Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет47/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

жылмың төс
балалардай, сыр бермей жымпи-


90
ып жүретін 
жылмақай
неменің бүгін езуіне ие бола алмай, 
жымыңдай амандасып, жымыңдай қоштасуында бір гәп бар 
шығар («Елең-алаң», 1984,11).
Бұл – Абайда түбірлес сөздердің өлеңнің бір тармағында 
немесе қатар келген жолдарында, кейде бір шумағында келіп, 
үн гармониясын жасайтын тәсілдің
16
көркем прозада да сирек 
болса да орын алатынын көрсетеді.
Тегі, шығарма тілін образдап (поэтикалап) жіберуге Ә.Ке-
кілбаев өте шебер, оның аузынан бейнелі, әсерлі, әуезді сөздерді 
«Құдай тағала», яғни қалам таланты лақ еткізіп төге салады.
Малы мен жаны өскен, бірақ әлеуметтік орны төмен ру-
ластарды жай атай салмай, 
«тоқалдан туса да, топылдатып 
баланы көп өрбіткен, ұрыдан жиса да, шұбатып малды көп 
өрбіткен кіші
аталар» (454), 
«қоқым төсеніп, қоға жастаған
төменшік әулеттер» (97) деген сияқты етіп «түсін түстеп, атын 
атап» беру тек тілі поэтикаға толы, ой мен сөздің үйлесімін 
тапқан қас шебердің қолынан келмек. Қас шебер демекші, осы 
жерде бір кішкене «лирикалық шегініс» жасасақ дейміз.
Айтпақ ойды әсерлі, бейнелі етіп білдіру үшін шешендік 
керек, шешен болу керек, ал сөз шешен болып шығуы үшін 
әсерлілік, образдылық керек. Тегі, алдыңғысы – бас ты, 
біріншілік те соңғысы – сол тудыратын екіншілік сияқты. Және 
шешендік – өзіміз білетін ақындық, суретшілік, композиторлық 
сияқты туа бітетін табиғи талант болса керек.
Сірә, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов сынды ілгері 
буын алыптарын былай қойғанда, кейінгі буын өкілдері – Әбіш 
Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Софы Сматаев, Оралхан Бөкеев 
сияқты жазушылар, Манаш Қозыбаев, Зейнолла Қабдолов 
сияқты ғалымдар – тумысынан шешен жандар-ау деймін.
Шешеңдік те, жазушылық та – Құдай берген, табиғи өнерлер 
болса, ол екеуі бір кісінің бойынан табылса, яғни көркем 
әдебиетке шешендік қосылса, екі шақпақтың соғылысынан 
пайда болатын ұшқындай, оқырманның жан дүниесін шарпып 
өтетін от жалынды, жарық шығармалар дүниеге келері хақ. Мен 
бұл ойымды айтқанда, ешкімге көпшік қойып отырмағанымды 
оқырман түсінер. Бұл – қазақ тілін қастерлей білген, оны табиғи 
таланты көтере түскен жандарға деген ризалық көңіліміз 
16 
Қараңыз: Р. Сыздықова.
Абайдың сөз өрнегі. - Алматы, 1995. - 144-149-беттер.


91
екенін білер, ана тіліміздің өткен замандар мен қазіргі кездегі 
күй-қалпын танысақ, танытсақ деп еңбектеніп жүрген тіл 
маманының қысқа қайырған бағасы деп білер деймін.
Енді «шегіністен» шығып, зерделеп отырған материалы-
мызды әрі қарай талдасақ, тағы мына жайттарға назар аударар 
едік. Біреуді не бір нәрсені, я болмаса іс-қарекетті танытуда жа-
зушы Ә.Кекілбаев халық қазынасына да иек артады. Олардың 
ішінде, сырт қарағанда, ауызекі сөйлеу тіліне не жергілікті 
сөзге жақын тұрғандарын таңдап ала ды. Мысалы, 
бұтқа то-
лып жүру
деген тіркесті жазушы бірнеше рет қолданған. 
Мамандардың айтуына қарағанда, бұл – «өзін өзі зорға санау», 
«менменсу» деген мәнде жұмсалатын жергілікті ерекшелік 
тәрізді, бірақ осы шығармада оның мағынасы контекске қарай 
әбден түсінікті және әсерлі болып ұсынылған. 
Мысалы: Жас сұлтан, неге екені белгісіз, осындай қараптан 
қарап 
бұтқа толып жүретін 
кердең мінезді жек көруші еді 
(48). 
Мұндағы бәрімізге таныс 
кердең
сөзі алдындағы 
бұтқа 
толып жүретін
деген бейтаныстау тіркесті жетекке алып, 
мағынасын ашып тұр. Бұл сияқты жергілікгі, көне, сирек 
сөздердің алдын не артын таныс сөздермен «тіреп», біртұтас 
мағына шығару амалы ұлы Мұхтарлардан келе жатқанын осы 
кітаптың II тарауында айттық.
Жазушы тілінде жиірек көрінетін образды үстеулердің 
бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет