көзден
бір-бір ұшып жоғалатын ал-
дамшы сағым ғана. Алайда дәл осы
көлгірдің көз
алдындай
көлкіп
тұрған
көкжиекті
мәңгі-бақи бүйтіп сағым шалып
қана жатпаған. Оны талай-талай
көк
найзалар да
көлкештеген.
Бірақ олар да артынан
көзден көк
сағымдай бір-бір ұшып ғайып
болған! Иә, бұл
көл-көсір көкжиектен
кімдер келмеген, кімдер
кетпеген? Анау
көк
мұнардың ортасынан күндей күркіреп
һундер де өтіпті, сақтар да, түріктер де, маңғұлдар да өтіпті.
95
Бәрі де осындай
көз
ал дында
көлкіп
тұрған көркем көріністен
көңіліндегі әншейін буалдыр елеске айналып... өткінші
көк
сағымның кебін киіпті (213-214).
Бұл – сәл қысқартылған бір абзац, бір микротекст. Мұнда
неге бәрі «көгеріп, көлкіп» кеткен? Автор бұл жер де
көз
бен
көк
сөздеріне неге қызыққан? Көркем шығарманың сыры – сон-
да, бұл жерде әрбір сөз жүк арқалап тұр, бұл сөздерді алғанда,
жазушы өзі келе жатқан кең даланың тарихына үңілген дипло-
мат Тевкелевтің ойы мен көзін есте ұстаған: оқыған-тоқығаны
мол Тевкелевке өткен тарихтың өзі
көк
мұнар сияқты алыстан,
көмескі көрінеді, келе жатқан жолы да әзірге немен бітері
белгісіз мұнартып тұр – осыны баса білдіру үшін сол мұнарға
тігілетін
көз
де,
көлкіген көкжиек те
көк найзаға
сапқа тұрған,
стильдік жүк арқалаған сөздер санын құраған. Бұл құбылыс
текст түзімі (текстообразование) дегенді танытады. Бір ми-
кротексте сөзге стильдік қызмет үстеп, бірнеше қайталап
қолдану – текст түзімінің бір амалы. Жазушы бұл құбылысты
едәуір жүйелі түрде көрсеткен.
Көк, көз
сөздерінің стильдік
магнитінің күштілігі сондай, текст ішінде бұлардан басқа да
көлкештеген, көл-көсір, күндей күркіреп, көркем көрініс, кебін
киіпті
сияқты сөздер дыбыстық жағынан олармен аллитерация
қатарын түзіп, үн гармониясын жасаған. Бір қарағанда, мұндай
микротекстер көп сөзділеу, қызыл сөзділеу болып көрінуі де
мүмкін, бірақ олар баяндау желісіне зиян келтірмейді және
шығармада көзделген негізгі идеяны аша түсуге көмектесетін
қосымша жағдай туғызады.
Кейіпкер бейнесін жасау немесе белгілі бір оқиғаны,
құбылысты, іс-әрекетті баса көрсету мақсатымен жеке сөздер
мен тіркестерді стильдік объект ету де – жазушы шеберлігінің
айнасы. Бұл тұрғыдан «Үркердің» бас кейіпкері – Әбілқайыр
ханның ішкі-сыртқы портретін жасауда автор
сұр, ақ сұр
,
сұп-
сұр
сөздерін іске қосады. Ә деп басталғанда, Әбілқайыр «сыз
қабақ,
ақ сұр
кісі» деп суреттеледі, бара-бара бұл есімге жа-
наса
сұп-сұр жүз, сұп- сұр қалпы
деген сияқты сөздер жүреді,
бұл мінездеме әсіресе Әбілқайырдың ұрыс үстіндегі не Тевке-
лев келгеннен кейінгі арпалыс үстіндегі күй-қалпын білдіруде
жиі кездеседі. Бұл сөз тек Әбілқайырдың бет-жүзінің келбетін
96
көрсетпейді (қазақ хандықтарының тізгінін ұстаған немесе
қазақ ортасында өмір кешіп келген хан-төре әулетінің көбінесе
беттері сопақ ашаң болып келгені белгілі),
сұп-сұрлық –
ханның
ішкі портретінің көрсеткіші. Сұп-сұр болу, бір жағынан,
үлкен тартыста, арпалыста, тебіренген ойда жүрген адамның
сыртқа тепкен келбетін танытса, екінші жағынан, сұп-сұрлық –
Әбілқайырдың үміті мен қаупін, қуанышы мен ренішін, қайраты
мен осалдығын арпалысқан, аңдыған ұяластары мен би, батыр
сияқты ел тізгінін ұстағандарға білдірмеудің, сыр бермеудің
қалқаны. Оны жазушының өзі айтады. Тевкелев елшілігінің
тізгіні өз қолына біржола өткеніне қуанған Әбілқайырды су-
реттеген жерде автор:
Бірақ жылт-жылт сығалап отырған сыншы көздерге сыр
алдырғысы келмей, үйреншікті сұп-сұр қалпына түсіп алды
(386).
Елшінің көз алдына қашан көрсең де, бір қалпында тұратын
сұп-сұр жүзі, тұнжыр жанары мен салыңқы қабағы келді.
Бұның бәрі бұрын оған қайдағы жоқ сұмдықтарды ойлап
отыратын ішмерездік қана сияқты көрінуші еді, енді байқаса,
ішіндегі қара қазандай бұрқ-сарқ қайнап жатқан әлем-
тапырық көңілін байқатқысы келмеген ерекше бір ұстам,
сабыр екен ғой
(416). Демек,
сұп-сұр
сөзінің қызметі тіпті
де кейіпкердің келбетін білдіру емес, керісінше, Әбілқайыр
ханның ішкі келбетін, саясатын, күрес амалын білдіруде бо-
лып тұр. Жазу шы бір сөзге бірнеше беттік суреттеменің жүгін
арқалатқан.
Шығармада авторлық баяндау көп ретте кейіпкерлердің
көзімен, ойымен беріледі. Сондықтан бұл баяндауда тосын си-
паттамалар, астарлы атаулар аз кездеспейді. Мыса лы, романның
II тарауының басын автор баяндап отырғанмен, табиғатты
суреттеуі бар ма, адамдар бар ма – барлығы да Уфадан шыққан
Ресей елшілігіндегі адамдардың танымымен, көзімен берілген:
Қашан қарасаң да, қанша қарасаң да, бетпақ әйелдің
бетіндей бедірейеді де тұрады
(бұл – елшілік адамдарының
өздері келе жатқан қазақ даласын суреттеуі). [Бұл даланың
аспанына] аспан деп дабырайтып ат қойып жүрген де бұлт
көріп, аспан көріп жарымай, ала жаздай ақ шаңыттың ішінде
далақтап шапқылайтын да жүретін
күс табан, жарық ерін,
97
жалба тымақ көшпенділер
шығар (186).
Суайттар
күрек
тістері көстеңдеп сөйлей жөнелгенде (187);
қайдағы бір бар-
жоғы белгісіз қаңғырма халықтың қайдағы бір бар-жоғы
белгісіз қаймана ханына жер
түбінен елші шаптырып...
(188); ен далада өз көлеңкесімен өзі
жарысып жүрген әуейі
көшпенділерді
(188).
Бұлардың бәрі – авторлық баяндау, бірақ сөз – онікі емес,
автор өз халқын бұлайша қорлап атамас болар. Шығарманың
біраз тұстарындағы авторлық баяндаулар Тевкелевтің ойы етіп
берілген (226, 327, 377-беттерді оқыңыз).
Ал кейіпкер тіліне келсек, әрине, жазушы ханды хан ша, биді
бише, Итжемес қаңғыбасты Итжемесше дегендей, әрқайсысын
өзінше сөйлетеді, бірақ қазіргі ешбір қаламгер бұдан екі-
үш ғасыр бұрынғы қазақтардың күнделікті тұрмыстағы
сөйлеу тілін бұлжытпай дәлме-дәл бере алмасы хақ (өйткені
оның үлгісі сақталған емес), бірақ ауызша сақталып жеткен
шешендік сөздер мен өлең-жырлардың тіліне қарап, би, хан
сияқты адамдардың сөздерін шамалап беруге болады. Мұны
Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Софы Сматаевтар өте жақсы
игерген. Олардың әсіресе би кейіпкерлері, хан-ханымдары
сөйлеп кеткенде, қазақтың шешен сөзіне тәнті боласың.
«Үркердегі» Мәті бидің сөздері, Төле бидің монологтері
осыған куә. Мәті – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидей ел
тағдырын ұстаған атақты тұлға болмағанмен, ақыл-ой мен
қызыл тілге келгенде, нағыз шешен, қарапайым халықтан
шыққан жезтандай.
Жазушы билерді шешен тілде сөйлеткенде, шешендіктің
тілдік-көркемдік белгілерін (механизмін) жақсы келтіреді: ең
алдымен, олардың сөзінде үлкен логика, қисын, дәлел болуы
керек, екіншіден, мұнда экспрессиялы сөздер, әсерлі эпитет-
тер, қонымды теңеулер, ұйқасты-ырғақты құрылымдар орын
алуы керек. Мәті қарт жас жігіт Әбілқайырға түсін жорып,
кеңес бергенде:
– Шырағым, алыстан орағытып сөйлегеніңе қараған да,
ақылды жас боларсың. Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның
дегенін
істеп, мүйізі қарағайдай болып жатқан
ешкімді
әзір көре қоймадық. Өйткені ақылға айтқызсаң,
қапысыз іс,
қатесіз сөз
болмайды дейді, ең дұрысы – ештеңе айтпаған,
98
ештеңе істемеген дейді... Мен білсем, мына заманың тап
ақыл
сұрамайды, абырой сұрайды.
Бұл заманда абыройдың да аты
өзгеріп кетіпті. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел
дегенің – есігіңнің алдында
көлденең түсіп жатып алатын
күдіре желке көк төбет сияқты.
Ол да үйінің сорпа-суаны мол
дәулетті кісіге бітетін көрінеді. Сонсоң да, балам, біз секілді
сөз деп аталатын қотыр шыбыштың шандырын тартқылай-
тартқылай, оны да әбден ақта қып суалтып жіберген,
Достарыңызбен бөлісу: |