АҚынның МӘҢгілік мұҢЫ 18 Сәуір, 2013 ж 1 826 0



бет1/5
Дата20.03.2020
өлшемі191,49 Kb.
#60475
  1   2   3   4   5
Байланысты:
bcfnfq

АҚЫННЫҢ МӘҢГІЛІК МҰҢЫ

18 - Сәуір, 2013 ж  1 826 0



Қазақ әдебиетінің барлық жанрларында арынды ақын, алдас­пан жырдың дарабозы әрі батыр, әрі ту ұстаған қолбасшы Махамбет Өтемісұлы туралы шығармалар аз жазылған жоқ. Сонау ақын Ығылман Шөрековтен бастап бүгінгі суреткер қаламгер Зейнолла Қабдоловқа дейінгі қалам ұстаған дарындардың барлығы бұл қасиетті тақырыпқа ат басын бұрмай өте алмаған. 
Айталық, жазушы Зейнолла Қабдоловтың көп жылдар бойын­да іштей дайындалып, ойына алған, осы мақсатта деректер жинас­тырып, жүрек түкпірінде сақтап жүрген, жанына жақын тақырыбы қазақтың алдаспан ақыны Махамбет бейнесін сомдау болатын. 
«Менің Әуезовім» роман-эссесінен кейінгі күрделі туындысы – Махамбет бейнесіне қалам тартқан қаламгер бұл романын толық аяқтап үлгермеді. Оу бастан Махамбет тағдыр кешкен тұтас дәуірді толықтай қамтып, сол кезеңнің тарихи шындығы мен тарихи тұлғаларды қатар ала отырып, бүгінгі заман биігінен ой толғағысы келген қаламгердің аяқ алысы, қалам сілтесі бірден сезіледі.
Ой ауқымын кеңге салған, суреткерлік, көркемдік жинақтаудың эпикалық биігіне қол артқан автордың суреттеулерінен болашақ туындының терең тынысы, көп қырлы болмысы бірден көзге түседі.
Бұл туындының алғашқы тараулары З.Қабдоловтың өзі дүниеден өткеннен кейін жарық көрген бес томдық таңдамалы шығармаларының бесінші бөлімінде «Мұз үстінде от жаққан» атты тақырыппен жарық көрді. Болашақ романның алғашқы беттеріндегі оқиғалардан-ақ оқырманға терең әсер тастайтын «Арыстан еді-ау Исатай», «Қаһарман ақынның тағдыры мен тағылымы», «Айбын мен айдын», «Ақын өлімі» (роман эскиздері) деп аталатын атаулар бір-бірімен іштей сабақтасып, тұтас дүниенің енді көтеріле бастаған қабырғаларын көзге елестетеді.
«Ақын өлімі» тарауында тұтаса бастаған басты идея, тартысқа толы сюжет шырғалаңдары қылаң бергендей. Махамбет қазасына байланысты өрбитін оқиғалар суретінің алғашқы арналарын Зекең өзіне тән құнарлы тілмен, суреткерлікпен, өзіне тән стильде қағазға түсіріп үлгерген екен. Өте әсерлі, тартымды оқылады.

Жазушы бірден Бөкей ордасына байланысты тарихи оқиғаларға баға беріп, тарихи ретроспектива аясында бірнеше шегіністер жасайды. Еділ, Жайық арасын бейбіт жайлаған қалың қазақтың тарихи тағдыры қалайша замана көшінде сан қайтара сынға түскені де жазушы жинақтауларында суреткерлікпен көрініс табады. Жазушы ой ауқымын кеңге салады. Тарихи деректер шығарма тініне әдемі кірігіп, болашақ Махамбет тұлғасына барар жолды саралай түседі.


«Жәңгір туатын жылы патша ағзамның жарлығымен Бөкей сұлтанның қашаннан бергі арманы орындалып, Еділ, Жайық – екі өзен арасы түгелімен Бөкей Нұралыұлына мәңгі бақи меншіктеліп берілді. Бұл бұған дейін ешбір қазаққа жасалмаған мырзалық еді.
Еділ, Жайық арасын бұдан бұрын жоңғарлар таптап, қалмақтар жайлап бұларды патша жасауылдары казактар қуып шыққан соң көп уақыт бос жатқан қызыл шағыл боз дала болатын. Сол дала енді күтпеген жерден Бөкей сұлтанға берілді. Бұған жұрт таңғалды:
– Япырм-ай, тас сараң патша қалай қиып беріп жүр? – десті. Оны біреулер түзетіп:
– Бос жатқан жер, ұстап тұратын адам керек, неге бермесін?! – деді.
– Жоқ-ау, қазаққа қалай қиды деймін ғой.
– Бөкей де жарты қазақ, жарты орыс емес пе? Берген содан соң.
– Қалай орыс болады Бөкей?
– Көк көз ғой, орыстан несі кем?
– Солай екен-ау!
– Солай болғанда қандай? Биыл туған ұлы Жәһәнгердің де көзі көкпеңбек. Бұл да орыс, әкесінен аумайды, аузынан түскендей…
Бұлардың бәрі қаңқу. Өсек.
Тумыстан асыл жаралған ақылды, парасатты Бөкей не істеп жүргенін өзі біледі. Хан тұқымы, төлеңгіт емес, төре Бөкей сонау Шыңғыстан бергі ата-бабаларының орыстан шылбыры үзілмей келе жатқан тағдыр үрдісін бұл да бұза алмады. Қазақтар орыссыз өз алдына дербес ел бола алмайды деп білетін. Ойда – орыс, қырда – қытай. Шылбырдың бұрышын қара қытай ұстаған жөн бе, әлде қазақтың көзі үйренген сары орысы дұрыс па?
Әрине, отаршылар аяққа тұсау салмақ түгіл шідер салса да, қытайдан орыс дұрыс деп білді.
Әрине, Бөкейдің мойнына ілінген үзбелі түйме жай түйме емес, оның өзіне, өзі басқаратын халыққа салынған отаршылдықтың қылбұрауы да еді. Бұл бұғалыққа көнбеуге Бөкей ханның да, оның қай заманда да құлдықтан, азап пен бейнеттен арылмаған бодан халқының ешқандай лажы жоқ еді».
Осылайша тарихи шындықты ой елегінен өткізген қаламгер Махамбет бейнесіне барардың алдында Әбілқайыр, Бөкей сұлтан Нұралыұлы, Жәңгір хан сияқты тарихи тұлғалардың тағдырына да соғып өтеді. Болашақта Махамбет, Исатай бастаған ұлт-азаттық көтерілістің әлеуметтік себептеріне, тарихи тамырларына ой, парасат көзімен үңіледі.
Жалпы романда көп сөз болатын тарихи мекен Қараой, Қараойдағы Махамбет тағдыры, ақын ойын тұйыққа тірейтін шытырман түстің күдігі, осы тұстағы жазушы суреттемелері бүкіл романның идеялық жүгін ұстап тұрған бел омыртқадай көрінеді. Яғни «Түс», «Шер» деп аталатын тараулардағы сөз болатын оқиғалар сарыны, кең тынысты авторлық баяндаулар болашақ романның көп қатпарлы, көп кезеңдерді қамтитын күрделі шығарма ретінде жоспарланғанын анық аңғартып тұр.
Қазақ тағдырының ең бір күрделі, алмағайып кезеңін Жәңгір хан, Өтеміс, Исатай, Махамбеттей тарихи тұлғалар арқылы бейнелеуді мұрат тұтқан қаламгердің осынау шығармасының аяқталған нұсқасының қолымызда қалмағаны, әрине, өкінтеді. Солай бола тұра, Махамбет тұлғасына, Махамбет тағдырына арналған барлық шығармалардың ішінде З.Қабдоловтың осынау романының соңғы жылдары жарық көрген туындылардың арасында дара, шоқтығы биік көрінетіні сөзсіз.
Жалпы осы орайда кішкене шегініс жасасақ, тұтас қазақ әдебиетінде Махамбет тұлғасына қалам тартқан қазақ қаламгерлері аз болған жоқ. Барлық жанрда, үлкенді-кішілі туындыларда Махамбет тағдыры шығарма өзегіне айналды. Алдымен қазақ поэзиясындағы Ы.Шөрековтің «Исатай-Махамбет» дастаны, Ж.Молдағалиевтің «Кек», Ж.Нәжімеденовтің «Жаңғырық», Ә.Кекілбаевтың «Махамбет», М.Шахановтың «Нарынқұм трагедиясы», Ф.Оңғарсынованың «Алмас қылыш немесе Махамбетпен қалай кездестім», М.Неталиевтің «Арыстан еді-ау Исатай» поэмалары, Қ.Бекқожиннің «Махамбет қабірінің басындағы тебіреніс» атты толғауы, ақындар Х.Ерғалиев, О.Сүлейменов, М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Әбдіраш, Т.Медетбек, Р.Ниязбек, И.Оразбаев, Ұ.Есдәулет, т.б. әр жылдары жарық көрген туындылары Махамбет тұлғасын әр қырынан сомдауға арналды.
Бұлардың арасында жаңа жанрлық форма өлең-роман да ұшырасады. Айталық, «Арыс» баспасынан жарыққа шыққан ақын Р.Ниязбектің «Махамбет майданы» атты туындысын осы қатарға жатқызуға болады. Екі жүз өлеңнен тұтастырылған поэзиялық шығарма Махамбет тағдырының барлық кезеңдерін қамтып қана қоймай, сол тарихи тұстағы қоғамдық-әлеуметтік сахнаға шыққан қазаққа белгілі тұлғалардың барлығының халық санасындағы орны да айшықталып шығады. Өлең-романның басты құндылығы – бүгінгі заман рухымен терең сабақтасып жатқандығы.
Бұл қатарға сонымен бірге І.Жансүгіровтің «Исатай-Махамбет», Б.Аманшиннің «Жақия», Ғ.Слановтың «Махамбет», М.Ақынжановтың «Исатай-Махамбет», соңғы кезеңде жарық көрген С.Жүнісовтің, Ә.Таразидің, И.Оразбаевтың «Махамбет» атты туындыларын, т.б. қаламгерлердің драмалық шығармаларын қосуға болады.
Әсіресе І.Жансүгіровтің отызыншы жылдары дүниеге келген «Исатай-Махамбет» атты трагедиясы сол тұстағы әдебиетіміздің шоқтықты туындыларының бірі болды десек, қателеспейміз. Бұл драмалық шығарма сол заманның талабына сай жазылса да ішкі көркемдік қуаты, тілі, жазылу стилі тұрғысынан ақынның сәтті шығармаларының бірі болды. Әсіресе Исатай батырдың қан майданда мерт болатын тұстарын бейнелейтін сахна көріністері, соғыстың тұтас суреті, осы арадағы Махамбет аузымен айтылатын астарлы толғаулар, қазақ елі мен жерінің тағдырына қатысты сол кездің өзінде көтерілген өткір ойлардың шығарма ішіне енуі Ілияс Жансүгіровтің қайталанбас қалам қуатын танытты.
Ал енді проза жанрында тарлан қаламгерлер Тәкен Әлімқұловтың атақты «Қараой» әңгімесі, Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» атты романы, кейінірек дүниеге келген Берқайыр Аманшиннің «Махамбеттің тағдыры», Қажығали Мұханбетқалиевтің «Бас жұтқан бас», Ә.Сарайдың «Исатай-Махамбет», Нәбиден Әбуталиевтің «Қайран Нарын», Марат Мәжитовтың «Барлыбай түбіндегі ән», тағы басқа да қаламгерлердің прозалық туындылары алдымен ойға оралады.
Бұл туындылар несімен қымбат, несімен қадірлі? Авторлары қандай көркемдік ізденістерге қол жеткізе алды? Махамбеттің күрделі тұлғасын көркемдік тұрғыдан жинақтауда, сол тұстаға қазақ басына түскен бодандық, патшалық Ресей империясының қазақ даласында жүргізген отарлау саясатының қанқұйлы көрінісі, сонымен бірге ел ішіндегі, ағайын арасындағы зұлымдық пен сатқындық үстемдік құрған заман шындығын шынайы жеткізуде қай қаламгер қандай суреткерлік әдіс-тәсілдерге қол артқан екен.
Соған бір сәт назар тоқтатсақ, алдымен Махамбеттің өмірі мен заманы туралы көркем шығармалардың ішінде Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» атты туын­дысы айрықша дара тұрады. Бұл туынды көтеретін, арқау ететін көп қатпарлы әлеуметтік-қоғамдық шындық, осы арнадағы суреттелетін оқиғалар ағымының ауқымдылығы тұрғысынан келсек, осы шығарманың бір өзі Махамбет тағдырының барлық кезеңін қамтып өтеді.
Қараой – жер атауы. Махамбетке жасалған соңғы қастандықтың да осы жерде өткендігіне автор айрықша мән береді. Сондықтан да осы қасіретке бастаған қаралы оқиға тарихы жазушы суреттеуінің басты көркемдік нысанасына алынған.
Әңгімеде Махамбет өмірінің соңғы сәттері сөз болады. Ең бастысы, мұнда қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы асқақ көрінеді. Ешқашан, керек болса хан, сұлтан алдында да төмендемеген, аласармаған ар-намысы соңына түскен көп тобырдың қолы жетпес биікте қалады.
Ал енді суреткер жазушы Зейнолла Қабдолов өз романының барлық тарауларында дерлік Махамбет тұлғасына, оның болмыс-бітіміне, қайсар мінезіне қайта-қайта айналып соғып отырады. Романның ішінде ерекше көзге түсетін бір ерекшелік – Махамбет, Исатай тағдыр кешкен табиғи орта, атамекен суреті кең ауқымда суреттеледі. Табиғат көріністеріне автор айрықша мән береді.
«Тайсойған да аумаған Нарын, Ойыл мен Жем арасын тұтастыра жалғап көсіле көлбеген жалпақ шағыл. Бұл да шағыл болғанда сусып төгіліп жатқан жалаңаш құм емес, қызғылт топырағы сұрғылт шүйгінмен, кей тұстары жасыл шалғынмен қымталған көгілдір қоңырлықтар мен кең қолтықтар, белес-белес белдер, қырқа-қыраттар, қалың елге сая, мал мен жанға пана Нарын ханжайлау болса, бұл – саржайлау. Оңтүстік шалғайы Жем суынан басталатын Тайсойған солтүстігінде Бүйрекқұмға ұласып, Ойыл өзеніне тіреледі. Ойылдың дәл осы аралығында Сырым бөгеті, бөгет жиегінде даланың жалындай жалбырап тұрған бір шоқ терек бар. Мұны да Ақкөл мен Кезауызға қарай өткен жолаушыға көлеңке болсын дегендей Сырым батыр өз қолымен егіп кеткен көрінеді». Осылайша суреткер жазушы әрі тұста, әрі қысқа, әрі әсерлі пейзажға орын беріп отырады.
Ары қарай: «Кезауыз – кезауыз десе кезауыз, оңтүстікке қыртыс-қыртыс қызыл шағылды қақ айырып ағып жатқан Жарыпшыққан өзенінің солтүстіктегі Ойыл суынан жырылған жіңішке жылғаның толқыны терең Тайкеткен арнасына келіп тоғысатын құйылысы – табаны тастақ, жиегі қайраң құмды өткел еді» деп кеше ғана өзі желөкпе жалаңаяқ бала кезінде армансыз кешіп өткен сол өткелін енді келіп жүрегі сыздап аңсайды.
«Бұл араның суы – жайылма, саяз, тізеден аз-ақ асады. Жағасы жайпақ. Сырым бөгетінен арғы Қарамеңнен Қаракөлге, одан әрі Қарабайға қарай сапар шеккен жолаушы арбадан түсіп, балағын түрініп, білегін сыбанып, бой сергітіп, ұйқы ашар салқын сумен бетін бір сипайды да, көлігін қылт етпеден ат емес өзі сүйреп өткендей арғы бетке шыға бере жайланып суын ішеді.
Содан соң пар аттың қамытын алып, делбелерін шұбатып, жағада жайқалған көк құраққа тұсаусыз қоя береді. Аттар шашасын салқын су шайған жерден тапжылып табан аудармастан қысқа дейін бояуын өзгертіп, буынын қатырмайтын балдырған бала құрақты бас салып шалғыша қияды да оқта-текте пысқырып қойып күрт-күрт, кірш-кірш шайнайды. Содан мінер жағынан иесі оралғанша орнынан қозғалмайды.
Ал иесі жағадан жоғары көтеріліп, шағыл шетіндегі шоқыға шығады, шешінеді. Шоқының іргесіне ырп-ырп соғып Жарыпшыққан ағып жатады. Нәрі тап-таза, жағасы – құмайт, түбі – тегіс ақ қайраң. Суының мөлдірлігі сондай ағыспен ығып, жүзіп келе жатқан шоршыма, сойқан балық шортан жағадағы адам қараны көріп кенет шошиды да толқынды құйрығымен бір ұрып кері бұрылып қашып кетеді. Соған бағып, бетінен түбі көрінген мөлдір су саяз шығар деп секіріп түсе қалсаң, үш кісі бойы тереңге шым батасың да кетесің.
Жарыпшыққан – сондай алдамшы өзен, тереңі тентек, тек беті ғана күледі.
Өтеміс пен Махамбет – әкелі-балалы екі салт атты Тайсойғанды екі күн аралап, бүгін үшінші күн дегенде Кезауыздан өтіп, күн шыға Сырым бөгетіне қарай бет түзеді. Бірақ бұлар жағаға шешінген жоқ, Жарыпшыққанға шомылған жоқ; күз салқын, күн желкем еді». Осылай төгіліп түсетін табиғат суреттері романның өне бойына айрықша құнар дарытып, қаламгердің тіл кестесін айшықтап көрсетеді. Зейнолла Қабдоловқа тән суреткерлік тіл, көркемдік бояу, оқырманға терең әсер тастайтын теңеулер үрдісі ой мен парасатқа суарылған.
Осындай суреттеулер Тәкен Әлімқұловтың «Қараойында» да сан қайталанады. Екі суреткер де ақын тағдырына, ақын трагедиясына жақындай түскен сайын табиғат көріністерінің ­бояуын қалыңдата баяндайды. Салқын күздің, желкемді күннің суреті екі шығармада да ұқсас қайталанады. Табиғаттың сұсты суреті Махамбетке қатысты өрбитін қанды оқиғаға астарлы мән береді. Осы арқылы Махамбет трагедиясына алып келетін күллі іс-әрекеттің динамикасы ширатыла, ширыға түседі.
Т.Әлімқұловтың шығармасында күтпеген жерден қызғыш құстың көрінуі, көң қарғаның ұшып жүруі, ботаның боздауы, сол кеште, апақ-сапақта айдың тұтылуы, барлығы ақын өлімін, оның ауыр қазасын шарықтау шегіне жеткізе суреттеу­ге жол ашады.
Зейнолла Қабдолов өз романында Махамбет қазасын суреттейтін эпизоттарды қағаз бетіне толық түсіріп, үлгеріп кете алмағанымен, бірақ ақын қазасына алып келетін барлық оқиғалардың дәлел-деректерін айна-қатесіз, нанымды, сенімді суреттеулер арқылы алып келеді.
Махамбет трагедиясына алып келетін оқиғалар тізбегі жазушы суреттеулерінде көп қырлы, полифониялық сипатымен есте қалады. Махамбеттің соңғы күндерде, жалғыз қалғанда, күллі өмір жолын көз алдынан өткізіп, ой тұңғиығына батқан сәттерін суреттеген беттермен роман нүктесі төмендегідей қойылады: «Сол баяғы жалғыз үй, сол баяғы екі құлынды бие, екі боталы түйе, бір ат. Қазір боталар босатылып, құлындар ағытылған. Бәрі қосылғанда тоғыз құрапты; кәдімгідей көз кідіртер бір табын мал. Және бәрі қосылып, топталып, бірге жайылып жүр; тоғызы да Қараойдың Дендер жақ беткейінде шідерлеулі кер арғымақтың төңірегіне шоғырланып, бір-бірінен қара үзбей жайы­лады.
Махамбет бірауық аспанға бұрқыраған будай яки түтілген түбіттей будақ-будақ әуеде ілініп тұрып қалған қызғылт бұлттарға қарады. Алып аспанға айшық-айшық сурет салған қызыл бұлттар шынында да әр нәрсеге бір ұқсап кетеді. Махамбеттің көзіне мына суреттер Жасқұстағы Орда шаһары секілденіп кетті. Хан ордасына Теке жақтан келіп төте кіретін айдау жол бар-ды; мынау орданың сол Теке беті сияқты. Хан сарайының әшекейлі биік қақпасы, сарайдың екі қанатын кере созып әкететін көше-көше көп үйлер, тіпті оң жақтағы айдын – Шалқар көл мен сол жақта қолдың саласындай тізіле самсап, жиекқұмды жағалай жосылып әрі асқан жал-жал жасыл теректер… Бәрі де қызғылт сары нұрға балқып, керемет көркем келбетпен Махамбеттің көзін арбап алды.
Махамбет аспандағы бұлтқа телміріп ұзақ тұрды; қызыға қарап, қатты толқып ойланып тұрды: «Япырм-ай, тіршілік түп-түгел жерден кетіп, аспанға көшкен бе, қалай!»… Жапан далада жалғыз қалған ақынның күллі ішкі жан әлемі, жүрек күйзелісі, атамекеніне, туған жеріне, туыс-бауырларына деген ұлы сағынышы, ұлы қайғысы, ұлы мұңы, барлығы ақынның осынау сана ағымы арқылы көз алдымыздан өтеді.
Осыдан кейін роман Махамбеттің басын шабуға келген бір топ жендеттердің, яғни «сау желіп, суыт келе жатқан тобырдың» оңаша отырған қараша үйге өңмеңдей кіріп, залым ойларын іске асыруға беттеген зымиян іс-әрекеттерін суреттеумен тәмамдалады.
Ары қарай Махамбеттің Ықылас бастаған опасыз ағайынның алдында алдаспандай арқырап сөйлеп, айыбын айтып, ат құйрығын кесісіп, шарт кетуі. Ызадан жарылардай болған жеті баскесердің қылыштарын ала ұмтылған қаскөйлігінен титтей де қаймықпаған, жаралы арыстандай жалғыз алысқан алып жүректі ақынның жан алысып, жан беріскен арпалысы.
Махамбеттің жантәсілім етер сәттегі Ұлы өкініші. Ұлы арманы. Осының барлығын жазушы ақ қағазға түсіріп үлгермеді.
Тағдырдың жазуы.

Қансейіт Әбдезұлы, 
әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ-дың 
профессоры,
филология ғылымдарының докторы

«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ғылыми жоба
Ілияс Жансүгіровтің көркем прозадағы еңбегі мен тың ізденісі

Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі С. Қ.Төлеуханова

Ғылыми жетекшiсi: Ф.Ғ.Д., филология және журналистика

кафедрасының профессоры: М.М.Иманғазинов

2015 жыл


МАЗМҰНЫ:
Кіріспе…………………………………………………………………....................3

1Ілияс Жансүгіров прозасындағы образдық бейнелердің көркемдігі…………….............................................................................................5
1.1.Қазақтың прозалық туындылары және Ілиястың прозадағы тың ізденісі.....5
1.2.Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармаларындағы тың ізденісі және ондағы тарихи бейнелер мен прототип................................................................................8
1.3. Ілияс Жансүгіровтің классикалық таңдаулы прозалық туындыларындағы образдық тарихи-көркем бейне...............................................................................11
2 Ілияс Жансүгіровтің көркем прозадағы еңбегі мен тың ізденісі...............44

2.1.Ілияс Жансүгіров сатирасындағы образдық көркемдік бейне…………………………. …….........................................................................44

Қорытынды. …………………………………………………………......................58



Пайдаланылған әдебиеттер.......................…………………………………..........62

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. диплом жұмысы «Ілияс Жансүгіровтің көркем прозадағы еңбегі мен тың ізденісі» деп аталады. Оның өзектілігі - Ілияс Жансүгіровтің классикалық туындылары қазақ халқының реалистік өмірін мейлінше бейне тудырар көркемдік әдіспен шынайы, дәл айтуға, көркем бейнелеуге көп күш жұмсаса, ол жөнінде толыққанды зерттеу жүргізілмеген. Ілияс Жансүгіровтің әр тақырыпта жазған алғашқы туындыларынан бастап, прозалық шығармаларында ел өмірі мен бірге халықтың ауыр тұрмысы, билеуші таптардан көрген құқайы, теперіші, аянышты халі өте шынайы, көркем тілмен жазылғанына көз жеткізе аламыз. Қазақ әдебиетінде көркемдік дәстүрді қалыптастырған бірінші ақын Ілияс Жансүгіров болса, ондағы образдық көркемдік бейне болмысы оның әр шығармаларында көрініс берген. Бұл игі дәстүрді кейінгі буын қаламгерлері кейінгі кезеңге жалғастырып, белгілі бір аумақты арнаға түсіріп, бүгінгі күні қазақ әдебиеті қомақтана түскені жалпы жұртқа мәлім болса, бұл жұмыстың өзектілігі ашылары һақ.

Жұмыстың мақсат-міндеттері. Прозалық жанрдың орта көлемді түрі – повесть болса, онда образдық көркемдік бейне деталінсіз көзге елестету мүмкін емес. Ал, тарихи тақырыптағы әңгімелердің бүкіл әдебиетке қосқан идеялық-көркемдік үлесін сөз еткенде, өнер тақырыбындағы алғашқы қазақ прозасындағы көркемдік шеберлікке ең алдымен көңіл бөлсек, онда да образдық көркемдік бейне тарихи оқиғаға қатысты болуы шарт. Өйткені, қазақ қаламгерлері халықтың рухани байлығы өнерді, сол өнерді жасаушы асқан дарын иелерін жазу арқылы қазақ прозасының ең жақсы үлгілерін қалыптастырса, онда кез–келген қаламгер образдық көркемдік бейне мәселесіне үлкен көңіл қойғаны абзал. Өнер арқылы өткен дәуірдегі халық өмірінің әлеуметтік шындығын терең ашуда жазушылар проза жанрының бар мүмкіндігін жете пайдаланды.

Жұмыс нысаны. Ұлттық әдебиеттегі осы бір жанрдың кемелдене түсуіне кең жол ашты. Олар идеялық мазмұны бай, көркемдік сапасы мол бірнеше прозамен қазақтың эпопеялық прозасының өрісін кеңейтіп жіберді. Жалпы, қаламгердің әр туындылары жөнінде айта кетсек, көптеген туындылары қарасөзбен де, өлеңмен де жазылған. Онда белгілі бір кездегі өмір шындығы мен адам тіршілігінің алуан сәттері, қоғам өміріндегі елеулі оқиғалар суреттеледі. Әр тақырыптағы туындыларды қарастырғанда, ең алдымен байқалатын жай: жанрдағы шеберлік мәселесі мен ондағы образдық көркем бейне. Жанрдың кемелденіп, толысуы өзге тақырыптардағы туындылында да бар екені рас.Сондықтан бұл туындыларды қал-қадірімізше ой елегінен өткізіп, талдап шықсақ, тақырыптың нысаны ашылар деген ойдамыз.

Ғылыми жаңалығы. Сан ғасырлық халық талантының жарқын көрінісі – ғажайып әр жанрдағы туындыларды нақышына келтіре толғаған бірінші қазақ қаламгері Ілияс Жансүгіров болса, оның 1912 жылдан бастап жазған өлеңнен кейін әр сала бойынша түрлі шығармалар жазған қаламгердің еңбектерінде образдық көркемдік бейне тұнып тұр. Айталық, «Күңнің өлімі» (1921), «Талтаңбайдың тәртібі» (1923), «Құқ» (1928) прозасында кейіпкерлердің күйініш-сүйініштері нақты фактіге, шынайы тартысты, көркем күйінде берілген.

Дәл мұндай тұрғыда жазылған туындалар Ілияс Жансүгіровте өте мол. Сондықтан осы тақырып аясын ашу үшін оның бірнеше туындаларын алып талдау өткізіп, әдеби анализ өткізу мақсатын көздесек бұл жұмыстың басты жаңалығы болмақ.



Диплом жұмысының дерек көздері. Прозалық, сатиралық, публицистикалық жанрлық сипатта жазылып, халық өмірін баяндайтын туындыларда да образдық көркемдік бейне детальдары 1920-30 жылдары газет-журналдарда жарияланып, олардың бірқатары 1933 жылы толық жинағының 2 томына енді. Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы образдық көркемдік бейне және прозадағы тың ізденіс болмысын талдауда қаламгердің 20-тарта шығармасы негізге алынбақ. Бұл 1912 жылдан бастап, 1933 жылға дейін жарық көрген таңдаулы шығармалары. Таңдамалы прозалары мен очерк, әңгіме, фельетондары 1930 жылдары таңдамалы туындылары өз алдына кітап болып шықты. Олардың жалпы саны жиырма шақты болса, олардың бірқатары толық күйде талданбаған, зерттелінбеген.

Диплом жұмысының маңызы мен мәні. Әдебиеттану ғылымында жазушының туындылары ерекше екені өткен ғасырларда мойындалған. Прозада, поэзияда тағы да басқа жанрларда ерен еңбек еткен қаламгердің әдебиет үшін маңызы өте жоғары болса, мақсат пен міндет осы проблемалық мәселені шешу алдағы уақыттың еншісінде болса, бұл жұмыстың маңызы мен мәні болмақ.

Зерттеу әдістері. Жүйелі сипаттама, салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-типологиялық, Ілияс Жансүгіровтің шығармаларының ерекшеліктерін анықтап, саралауда талдау, сипаттама, көркем мәтін негізіндегі материалдарды жүйелеу тұжырымдауда салыстырмалы, әдеби теориялық әдістерге сүйену көзделеді.

Жұмыстың құрылымы. Кіріспе бөлім, екі тарау, қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ілияс Жансүгіров поэмаларындағы образдық бейнелердің

көркемдігі
1.1.Қазақтың прозалық туындылары және Ілиястың прозадағы тың ізденісі
Проза (лат. prōsa) — әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман) болса, осы жанрға Ілияс Жансүгіровтің қосқан үлесі қомақты.

Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т.б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.

Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор.

С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан – коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т.б. әңгімелері, Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т.б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері болмақ.

Ілияс Жансүгіровтің көркем прозадағы еңбегі мен тың ізденісін оның алғашқы жазған прозалық шығармаларындағы юморлық элементі басым туындыларынан көре аламыз. Әрине, юморлық шығармалардағы персонаж - күлкілі кейіпкер: юмор - өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкілі әшейін жеңіл желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады. Әрине, эстетикалық комедиялық категориясындағы юмордың, сатираның, иронияның, сарказмның, гротескінің әрқайсысындағы күлкінің сипаты әр бөлек, юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі-әзіл, ал әзіл келемежге айналса – ирония келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе, - сарказм болғаны. Юмор бар жерде ылғи сын бар деуге де болмайды. Сатиралық персонаж - сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті көптің көз алдында – көрінісіне шығарады, халықты одан түңілтеді. Қулық пен сұмдықты, екіжүздік пен мансапқорлықты, ұятсыздықты, өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды онымен ымырасыз күреске үндейді.

Енді Ілияс Жансүгіровтің прозасындағы еңбегі мен тың ізденісіндегіперсонаждарға тоқталайық. Ілияс Жансүгіров әңгіме, повесть, роман жазуға бірден ден қойған жоқ. Ол көп нәрсені өзінше пайымдап, өмір тәжірибесінен өткізіп барып осы салаға келген. Жазушының айтуынша оған әсер еткен Совет өкіметі алғаш орнап жатқан кездегі басынан өткен жақсы-жаман қылықтарды суреттеуден туған. Ілияс Жансүгіровтің әңгімелері – қазақ халқы өмірінің көп саласын қамтитын, әсіресе кеңес өкіметі жылдарындағы адамдардың тағдыры мен өмірі, тұрмысы мен мәдениетін суреттейтін реалистік туындылар.

Академик С. Қирабаев «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі» тарауында «Әр халықтың қаламгерлері өз ұлтының тағдырын, өмірін жазуға тырысты. Әдебиет ұлттық категория болып қалды» деп атап көрсеткендей 1920-1937 жылдары жазылған І. Жансүгіровтің прозалық шығармалары да әлеуметтік өмірдің түрлі қырларын қамти отырып, өз кезеңінің өзекті де толғақты мәселелерін суреттеуге ұмтылды» [1, 224 б.].

Профессор М.Иманғазинов: «Ілияс Жансүгіровтің әңгіме, повестері - қазақ халқы өмірінің көп саласын қамтитын, әсіресе Кеңес өкіметі жылдарындағы адамдардың тағдыры мен өмірі, тұрмысы мен мәдениетін суреттейтін, жаңа тұрпатты бейнесін бар қырынан ашатын көркем мейлінше ашық, батыл жазылған бірқатар реалистік туындылар»[2, 72 б].

1920 жылдардағы және 30 жылдардың бас кезіндегі қазақ ауылындағы әр түрлі жаңа құбылыстарды көрсетуге арналған шығармалар. Академик Мұхаметжан Қаратаев - Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен творчествосын көп зерттеген адамдардың бірі. Өзінің бір естелігінде Ілияс Жансүгіровтің әңгімешілдігі туралы: «Сырт көзге Ілиястың тұйық тұнжырық адам көрінуі әншейін білместік. Ол барлық асылын, әдемісін ішке жинайтын, тереңге сақтайтын ардагер екеніне сол жолда анық көзім жетті. Шынында да ақынның сырттай «тұйықтығы» оның ішкі бай рухани дүниесінің қақпағы сияқты ғана беріктік пен бекемдік екен. Бір сенген, бір шешілген адамның алдында Ілекең ғажап сыршыл, әңгімешіл, сөз тапқыш, әзілдегіш адам екен», деп, жоғарыда айтылған қасиеттерді растай түседі. Ілияс Жансүгіров - тек шебер айтушы ғана емес, сонымен бірге көрген-білгенін, естігенін шебер жазып жеткізе білетін талантты прозаик жазушы.

Алғашқы әңгіме, повестерін, ірілі-ұсақты прозалық шығармаларын 1920 жылдан бастап газет-журналдарға шығара бастайды. 1935 жылы «Жол аузында» деген атпен кітапша етіп шығарады. Бұл әңгімелердің мазмұны кедейшіліктің тауқыметін тартқан жалшылар жайлы, сол қоғамда өмір сүрген әйелдердің басындағы ауыр халі жайлы, қазақ ауылдарындағы ескілік жайлы, жаңарған ауыл өмірі туралы, жаңарған совет адамдарының қажымас еңбегі жайлы, теңдікке қолы жеткен, әлеуметтік істерге енді араласа бастаған қазақ кедейі жайлы жазған болатын. Колхоз болып ұйымдасқан шаруалар мен жол салып жатқан жұмысшылардың еңбектері - Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармаларының негізгі тақырыбы.

Автор оқиғаны әсірелемей, боямасыз нақты суреттеуі, кейіпкер мінезін оның сөзі мен ісі арқылы ұтымды таныта білуі шеберліктің көрінісі. Совет адамдарының қажымас еңбегі жайлы, жоспарды орындаудағы олқылықтар жайлы жазылған шығармалардың бірі «Жарыс» әңгімесі 1932 жылы жазылған, алғаш рет «Әдебиет майданы» журналының 1932 жылғы 2 санында жарық көрген. Ұлы Қазан революциясы адам баласын қанау, құлдану атаулыны түгел жойып, сол қанау негізіне құрылған ескі үкімет, шаруашылық мекемелерін де мүлде тазарта өзгерткені қазақ жалшылары жұмысшы бола бастаған, бес жылдық, он жылдық жоспарлар құрала бастаған кезді суреттейтін әңгімелерінің бірі. Олқылықты жою, жоспарды уақытында орындау тақырыбына арналған бұл шығарма шахтадағы жұмысшылардың жоспарды орындау мақсатында әкелі балалы екі шахтердің жарысын көрсету арқылы Ілияс Жансүгіров шахта өмірінің сырын шертеді. Автор әңгіменің персонаждары Жауатар мен оның ұлы Рақымжандардың өткен өмірімен толыққанды таныстырып жатпайды. Оларды жиналыста отырған кездерінен бастап қана таныстырады. Жауатарды «Екібастұздың ескі шахтері – Жауатар ақ самай адам еді» [3, 128 б.] - деп суреттейді.

Осы шығармадан Ілияс Жансүгіровтің ішкі монологты да жақсы меңгергендігін көруге болады. Жауатар бірінші күні жарыстан жеңіліп, үйіне келіп қарттық жайлы ой толғағанынан көре аламыз. «Мынау кәрі қол. Кешегі ауыр еңбектің алып білегі. Бұл қолдар қашаннан жердің қабырғасын іреп, қазынасын ақтарған қолдар… бұл қолдың қайраты қандай? Шынымен-ақ қалжырап бара ма? Кейінгі жастар осыны біліп келеке қылғысы келе ме?» [4, 131б.] - деп ой қозғайды.

Автор шахтаны өте әсерлі суреттейді. «Түнімен салдыр-күлдір болып шыққан шахта, таң атқан соң түнгі кезекті ауызынан шығарып, күндізгі кезекті жұтты» [5, 128б.].

Осы тақырыпты қозғайтын әңгімелердің бірі «Төменнен толқын» әңгімесі. Риддер қорғасын заводының жұмысынан көрініс беретін бұл шығарма завод жұмысындағы олқылықтардың себебін анықтауға жиналған жұмысшыларды суреттейді. Қорғасындай ауыр отырған жұмысшылар жиналыс аяғында жұмыстың неліктен жүрмей жатқандығы жайлы айтылған төменнен толқи бастайды. Әңгімелерінің барлығы дерлік колхоздастыру кезеңіндегі қауырт істер, жаңа совхоз өркендері, ауыл тұрмысына енген жаңалықтар, социалистік жарыс тақырыбына жазылған.

Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармалары Отан, 1916 жылғы Ұлы Қазан революциясын, партия, жаңарған ауыл өмірі туралы, жаңғырған совет адамдарының қажымас еңбегі туралы жазылған шығармалардың бірі «Дарқан» повесі 1935 жылы жазылды және қаламгердің 5 томдық жинағына кірген болатын. 1916 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі қазақ халқының өмірінен көрініс беретін бұл шығарманың бас-аяғы жинақы, нақтылы сюжеті бар повесть. Повесть үш достың Дарқан жайлы әңгімелесіп отырған жерінен басталады. Повесте қарапайым жалшыдан революционер дәрежесіне дейін көтерілген Дарқан жайлы жазылады. Жазушының айтуы бойынша, ол жамағайыны «Қосайдың есігінде күл шұқып, итпен бірге сүйекке таласып, күшікпен бірге қаспаққа жармасып өсті» [6, 245 б].

Байдан көрген қорлығы жүрекке кек болып қатты, жоқшылық азабы оны өмірге басқаша қарауға үйретеді.

Дарқанның санасына еңбекшілерді әділеттілік пен бостандыққа жеткізу туралы ой ұялай береді. Енді ол өз халқын азап пен қорлықтан құтқару жайлы толғана бастайды. Қалаға келісімен большевик Алексеймен танысады. Біртіндеп Дарқанның рухани сана-сезімі оянып, байларға деген жай өшпенділігі саналы революциялық идеяға ауысады. Қанаушы құрылыстың сөзсіз құритынына сенген ол: «Бүгін сендер біздің біреумізді түрмеге тықсаңдар, ертең оның орнына мыңдаған адам келеді» [6, 246 б].— дейді сеніммен байларға.

«Плещеев» пароходында жұмыс істеген ол Семей мен Тобольскінің арасында ақтардың көзін құртуға ат салысады. Повестің соңында Дарқанды біз қорғасын заводының инженері ретінде көреміз. Повесть Дарқанның «Мен күресте күшейдім ғой» [6, 286 б.] деген сөздерімен аяқталады.

Әдебиетте дара персонаж жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан болса, жалғыз-ақ жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де көруге болады. Ілияс Жансүгіров те осы тәсілдерді қолдана отырып, «Дарқан» повесінде персонаждардың сырт келбетін беруді шебер қолдана білді. «Мен көргендегі жалпақ мұрын, кең танау, қазанның түп күйесіндей Шайқара, ағарып, бозғыл тартыпты. Ондағы өркештен істеген торсықтай екі ұрт, алжа-алжа болып терісі босап, әр жерінен сызық түсіпті. Қара қошқыл көздің майы азайып, аларыңқы тартыпты. Қара қызыл айғырдың ту құйрығындай қайратты қара шашы өңі сынып, жұмсарып ұлпаланыпты. Сирек тартқан шаштың самай-самайына ақ шашырапты»[6, 234 б.] деп суреттелген кескін, келбетті портрет дейміз.

Бұл да персонаж жасаудың өзгеше бір тәсілі. Портрет - француз тілінен аударғанда - бейнелеу деген мағынаны білдіреді. «Портрет адамның бүкіл анатономиясын түгел қамтып, жіпке тізіп беруі шарт емес. Әр портретте әр адамның ең ерекше сипаты ғана нақты, затты, қысқа, қызық суреттелгені жөн» [7, 121 б.] дейді, З. Қабдолов.


1.2.Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармаларындағы тың ізденісі және ондағы тарихи бейнелер мен прототип
ХХ ғасыр басында реалистік роман жанры адам тағдыры мен оның бейнесін барынша терең ашып көрсету қажеттілігін тудырды. Бұл қажеттілік Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» романының тууына айтарлықтай ықпал етті. 1935 жылы жазылған Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» романына тоқталатын болсақ, роман - өз бойына бейнелеу тәсілдері мен амалдарының қай-қайсын да қабылдай алатын, сол мүмкіндігіне орай негізгі персонажды сан алуан қырынан барынша жан-жақты ашып көрсетуге қабілетті, әсіресе персонаждардың өздері өмір сүріп жатқан қоғамдық-әлеуметтік ортадағы мұраттар мен мүдделер қайшылығынан туындайтын қақтығыстар мен күрес-тартыстар үстінде ішкі жан әлемі мен сыртқы бітімін мейлінше толыққанды сипатта тұлғалай сомдауға әлеуеті молынан жететін эпикалық түр. Мазмұны мен пішіні үйлесім тапқан романда эпикаға тән кең тыныстылықты, драмаға тән ширыққан тартысты, лирикаға тән нәзік сезімталдықты бірімен бірін жымдаса ұштастырып, қоян-қолтық араластыра қолдануға толық мүмкіндік бар. Әдебиеттің өзге түрлерінен ұшыраспайтын, тек романға ғана тән мұндай қарымдылық оның бойында аз ғана уақыт аясында қалыптасып үлгермегені шындық. «Жолдастар» романы – Ілияс Жансүгіровтің проза саласындағы іргелі шығармаларының бірі. Жазушы романды екі кітап етіп жазуды жоспарлаған. Баспагерлерге жазған хатында Ілияс Жансүгіров өз еңбегінің төмендегідей болатынын ескертеді.

«Жолдастар» атты романның қысқаша мазмұны төрт бөлімге бөлінген. Біріншісінде – қазақ кедейлерінің тұрмысы, екіншісінде – төңкерістен бұрынғы қалаға, өндіріске байланысты қазақ жұмысшыларының өмірі, үшіншісінде – 1916 жылға арналған жиһангер соғыстың тұсы, төртінші бөлімде – 1917 жылдың төңкерісі. Осы желімен романның бірінші кітабы бітеді. Романның екінші кітабы – тұтасымен Қазақстандағы азамат соғысынан алынған...» [8, 36 б.].

Романның бірінші кітабының толық нұсқасы қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 жылы латын әрпімен 583-беттік көлемде басылып шығады. Аталмыш нұсқасы екінші рет 1962 жылы Ілияс Жансүгіровтің таңдамалы шығармалар жинағының үшінші томында жарық көреді. Алғашқы үзінді 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналының 3-4 сандарында, 18-27 беттерде «Ақ вексель» деген атпен шығады. Романның прологы «Қызыл таң» деген атпен «Қазақ әдебиеті» газетінің 1935 жылғы 9-24 қазандағы сандарында басылады.

«Жолдастар» романы о баста үш кітапқа өлшеніп, пішілген. Отызыншы жылдары жарық көрген «Сатан», «Мардан» повестері осы кең жоспарлы ірі туындының алғашқысы. Жазушының үш кітапқа жоспарланған алғашқы романының бірінші кітабы «Пролог», «Бастау», «Ағын», «Толқын», «Тасқын» атты төрт бөлімнен тұрады. Роман – эпикалық сипатқа ие. Онда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, 1917 жыл ақпан буржуазиялық революциясы, Ұлы Қазан революциясының бір өңірде жеңуі тәрізді апалаң-топалаң уақытты суреттеген шығарма. Шынайы, толыққанды реалистік романның бөлімдер, тіпті атаулары да ойлы оқырманын бей-жай қалдырмайды.

Роман «Пролог», «Бастау», «Ағын», «Толқын», «Тасқын» атты төрт бөлімнен тұрады. Онда 1910 жылдан 1937 жылға дейінгі қазақ халқының өмірі суреттелген. Романның алғашқы беттерінен бастап оқырман ауыл өмірімен және басты персонаждармен — Сатанмен, оның ағасы Тәжимен, олардың шешесі Сәтбаламен танысады. Шалматай, Шаяхмет және басқа дала мықтыларының бейнелері тың серпін беретін образдар ретіндешығармаға біртіндеп енгізіледі.

Роман өз тұсындағы үлкенді-кішілі қарама-қайшылықтардың, көрінер-көрінбес күрес-тартыстардың, мұрат-мүдделердің, тұтастай өмірдің көркем суреті, кезең жемісі. Кезең қаншалықты күрделі, қаншалықты проблемалы болған сайын, романға артылар жүктің салмағы да, мән-маңызы да соншалықты көбейе арта түспек. «Жолдастар» романы да осындай жүкті арқалай отырып, революция қарсаңындағы тап күресі, әлеуметтік қарама-қарсы лагерьлер өкілдерінің қақтығысы көрсетілген.

Сатан жастайынан Әділхан байдың есігінде жалшылықта жүрсе де не өзі, не үй-іші кисе киімге, ішсе тамаққа жарымайды. Ол болыстың да, ауыл молдасының да малын бағады. Қанша талаптанса да мына қатігез, сұрықсыз заманда күн көру қиын-ақ. Олардың кедейлігін жазушы былай суреттейді. «Кедей ауылдың ешкі-лағы қорасында бір уыс қана болып ұйысып жатыр, үй іші тұттай жалаңаш» [9,36 б].

Өмір өте берді, Сатан әділетсіздіктің түп тамырын түсіне бастаған сияқты. Жасынан сөзге шебер, өткір тілді ол көкке өрлеген әсем әнімен және күмбірлеген күйімен жұрт көңілін баурап алады. Ауылдағы қазақ әйелдерінің тағдырына жаны ашиды, оларға қолдан келген көмегін аямайды. Ол жауыз Шалматайдан некелі әйелі бола тұра, еш тайсалмастан әсем Нәзипаны ауыр қатігездіктен арашалап қалады.

Нәзипаны жерге бір қаратып алайын деген күйеуі, оның мойнына құрым кигізіп, жұрт алдында масқара, әшкере еткенде де еңсесін түсірмей, өр мінез танытады.

Жазушы Нәзипаның бұл мінезін төмендегідей етіп суреттейді: «Талдай сыны, жанған жүзі, жалтыраған көзі жайнай, қабағы қаз-қалпында. Беттің қызылы қызыл, ағы ақ, жайшылықтағы жайдары мінезінен мынандай да өзгермеген. Ол Дәукенің жетегінде іркілмей аттап басып келеді…» [10, 67 б].

Академик Мұхаметжан Қаратаев «Жолдастар» романын талдағанда нақты образ Сатанға былай деп тоқталады. «Сатан қазақ кедейі, пысық, әнші, домбырашы жігіт.Ол революция қарсыңында қиын-қыстау жылдары мұқтаждықтан байларға кіріптар болып, жалшылық етеді, көп шытырман қиыншылықтардан өтіп, ақыры, өзі сықылды кедейлерден шыққан көзі ашық, қажырлы жолдастар тауып, 1916 жылғы оқиға тұсында таптық тартысқа шығады» [11,36 б].

Сатан — халықты езуші байлардың, би-болыстардың бітіспес жауы. Бұлар айдарынан жел есіп дүрілдеп тұрғанда халыққа бостандық та, теңдік те, әділет те жоқ екенін ол жақсы біледі.

Сатан кейін ауылдан қалаға келеді, орыс революционерлерімен танысып, большевиктер партиясы туралы естиді. Оның саяси санасы өседі. Бұрын ол жекелеген байларды, болыстарды өлтіріп, бостандыққа жетеміз деп ойласа, енді аңсаған арманға тек бүкіл халықтық күрес арқылы ғана жетуге болатынын біржола түсінеді.

Оқуы-тоқуы болмаса да, Сатан романда жасынан көкірегі ояу, сезімі ұшқыр, сөзге шебер, өнерге де таласы бар жігіт есебінде көрінеді. Орайы келгенде әсем дауысымен көкірегінен өлең-жыр төгеді, күмбірлеген күй шертіп, жұртты өзіне қарата алатын өнері де бар. Осындай асыл қасиеттерге ие жігіт айналадағы сорқылықтарға төзбейді. Талай рет «бас көтеремін» деп соққыға жығылып, жазаға да тартылған. Дала өмірінде жанына сая таппаған жігіт, енді қалаға барады.


1.3.Ілияс Жансүгіровтің классикалық таңдаулы прозалық туындыларындағы образдық тарихи-көркем бейне
Жағымды персонаждың және бірі — Мәмбет. Ол — ақылды, әрі адал азамат. Мәмбет «Светлана» пароходымен Омскіге барып, қала өмірімен танысады, орыс адамдарымен араласады, олардың өмірін танып-біліп, саяси сауатын ашады.

Мәмбет Мардан сияқты намысқой, қызба емес. Бәрін де ойлап-пішіп, істің байыбына барып қана шешім шығаратын сабырлы салқын жігіт. Мәмбеттің жастық шағы жоқшылықта өтеді. Әкесі Тұздыбай күнкөріс қамы үшін әртүрлі шөптен, тамырдан дәрі-дәрмек жасап сатады. Әкесі Тұздыбай көп малы болмаса да, аздаған тіршілігі бар адам болып, ел қатарына қосылуына бар күш-қайратын, ақылын аямайды. Оқытқысы келеді-ақ, бірақ қолы қысқа. Сатанның ағасы Тәжи сияқты Тұздыбай да еріксіз Мәмбетті Сүлеймен байға өзінің жанын бағып, тамақ асырауы үшін береді. Жазушы оны былай деп суреттейді: «Үй өміріне өзіне-өзі түгел жетпеген үй. Тұздыкеңнің үйінде алты бала. Оның әжетке жетіп, жалшылыққа жарағаны екеу-ақ. Оның бірі – осы қайтып келіп отырған Мәмбет. Мәмбеттен үлкен баласы орыста малай. Онан кейінгі ұлы-қызының барлығы да шиеттей жас балалар. Осы балаларды асырау, борыш-қарыштан құтылу, шаңырақ ақша төлеу – барлығы да Тұздыкең мойнында» [12, 189 б].

Мәмбет жастайынан жалшылықта жүрді, есейген соң темір жол құрылысында жұмыс істейді. «Міне, мен бүгін өзге жігіттермен бірге жұмыс істеп жатырмын, — дейді ол ойға шомып. — Тегі «талаптыға нұр жауар» дегенді әкем байғұс аузынан тастамаушы еді. Сол рас қой. Ендеше, талап қылған адам қараңғылықта қалмайды... Өнерге ұмтылам. Өнер демекші — өнердің бәрі орыста екен ғой. Өнерпаз боламын деген жігіт алдымен орыс арасына кіріп, орыс тілін білуі керек-ау. Есейіп, ер жетіп, өздерінің жанындағы достарын қандай да бір ауыр қиын-қыстау шақтан арашалап та алады. Келе-келе тек айналасындағы достарын ғана емес, сонымен бірге халықтың қамын ойлаушы дәрежесіне көтеріледі.

Бұл жолдарда олар пароходта матрос, теміржолда, зауыт-фабрикаларда жұмысшы, бай-көпестерде ат жүргізіп, жүкші болып талай ауыр жұмыс атқарады. Бірақ бостандық, теңдік, әділеттілік, бақыт деген асыл ұғымдар олардың қаперіне де кірмейді. Тіршілік жасап, тамақ асыраса болғаны.

Мәмбеттің жас кезінен-ақ ескі ырым-жырымға, жол-жораға қаны қас еді, бірақ одан қалай арылудың жолын білмейтін. Бұл оған қапас қараңғы түндей, алынбас асқар таудай көрінетін. Ол феодалдардың ауыр езгісіне қарсы аянбай күреседі, жанталаса шындықты іздейді, халқына бақыт пен азаттық әперуді, ел жуандарынан кек алуды ойлайды. Бет-жүзіне қарамай олармен ашық шайқас жолына түседі.

Орыс революционерлерімен, тап күресі туралы ғылыммен танысқаннан кейін Мәмбет нағыз идеялық күрескерге айналады. Енді ол еңбекшілерді азат ету мүмкіндігіне, олардың өкіметті өз қолдарына алатынына сенеді. Расында, мұндай күн 1917 жылғы Октябрьде туды. Романның соңында Мәмбет орыс большевигі Михайлов бастаған халық көтерілісіне қатысады.

Мәмбет — шындық пен әділет жолындағы табанды күрескердің, еңбекші қазақ халқының ең жақсы қасиеттерін бойына сіңірген үлкен жүректі адамның типтік бейнесі.

Қазақ революционерлерінің тағы бір өкілі Марданның өмір жолы да қызықты. Оның тағдыры Мәмбеттің тағдырына көп ұқсас. Қарапайым халықтан шыққан ол жай жалшыдан революционер дәрежесіне дейін көтеріледі. Жазушының айтуы бойынша, ол жамағайыны «Машай есігінде күл шұқып, итпен бірге сүйекке таласып, күшікпен бірге қаспаққа жармасып, басы қайызғақ, қарны қабақтай қара бала болды. Жел қуған түйе қарындай үйден-үйге домалап өсті... Бірақ тірі адам тіршілік тепкісінде күннен - күнге пісіп қатая берді». Байдан көрген қорлығы жүрекке кек болып қатты, жоқшылық азабы оны өмірге басқаша қарауға үйретеді. Жазушы Марданды былай мінездеме береді: «Мардан адамның ауыры. Оның мінезі құйған қорғасындай салмақты. Ол кейбіреулерше көрінген кісіге жанасып, сөйлеген сөзге ілінісе бермейді. Бірақ оған біреудің таяғынан гөрі тілі тезірек өтеді. Ол өзін ұрған таяққа шыдаса да қорлаған сөзге шыдамайды. Оның ашуы бұрқ етіп бір-ақ қайнаса түйе тулағандай қылады. Мейлі ұлық болсын, кім болсын, Мардан қолында өлуге даяр» [13, 224 б].

Марданның санасына еңбекшілерді әділеттілік пен бостандыққа жеткізу туралы ой ұялай береді. Енді ол өз халқын азап пен қорлықтан құтқару жайлы толғана бастайды. Қалаға келісімен большевик Герасимовпен танысады. Біртіндеп Марданның рухани сана-сезімі оянып, байларға деген жай өшпенділігі саналы революциялық идеяға ауысады. Қанаушы құрылыстың сөзсіз құритынына сенген ол: «Бүгін сендер біздің біреумізді түрмеге тықсаңдар, ертең оның орнына мыңдаған адам келеді» — дейді сеніммен байларға. Мардан өзінің қара күш иесі екенін біліп, кез-келген жерде бас ие бермейтінін көруге болады.

Басқалармен салыстырғанда күш-қуаты мол, нағыз революциялық істерге араласа алатын қасиеттер оның өн бойынан табылады. Кез келген қолымен істеген істерді мойнымен көтеріп жүре беретін тік мінездігі үшін айналасындағы достары оны құрмет тұтады. Ал «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүргендері, әділетсіздікке жиі баратындар қатары Марданның жаны қас адамдары. Реті келгенде оны шалып, тәубесіне келтіруге дайын тұрады. Сондайлардың торына түсіп қалып, көп қазақ жігіттерімен майданға окоп қазуға да аттандырылады.

Майданда көрген азабы Марданды біршама ширықтырып, істің ақ-қарасын тануға мүмкіндік туғызады. Мінез-құлқы, дүниеге деген көзқарасы өзгереді. Бірте-бірте рухани сана-сеземі оянып, билеуші тапқа деген кекшілдігі мен өшпенділігі саналы революциялық идеяға ауысады. Роман аяғында өзінің артынан қарапайым халықтың мүддесін ойлайтын адамдарды ерте алатын образ ретінде көрінеді.

Романдағы Сатан, Мардан, Мәмбет образдары мейлінше нанымды, шынайы бейнеленген. Олардың әр қимыл-әрекеттері өмірге, шындыққа жанасатындай етіп суреттелген. Жазушының идеясы – осы үш кейіпкер арқылы жеке адамдар тағдырын бейнелеп, бүкіл бір елдің тарихын көркем шығармамен көрсету.

Мардан тарихи бейне. Оның бойындағы қадір-қасиетті Ілияс өзінің аузынан естіген. Ол – Біләл Сүлеев.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет