71
Жеке сөздерді әңгімелеу үстінде орыс сөздерінің кейіпкер-
лер аузында айтылған түрлеріне назар аударуға болады. Мұнда
үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы оқиғалар
суреттеледі және Ресейдің империялық әкімшілігі, әкімдері
заң-законы, түрмесі, мектебі, ұлығы мен мұжығы араласқан
(қатысқан) оқиғалар, іс-қарекеттер әңгіме болады. Демек,
автордың баяндау тексінде де, кейіпкерлердің тілінде де орыс
сөздерінің келуі орынды да заңды. Ол сөздер ресми атаулар да,
тұрмыстық сөздер де болып келеді. Автор, әрине, бұлардың
басым көпшілігін бұл күнде өзіміз қолданып жүрген орысша
тұлғасында (мы салы,
комиссия, пристав, прокурор, камера
т.б.) жұмсайды. Ал кейіпкерлер оларды өз тілдеріне иіп, «сын-
дырып» айтады. Мысалы, Рысқұл
піркөрер
(«Ана шегірткенің
айғырындай шіңкілдеген
піркөрердің
аузына құм құйылар
еді»
– 200)
қатырғы
(«Ей, сот! Мен
қатырғыға
қатын, бала-
шағамды бірге ала кетемін. Оған қалай қарайсың?»
–
208),
кәмесия
(«Мына
кәмесияң
ең басты белгімді таба алмады» –
213),
нешауа
(211) деп, ал Ахат шал
Достарыңызбен бөлісу: