112
Осы ескерткіштен біздің білгеніміз: XVI ғасырдың соңғы
жылдарында қазақ ханы Тәуекелдің немере інісі – Ораз-
Мұхамед
20
сұлтан Сібірде орыстарға тұтқынға түсіп, Мәскеуге,
патша
сарайына жөнелтілгені, сол кездегі Ресей патшасы –
Федор Иванович, кейін орнына отырған Борис Годунов оны
іш тартып жақындатқаны, шведтерге қарсы соғысқа салып,
ерлігін танығаны, 1600 жылы
қазақ сұлтанын Қасымов де-
ген ішкі хандықтың билеушісі етіп қойғаны, ал бұлардың
барлығы жөнінде сол жас сұлтанның кеңесшісі – Қадырғали би
Қосымұлы деген жалайырдан шыққан сауатты қарашы бектің
жазып қалдырғаны, шежіреші бабамыз тек қазақ хандары емес,
әңгімені Шыңғыс хан тарихынан бастайтыны.
Міне, осылардың барлығы қазақтың рухани дүниесі мен
әлеуметтік тарихына ертеден, студент, аспирант кезінен
үңіле бастаған эрудит жазушы
Мұхтар Мағауинді бейжай
қалдырмағаны түсінікті. Жазушы бұл тарихты құр өзі біліп
қоймапты, оны қалың жұртшылыққа, бүгінгі оқырман қауымға
көркем сөзбен, шындығы мен қиялы аралас ғажап сурет-
термен баяндап, дәлірек айтсақ, суреттеп беріпті. Таңдаған
тақырыбының қызғылықты екендігі – осында.
Романның екі кітабы да шытырман оқиғаларға құрылыпты
және ол оқиғалар фантазия не жазушының қиял әлемі түрінде
емес, шыншыл, біріне-бірі табиғи заңды түрде жалғасқан та-
рих күндері
мен жылдары болып беріліпті, оқырманды бас
көтертпей оқытатын қасиеті осыдан шығатын болар. Ал
бұлардың барлығының үстіне оқырманды мейлінше тәнті
ететін, еріксіз сүйіндіретін тағы бір қасиеті бар, ол – тілі, ол –
суреттеу стилі, яғни қаламының қайталанбас табы. Тіл маманы
танымымен қарап, бұл байламымызды дәлелдеп көрелік.
Жоғарыда айттық, екі жазушының тарихи шығармаларын
бөліп алып сөз етуіміздің бір себебі – біреуінің тарихи стиль
тезіне түсіріліп жазылғандығы деген болатынбыз. Мұхтар
Мағауиннің дилогиясы осы сипаттамаға дәл келеді.
Стиль тезі (
Достарыңызбен бөлісу: