«Мың бала» олимпиадасы сайтында мұғалімдердің тіркелу нұсқаулығы



Pdf көрінісі
Дата02.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#170823
Байланысты:
Инструкция для Учителей-каз 1675328620.4528205 (1)



«Мың бала» олимпиадасы сайтында
мұғалімдердің тіркелу нұсқаулығы 
«Мың бала» республикалық олимпиадасының жеңімпазын даярлаған мұғалім 
ретінде тіркелу үшін алдымен олимпиаданың 
1000bala.elumiti.kz
ресми сайтына өту қажет.
Ашылған 
сайт 
бетіндегі 
«Мұғалімдер» 
бөліміне 
өтіп, 
мұғалімдерді 
авторизациялайтын 
«Аккаунт жоқ па? Тіркелу» 
батырмасын басыңыз. 


Тіркелуге арналған бетте мұғалім: 

Өз ЖСН-ін 

Тегі 

Аты 

Әкесінің аты (болған жағдайда) 

Туған күні (автоматты түрде ұсынылады) 

Жынысы (автоматты түрде ұсынылады) туралы мәліметтерді енгізіп, міндетті 
аймақтарды толтырады. 
Тіркелу барысындағы 2 кезеңге өту үшін міндетті түрде барлық аймақ толтырылып, 
«Одан әрі» батырмасы басылады. 


Тіркелудің келесі кезеңінде мұғалімнің жеке ұялы телефон нөмірі, жеке кабинетке 
кіру үшін логин ретінде қолданылатын электронды пошта атауын енгізу керек. Көрсетілген 
поштаға олимпиада туралы хабарландырулар келіп түсетін болады. Содан соң талапқа сай 
келетін құпия сөз жасақталып, «Тіркелу» батырмасы басылады.
Құттықтаймыз! Сіз «Мың бала» ұлттық олимпиада жеңімпазын даярлаған мұғалім 
ретінде сайтқа сәтті тіркелдіңіз! 


Енді алғашқы бетке өтіп, жеке кабинетке кіру үшін тіркелу барысында көрсеткен 
электронды поштаны және құпия сөзді жазып, «Кіру» батырмасын басыңыз. 
Егер де жеке кабинетке кіретін құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, мұғалімдерді тіркеу 
бетіндегі «құпия сөзді қалпына келтіру» функциясын қолдана аласыз. Ол үшін 
«Құпия 
сөзді ұмыттың ба?»
батырмасын басу қажет. 


Жаңадан ашылған арнайы бетте тіркелу барысында көрсеткен электронды 
поштаңызды енгізіп, «Одан әрі» батырмасын басыңыз.
Құпия сөзіңізді қалпына келтіруге арналған сілтеме поштаңызға жіберіледі. 
Енді жеке электронды поштаға келген сілтемені басу арқылы арнайы бетке өтіп
құпия сөзді жаңарта аласыз. Жаңа құпия сөз жасақтаған соң, төменгі аймақта растаңыз. 
Содан кейін «Қалпына келтіру» батырмасы басылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет