тіліндегі морфологиялық ерекшеліктерді
іздей қалсақ,
бірді-екілі «ауытқушылықты» көрсетер едік. Олардың бірі –
жазушының сан есімдермен келген тіркесте соған қатысты сөзді
көптік жалғауда келтіруі. Қазақ тілінің жал пы құрылымдық
нормасы бойынша сан есіммен келген зат есімдер (немесе
«заттанған» сөздер) жекеше тұлғада тұруы керек:
отыз қой
(отыз қойлар
деп айтылмауға тиіс). Ал Мұхаңда оқта-текте
көптік жалғаумен келген тіркестер кездеседі. Бұл әсіресе
«Абай жолы» сияқты үлкен полотнода жиірек ұшырасады. Мы-
салы: Мынау
екі қаралылар
үшін (IV том, 33-бет),
он шақты
кісілер
(IV, 72).
Сірә, бұл – орыс тілінің салқыны болар: Мұхаңның көркем
сөзбен ең әуелі орыс тілінде «тұшынғаны» себеп болса керек
деп топшылаймыз.
Екінші ерекшелік – етістіктің көпше мағынасын ортақ етіс
тұлғасымен жиірек білдіруі:
57
Кейбіреулер ғана күліп жүрген қатындарды қағытқан бо-
лып, қалжыңмен өздерінің ішіндегі жайларын да сыртқа
шығарыңқырап
қойысты
(I, 63). Байдың келіндері... бірін бірі
жұлқылап ойнап, желігіп
өтіседі
(І, 93). (Қасқырлар) екі күн-
дей
ат болысты
(І, 324).
Әрі қарай іздестірсек, 20-30-жылдар әңгімелерінде бұған
тағы екі-үш факті табуға болар. Етістіктің көптік мағынасын
ортақ етіс тұлғасы мен білдіру Мұхаңның әрі қарайғы жазған-
дарында бұдан да жиірек кездеседі. Тек көркем прозасы емес,
көркем публицистикасында да орын алған. Бұл амалды диалек-
то лог мамандар Семей өңірінің ерекшелігі деп көрсетеді.
Сондықтан Мұхаңда өзі өскен ортаның сөйлеу машығы әсер
еткен болар деп шамалаймыз.
Міне, жалпы әдеби тіл нормасынан сәл ауытқып қолданыл-
ған бұл морфологиялық ерекшеліктердің азды-көпті жүйелі
түрде кездесетіндері, ал оқта-текте, бірен-саран жер де ұшы-
расатын «
төртті-бесті
жыл өткенде...» (I, 229), «
бойға биік
»
(I, 238) «
қайтыста (қайтарда
деудің орнына) таң алдында жа-
удан құтылып алған соң» (I, 278) деген қолданыстарды жазу-
шы қаламына тән морфологиялық ерекшелік деп тануға бол-
мас, тіпті бейнормалық деп атау да жөн емес: «
төртті-бесті
»
(төрт-бес
деудің орнына) дегендегі қосымша тұлға
(-ті)
бірді-екілі, барлы-жоқты
дегендер сияқты, шамалау (шама-
мен айтқанда) реңкін беріп тұр деуге болады,
бойға биік
деген
тұлға да – тіл құрылымына жат емес, бұл күнде
бойжеткен
деп
қолданып кеткен сөзіміз күні кешелер
бойға жеткен
түрінде
қолданылғанын, сол сияқты Б.Майлиндегі
атаққа шыққан
жігіт қой
дегендермен параллель түсетінін көрсетуге болады.
Ал жол жүруге қатысты
қайтар, қайтар сапар
деген
сөздерді
Мұхаң о бастан
қайтыс, қайтыс сапар
деп беруге дағдылан-
ған, оның «Индия очерктері» атты көркем публицистикасы-
ның бір тарауы тіпті осылай аталады, бұл
барыс, келіс, жүріс,
тұрыс
деген сияқты қимыл есімдерінің моделімен жасалған
тұлға болғандықтан, нормаға қайшылығы жоқ, тек қана бұл
тұлғаның «қайтыс болу» дегенде қолданылатын мағынасы сәл
кедергі болуы мүмкін.
Сонымен, Мұхтар Әуезовтің көркем проза жанрындағы
алғашқы әңгіме-повестері тілдік-стильдік таным тұрғысынан,
яғни көркемдік қырынан алғанда, нағыз жоғары дәрежедегі
58
(«еуропа көркем сөзі» дәрежесіндегі) туындылардың қазақ
топырағындағы бастауларының бірі деп табамыз. Мұнда жазу-
шы көркемдік-стильдік мақсатпен сөз таңдауда, сөз қиыстыру-
да, сондай-ақ прозаның құрылымдық-тілдік компоненттерін
беруде, синтаксистік тәсілдерді стильдік құрал ретінде
жұмсауда өз қаламының шеберлігін ғана көрсетіп қоймаған,
көп ретте алғашқы соқпағын салып, жол көрсеткен. Мыса-
лы, «текст түзімі» деп аталатын жерде жеке сөздерді немесе
мағыналас, тақырыптас, модальдық жағынан реңктес сөздерді
шоғырлап не қайталап келтірудің алғашқы үлгісін Әуезовтің
«Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу» т.б. әңгімелерінен
көреміз.
Қазақ халқының мәдени дүниесінде бұрыннан «ауыз ша
әңгіме» жанрының болғанын, оның стильдік-тілдік белгілері
бар екенін танытқан да М.Әуезов, Б.Майлиндердің алғашқы
әңгіме-повестері деп білеміз. Бұған М.Әуезовтің «Қорғансыз-
дың күніндегі» әженің монологі, «Сыбанның моласындағы»
Жортар қарттың әңгіме айту үлгісі мысал бола алады.
Жоғарғы талдауларымыз Әуезовтің «сөз тандау» атты шы-
ғармашылық тәсілден синонимдерді, экспрессивтік сөздер-
ді, жергілікті ерекшеліктер мен көне, сирек сөздерді, этногра-
физмдерді орнымен қолдана білу үлгілерін де анық көрсетеді.
Сөйтіп, қорыта айтарымыз мынадай: ұзақ қашықтыққа
жүгіретін спорт шеберінің алғашқы секундтерді дұрыс алып,
топ алдына шығатыны, мәреге жақындаған сайын қара үзіп,
бірінші боп жететіні сияқты, қазақтың көркем сөзінің жүйрігі
Мұхтар Әуезов те алғашқы секундтерін – 20-30- жылдардағы
әңгімелерінің тілдік-көркемдік қадамдарын бірден дұрыс
алған, бәйгіге енді қосылып, қатарға тұрған қазақ прозасын
барлық параметрі (өлшемі) жағынан «мәдениеті жоғары Еу-
ропа әдебиетінің» деңгейіне көтерген деп табамыз. Көркем
сөз бәйгесінен тек өзі озып келмеген, ұлы дүбірде шаң жұтып
қалмай, үзеңгі қағыстыра шабудың әдіс-амалдарын кейінгілерге
көрсете келген...
Мұхтар Әуезовтің 20-жылдарда басталған көркем про засы
бүгінгі әлемдік деңгейден көрініп отырған қазақ әдебиетінің
көркем тіліне С.Торыайғыров, Б.Майлин, Ж. Аймауытов сын-
ды жүйріктер салған даңғыл жолында сайрап жатқан тағы бір
тұлпардың ізі болып көрінеді.
|