Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет34/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

Ақшам жамырап, көз байланды. Нықан бойындағы нау те-
ректер кешкі дүниені азан-қазан жаңғырықтырды. Гүл біткен 
көзін жұмып, ұйықтап қалған сықылды. Ұйқысырап тұрып, 
бірін-бірі түрткілей жайғасып сыбырласады тек
(
260).
Бұл – туыстары Қырғызбайды паналаған бала Тұрардың Са-
халинге айдалып кеткен әкесі туралы қиялдап тұрған шағын-
дағы табиғат тәңірі, нау терек – Рысқұлдар, бірін-бірі түрткілей 
жайғасып сыбырласқан – Тұрарлар сықылды. Сөйткенше бол-
майды, қасқа бұзаудың енесін еміп қойғанын көріп Салиха 
апасы: «Жүгірмек, қу жетім», – деп ұрса жөнеледі, баланың 
«Көке!» деген жан айқайын естіп, шошынып, баланың «таң-
дайын көтеріп, құшақтай алып, бауырына қысады». Тұрар 
Салиханың бауырына басын тығып, көзін сүртіп, тау жаққа 
қарайды. 
Асқар [тау] түксиіп тұр екен
(361). Иә, Аспара – 
Тұрар тағдыры – әлі түксиюлі, қатал...
Шығармада жан бітіп, бірде сөйлеген, бірде үндемеген 
табиғат көріністерін едәуір жиі кездестіреміз:
Үкілі қамыс, көк құрақ, жасыл жыныс – жақсылықтың 
ордасындай, армандардың, үміттердің аралындай тербеліп, 
сыңсып, сызылып тұрады 
(252).
Қабақтың етегіндегі сәмбі 
тал мұңайып тұрады 
(252)...
Ай бетіндегі мең үндемейді. 
Үнсіз қоштасу шығар 
(232).
 Қар түскен сайын шөп сыбырлай-
ды 
(94).
 
Бұл кейіптеулердің барлығының астарында адамдар

адам тағдыры, тіршілік тартысы жатыр, дәлірек айтсақ, табиғат 
көріністері тірі әлемнің қам-қарекетін, кейіпкерлердің ішкі 
дүниесін ашатын психологиялық сипаттамасы болып келеді, 
олар оқырманның сезімін селт еткізеді, әсер етеді: табиғат пен 
адам-кейіпкер, жазушы мен адам оқырман – бәрі қосылып бірін 
бірі ұғысады, бірге қиналады, бірге үміттенеді, бірге...
Табиғаттың символикалық рөлі – «Қызыл жебе» ро маны
тілінің айрықша белгісі. Қызыл жебені ұрлауға бара жатқан-
дағы суреттелетін жеті шоқылы Талғардың алпауыт шыңы – 
Жаңғырық – Рысқұлдың алдында тұрған аса қиын, аса қатерлі 
шаруа – ұрлық шыңның басын алтынмен булаған адасқақ 
алау – сәттілік үміті, Талғардың асқақтап, айбындай түскені – 
барайын деп тұрған ісінің қатерін сезген кейіпкердің символ-
дық параллелі. Ал Қызыл жебені ұрлап алып келе жатқан тұсты 
баяндау стиліне тағы табиғат «килігеді»:


66
Аспандағы ай мен жұлдыздар төбеден төніп, бәрін байқап 
тұрған сияқты. Рысқұлға кінәлай қарайтын да тәрізді. 
Рысқұл білмейтін алдағы сұмдықты ай мен жұлдыздар сезіп, 
секем алып: «Әттеген-ай, бекер болды-ау!» деп, үндері жоқ, 
тек іштен тынып қалғандай
(42). 
Бұл – кейіпкердің ішкі психологиялық күйінің символы. 
«Бекер болды-ау!» деп іштен тынып тұрған – әрине, ай мен 
жұлдыз емес, Рысқұлдың ар-ұждан толғанысы.
«Қызыл жебені» оқып отырғанда, ғажап бір сезімге ие 
боласың: қарағайлы, шыршалы қырқалардың иығынан асы-
лып, қылтиып тұрған тым биік шыңдарды (70) көз алдыңа 
келтіріп тұрсаң, ол – шың емес, түрмеден қашқан әкесін күтіп, 
алма ағаштың ашасына мініп отырған Тұрар баланың күй-
қалпы, алыс үміті екен; «талдардың басындағы бұлт бір кез-
де созбақталып барып қызыл бояуға малынғанын» көз алдыңа 
елестетіп, табиғат көрінісін тамашалап отыр екенмін десең, 
жазушының мұраты – бұл тамашаға кенелту емес, Тұрар 
баланың жүрегін дүрс-дүрс соқтырған Қызыл жебе екен. 
Кәрі болыс Саймасайға ұзатқалы жатқан жас қыз Нүкетай 
«Көлсайдың бетіне түскен көгілдір аспанды, зүмірет шырша-
ларды, зүбәржат есіл дүниені түгел көріп тұр» (83) деп мәз 
болсаң, жоқ, қыз бұларды емес, көгілдір аспандай, зүмірет 
шыршалардай, зүбәржат дүниедей оң жақтағы қайран бостан 
шағын, қор болғалы тұрған тағдырын көріп тұр екен.
Жазушы әңгімені «ол ағаштар әлдеқашан шіріп кеткен» 
(99-100) деп бастаса, тіпті оны екі-үш рет қайталаса, айтайын 
дегені – бұдан отыз жыл бұрын көшіп кеткен Тау-Шілмембет 
адамдарының ата жұртында қалған кәрілерінің өліп біткенін 
баяндау екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет