Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет23/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

аужал алу
деген тіркес бар. Мамандар 
аужал
сөзін Абай, Шұбартау аудандары тілінде «тірлік емес» деген 
диалектизм деп көрсетеді. 
Шұбар
сөзін де мамандар «қалың 
тоғай» деген жергілікті сөз деп табады. Мұхаңда бұл сөз 
тобылғылы шұбар, қалың шұбар
түрінде қолданған. Аң аулауда 
қолданылатын 
қағушы
сөзі де қазақ жерінде түгел жайылмаған. 
Диалектологтар 
аң қағу 
тіркесін Семей өңірінің «аң аулау» 
мағынасындағы сөзі деп тіркеген. Біз бұл күнде 
қағуы
сөзін 
диалектизм деп бірден ұға да бермейміз, сірә, ол ұлы Абайдың 
«бүркітші тау басында, қағушы ойда» деген атақты өлең жол-
дарын түсініп, жаттап өскендігімізден болар. Оның үстіне 
аңды, құсты 
қағып алушы
деген мәнде екенін сөз түбірінің 
өзі білдіріп тұрғаны да 
қағушы
сөзінің аң аулау әңгіме болған 
жерде қолданылғанда, мағынасын аңғару қиынға соқпайды. 
Бұл сөз Мұхаңның «Көксерек» әңгімесінде қолданылған: Жан-
жақтағы қағушылардың бәрінің де алдына қарап өтеді (І, 333).
Мұхаңның 1922-1925-жылдардағы көркем шығармаларын 
мұқият ақтара келгенде, бұл күнде жазушының өзі мен 
кейіпкерлерінің ортасында кездесетін жергілікті сөздер деп 
танылып жүргендерден 
там 
(үй, қысқы жай мағынасында); 
«мықты», «күшті» және «өте, аса, тым» мағынасындағы 
қиын; 
шейін, дейін
шылауының 
шекті 
варианты; «апа» сөзінің 
әпке 
варианты; «жартас» мағынасындағы 
тектұр
сөздері кезде-
седі. Бұлардың көбі автордың өз сөзінде және ешбір стильдік 
мақсат көзделмей жұмсалған. Сірә, М.Әуезовтің қаламды 
енді қолға алған тұсында жазылған әңгімелерінде кездесетін 
быжғылдап
ұру (381), сайды 
жалбылап
жүру (334), зор денелі 
аңсағай
жігіт (44), 
тілегіне табылу
(тілегіне құлақ асу) (471), 
сарамас
(жаман, оңбаған), 
кәпірстан мінезі, кәпірстан болу 
(413), бір-біріне қатты 
уығу
(жауығу) (174), 
созалаңдау
(со-
зылу – 189), 
егін басқа отырды
(228), 
іріңдей
семіз ат (231), 
етін сыртына тепті 
(231) 
ағайын ауқымынан шығып
шеңбер бұзу
(236), (келесі бетте: 
шырық бұзған қылық –
237), 
оң киім
(241), 
жарасы ыңсу
(242), 
дайыны жоқ сөз
(жүйесіз 
– 243), қалың қарағайды 
құндыздап
жүру, аңды 
ақтармалау


44
(263), 
ақтармалатып
сою (278), 
ләнет
(лағынат – 294), 
майдан беру 
(айқасу) сияқты қолданыстардың бірқатары 
«Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігіне» мүлде енбе-
ген. Мысалы, 
быжғылдап ұру, шеңбер түзу, тілегіне табы-
лу

майдан беру,
(жарасы) 
ыңсу, іріңдей
(семіз), 
дайыны жоқ
(сөз) дегендер не реестр сөз ретінде, не олардың ұясындағы 
тіркес ретінде енбеген. Ал 
ақтармалау, жалбылап
жүру, 
дәркүмән, аңсағай 
дегендер жергілікті (диалектизм) деген 
белгі қойылмай, демек,барлық өңірге ортақ, түсінікті әдеби 
норма ретінде берілген, бірақ мысалдар тек М.Әуезовтен және 
Абайдан 
(дәркүмән)
келтірілген, ал 
құндыздап жүру, сара-
мас
деген сөздерге «жергілікті» деген белгі қойылып, мыса-
лы тек М.Әуезовтен, 
сарамас 
сөзі Мұхтар Әуезов пен Қабдеш 
Жұмаділовтен алынған. Демек, бұлардың барлығы – диалек-
тизм деп табылсын-табылмасын, негізінен белгілі бір өңірде 
ғана қолданылатын, қалың көпшілікке мағыналары бейтаныс 
сөздер. Біздіңше, бұлардың барлығы да – лексикамыздың 
қорына ену мүмкіндігі бар әлеуетті (потенциалды) сөздер деп 
аталатын қабатты құрайтын элементтер.
Сөздік түзушілер мен мұғалімдерге, тіл зерттеушілер мен 
қалам ұстаған ақын, жазушы, журналистерге ескертуге бо-
латын бір жайт – қазақ әдеби тілінің лексикалық қабаты әлі 
түгел толығып болмағанын айту керек. Қазіргі кезде диалек-
тизм, яғни таралу аясы шектеулі жергілікті сөздер деп танып, 
әр алуан сөздіктерде осы айдармен тіркеп 
жүрген
сөздердің 
бірқатары, мысалы, жоғарыда көрсетілгендей сөздер, әдеби 
нормаға әбден сыйымды. Оған негіз болатын бірнеше фак-
тор бар: алдымен, бұлардың бірқатарының тепе-тең әдеби 
эквиваленті жоқ. Мысалы, малды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет