күресуге дәрмен жоқ.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



  1. Пікір күнделігі.

 

1 топ: Әдебиетшілер

 

Мәтіннен үзінді

Өз ойың

Мақал- мәтел

Мұсылман болып, Аллаға жалбарынуы да жоқ. Ал Приходько осымен бір-екі рет «шоқын» деп емеурін танытты. Рас, әзір қиналған жоқ. Қинаса қайтпек? Шоқынбасам,әкемді дарға асатын шығар. Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.







 

 

2 топ: Тарихшылар



Мәтіннен үзінді

Өз ойың

Мақал- мәтел

Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты. Амалы жетсе Рысқұл өзінің көкірегін жарып жіберіп, жалғыз жәдігерін қалталы қасқыр сияқты кеудесіне жасырып, алыс сапарға өзімен бірге ала кетер еді, оған айла жоқ. Түні бойы көз ілмей, қиянаттан мұздаған жүрегін жылытқысы келгендей, Тұрардың ыссы басын кеудесіне қысып жатты.







 

3 топ: Зерттеушілер

 

Мәтіннен үзінді

Өз ойың

Мақал- мәтел

Наташа үрейі ұшып, жүрегі аузына тығылып,пәуескенін жақтауынан қарыса ұстап, шыр-шыр етеді. Аттардың басымен алыса-алыса Тұрардың екі қары талып барады. «Осыдан екі асау алып қашып, пәуеске төңкеріліп қалар ма екен, яки біреуді басып кетіп, жазым болар ма екен?» деген ойдан тамырында қан қатып қалған сияқты.







 

 

VII. Сабақты бекіту.



Тест.

  1. Тұрар кім?

а) ақын

ә) қоғам қайраткері

б) жазушы


  1. Рысқұлдың Тұрарды қасына алдыруының себебі неде?

а) сағыну

ә) жау кегінен сақтану

б) науқастану


  1. Тұрар оқу мен жазуды кімнен үйренеді?

а) әкесінен

ә) Иван Владимировичтен

б) Наташадан


  1. Тұрардың дәптерге жазған алғашқы сөздері?

а) көке, ауыл, сағыныш

ә) қызыл жебе, Аспара, әке

б) қызыл жебе, көке, Аспара


  1. Тұрар кімге көмекші болды?

а) Семашко

ә) Айбаров

б) Бронников


  1. Ұзын бойлы, кең иықты, сары шашын жел ыратқан , жирен сақалды, ак жарқын адам? Кімнің портреті?

а) Аркаша

ә) Семашко

б) Бронников


  1. Шығармадағы Салиха кім?

а) Тұрардың анасы

ә) Қырғызбайдың кемпірі

б) Мұғалім


  1. Шығармадағы ұнамсыз кейіпкерлерді ата?

а) Атамырза, Аркаша, Надзиратель

ә) Қырғызбай, Бронников, Рысқұл

б) Рысқұл, Семашко, Атамырза


  1. Тұрар мен әкесі Рысқұл туралы жазылған шығарманы кқрсет?

а)  «Жаңа достар»

ә) «Қараш- қараш оқиғасы»

б) «Ақырғы бәйге»


  1. Мектепте барғанда Тұрардың фамилиясы?

а) Рысқұлов

ә) Айдаров

б) Қырғызбаев

VIII. Үйге тапсырма

«Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбында ойтолғау жазу.



  1. Бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет