макаро-
низм
деп аталатын бөгде тілдік элементтердің көрінуі деген
сияқты жайттарға тоқталу қажет. Жазушы бұларды әр алуан
көркемдік стильдік мақсатта жұмсайды. Айталық, кейіпкерлер
тіліндегі диалектизмдер олардың белгілі бір өлке тұрғындары
екендіктерін және күнделікті тұрмыста әдеби тілден гөрі сөй-
леу тілі нормасын ұстанатындықтарын таныту үшін қолдана-
ды. Дөрекі, қарапайым элементтер, бөгде тілдік сөздер, әсі-
ресе макаронизмдер кейіпкердің мінез-құлқын, алған тәлім-
тәрбиесін, білім, мәдениет дәрежесін көрсету үшін келтіріліп,
оның образын жасауға көмектеседі. Көркем шығарманың
«көркемдік» шарттарының бірі де – осында. Бұл шарт – тәсіл,
стильдік тәсіл. Тәсілдің дұрыс қолданылуы – жазушының сөз
құдіретін тану шеберлігіне алып барады.
Бұл талапты өтеуге «еуропа әдебиеті дәрежесіне көтерілген»
жас жазушы М.Әуезов аса жауапты қараған. Мұхаңның кейіп-
керлерінің сөз машығы әр алуан.
Әдетте, көркем әдебиетте өзге тілдік элементтер автор
тілінде кемде-кем кездеседі, ал кейіпкер тілінде шет тілдік
сөздердің орын алуы өмір шындығын беру үшін де, стильдік
мақсатты көздей де жұмсалады.
М.Әуезовтің 20-жылдардағы әңгіме-повестерінің көпші-
лігінде оқиға желісі, кейіпкерлер тобы таза қазақ аулынан
алынған, оларда орыс, татар, араб, парсы сияқты тілдердің
сөздері кейіпкерлер тілінде кездеспейді. Ал 1930 жылдардан
кейінгі шығармаларында сол кезеңдегі оқиғалар мен адамдар
суреттелгенін көреміз. Кейіпкерлер тілінде орыс сөздері ара-
ласа бастайды. Мысалы: «Үш күн» деген 1934 жылы жазы-
лып, жарық көрген әңгімесінің кейіпкерлері – колхозшылар.
Солардың бірі – «бригада атынан алдымен сөйлеп кеткен»
Талпақтың сөзінде
мәшине, бригадыр
сөздерді, Көлбай есімді
кейіпкердің аузыпнан
малателке, өкірік
(округ) деген сөздерді
кездестіреміз. Бірақ бұлар – стильдік мақсатта емес, кезең
шындығын көрсететін реалийлер, яғни белгілі бір кезеңдегі
42
зат, құбылыс, іс-әрекеттерді нақты атау үшін келтірілген
сөздер. Мұндай сөздер бұл шығармада автордың тілінде де
едәуір
(қосшы союзы, съезд, бердеңке, райком, бригада, ра-
порт
т.б.) келтірілген фактілер образ жасаудан гөрі, шындықты
шыңдау міндетін атқарып тұр. Ал 1935 жылы жарық көрген
«Қасеннің құбылыстары» деген шығармасындағы әйел, ер-
кек кейіпкерлердің (бұлар 30-жылдардағы қала тұрғындары,
оқыған адамдар) өзара диалогтерінде:
– Бұл немене безобразие?...
– Қыс бойы төменгі базардан аңдып жүргенімді қайтейін?
– Ну что же?...
– ...
Қазақ қызметкерлерінің тұмсығын батырмай... енді бір
решительный бет
бермесек... деген сияқты сөздерді оқимыз.
Мұнда – осылар сияқты макаронизмдерді былай қойғанда,
кейіпкерлердің
он күн срок, мәдени накопление, совнарком
хатшысы, біздің система, кадр секторы, строительствоның
сметасы, банкедегі совещание, месткомның шовинисі, каз-
торгте шөлки беріп жатыр екен... өшіретіне күн ұзын тұрып
ем
деген сияқты қолданыстары тұнып тұр. Бұлардың барлығы
– кейіпкердің кім қандай адам екенін көрсетуге жұмсалған
көмекші құралдар. Үстіміздегі ғасырдың 20-30-жылдарынан
бастап қазақтың азды-көпті оқығандары, кеңсе, сот басқару
орындарында жұмыс істей бастаған қызметкерлер күнделікті
қарым-қатынаста орыс сөздерін араластырып сөйлеуге машық-
тана бастағанын жоғарыдағы мысалдар анық көрсетеді. Бұл
әдеттің күні бүгінге дейін ұласып отырғанын да көркем
әдебиеттен көре аламыз.
Ал диалектизмдердің көрінісіне келгенде, мынаны айтуға
болады. Мұхаңның 20-жылдардағы әңгімелерінің кейіпкерлері
– Семей, Аягөз сияқты өңірдің қазақтары. Бұл өңірдің тілінде
диалектілік ерекшеліктер, әрине, жоқ емес, бар, бірақ олардың
оңтүстік өлкелердегі сияқты айрықша көрініп тұратындары
аса көп емес екені мәлім, ол ерекшеліктер осы аймақта
туып-өскен жазушыға қатты еленбеуі мүмкін. Сондықтан
М.Әуезов кейіпкерлерін Се мей өңірінде сөйлетуді ойламай-
ды. Диалектологтардың Семей облысының Абай, Шұбартау,
Көкпекті, Ақсуат, Мақаншы аудандары тұрғындарынан жи-
нап, жергілікті сөздер (диалектизмдер) деп көрсетіліп келе
43
жатқан сөздерден Мұхтар Әуезовтің 20-30-жылдардағы көркем
шығармаларында, автор тілінде де, кейіпкерлер тілінде де
кездесетіндері көп емес. Мысалы, «Қорғансыздың күніндегі»
әженің сөзінде
Достарыңызбен бөлісу: |