Лекция. Сәндік-қолданбалы ӛнер теориясы мен технологиясы. Жоспары



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата02.03.2023
өлшемі0,49 Mb.
#170853
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
CMTOVCTTACQZ02032023214854

тас 
немесе 
көз 
деп 
атаған. Қазақ халқы ежелден күмістің адамға игі әсер ететін айрықша қасиеті 
бар деп білген. Күміс жүзік тағумен шектелмей, нәрестені шомылдырғанда суға 
күміс теңге тастап: 
«Баланың күні күмістей жарық болсын», - деп жоралғы жасаған. 
Әйелдердің жасы ұлғайған сайын әшекейлердің түр-сипаты да ӛте 
қарапайымдаланады. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарға байланысты 
мифтік ұғымдағы ӛрнек түрлері қошқар мүйіз, түйе табан, кӛкӛніс ӛрнектер, 
жапырақша, гүл, ұласымды ӛрнектер, ырғақ айқасгеометриялық ӛрнектер 
кездеседі. Зергерлік ӛнердің туындылары жауға- айбар, аруға-ажар, жігітке-
жігер беретін болғандықтан, жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартылатын болған, 
ұзатылатын қыздың сән-салтанаты, жасауы ретінде берілген. Қазақтың қыз-
келіншектерін ажарландыра түсу үшін оларға арнап ең қымбат бұйым сәукелені 
жасаған. Сәукеленің ӛн бойына алтын, күміс және меруерт, маржаннан әшекей 
тағылады. Қыз-келіншектерге арналған бас киімдердің барлық түрлері міндетті 
түрде күміс зергерлік бұйымдармен, түрлі-түсті асыл тастармен, ірілі-ұсақты 
моншақтармен әсемделіп жасалатын болған. Бас киімге арналған әшекейлердің 
бірі үкі аяқ, тұмарша. Үкі аяқ - әшекейдің күмістен жасалынған болса, тұмарша 
– үш бұрышты жалпақ тілік болып келеді. 
Әйелдерге арналған әсем бұйымдардың бірі – 
жүзік
. Оның үстіңгі бетіне 
әр түрлі тастардан не ӛңді әйнектерден ою-ӛрнек жүргізіледі. Жүзікке кӛбіне 
күмістен кӛз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Сондай-ақ мӛр жүзіктер болады. 
Әйелдерге және ерлерге арналған сақиналарда соғылады. Шебер ұсталар сақина 
мен жүзікке есімдерді де ӛрнектеген. Аса қадірлік жүзіктерге Мұхаммедтің 
атын жазған. 
Қазақ әйелдерінің кӛп қолданатын бұйымының бірі – 
білезік
. Ол жұмыр, 


тӛрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Оның ашылып-жабылатын түрі де 
болған. Келесі бұйым – 
сырға
. Оны кӛбінесе бойжеткендер құлаққа тағады. 
Сырғаның ай, айшықты, тұмар, қозалы, салпыншақ, алтын, күміс, тас, т.б. 
түрлері бар. Шашқа кӛрік беріп тұратын бұйым – 
шолпы
. Оны ызған не кестелі 
бауға тағып, шашпен бірге ӛріп қойған. 
Алқа 
– ол бір-бірімен шығыршық 
арқылы жалғасады. Алқа омырауда кӛрініп тұратын болғандықтан асыл 
тастармен, ӛңді әйнектермен безендірілген. Қазақ келіншектерінің ең әдемі, ең 
кӛп қолданған әшекей заты – 
түйреуіш
. Оны алтыннан, күмістен жасаған. 
Қазақ ерлері мен әйелдері бірдей қолданған бұйымның бірі – 
белдеу

Шалдардың белбеуі – 
кісе 
деп аталады. Әйелдердің белбеуін – мақпал 
белбеу, шығыршықты, т.б. деп атаған. Қазақтың еркектері мен әйелдеріне ортақ 
бағалы бұйым – 
ер тұрман
. Әсіресе әйелдердің ер тұрманы кӛркемде, қымбат 
келеді. Ұлдар атқа мінер кезде, арнайы ер-тұрман істеп, нағашы жұрты сыйға 
тартатын болған. Оны 
ашамай ер 
деп атайды. 
Зергерлік - ұлттық кәсіп. Қазақ халқы ӛзінің күн кӛріс тіршілігіне қажетті 
үй-жай салуды, киім-кешек тігуі, азық-түлік ӛндіруді ӛзінің тұрмыстық кәсібі 
етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем 
бұйымдар жасап, ӛмірде сән салтанат та құра біледі. Бұдан біз халық 
шығармашылығының қандай түрі болса да, халық ӛмірімен, сол халықтың 
қоғамдық тарихымен, күн кӛрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін 
кӛреміз. 
Зергерлердің соғатын заттарының түрлері ӛте кӛп болған. Оған әйелдердің 
әшекейлері, киім-кешекке тағаты түрлі сәндік бұйымдары, ас-су жабдықтары, 
киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою ӛрнек жиһаздық заттар, ағаш ыдыс-аяқ, тері 
торсық, музыкалық аспаптар қару-жарақтар, ат-тұрман әбзелдері және тағы 
басқалар жатады. Бұларды әсемдеу үшін кӛбінесе алтынды, әсіресе, күмісті 
молырақ қолданған. Зергерлер металдың ӛңін ашу шеберлігін жете білген. 
Соғу арқылы белгілі бір қалыпқа түсірілгенде күмістің ӛңі күңгірттеніп 
кететіндіктен оның үстіңгі бетін қайтадан тазалау арқылы жылтыратып, майда 
нақыштармен шекімелеу тәсілімен ӛрнектеп барып тартымды, құлпырмалы 
түске келтіретін болған. Зергерлер күміс бұйымдарды асыл тастардан (лағыл, 
сапхар, зүбіржат, гауһар, ақық) және агат, хрипраз, інжу, маржан, жақұттан кӛз 
қондыру арқылы да әсемдей түскен. Түрлі-түсті шыныларды және тағы басқа 
әсем рең беретін заттарды да кәдеге асырған. 
Зергерлердің кӛп жасаған бұйымдарының қатарына әйелдерге арналған 
әшекейлер жатады. Әшекейлердің бұл түрі тек сән салтанат үшін ғана емес, 
әдет-ғұрып, наным-сенімге де тікелей қатысты болды. 
Қазақ арасында жалпы темір соғатын ұсталарды да, зергерлерді де «ұста» 
деп атаған. Ұста сӛзі шебер, ӛнегелі, ісмер деген ұғымда ағаш ұстасы, темір 
ұстасы, күміс ұстасы, сӛз ұстасы ақыл айтуға ұста деген сияқты тізбектерде 
айтыла береді. Бірақ алтын-күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен 
әуестенушілер ӛздерін темір ұстасынан бӛлек санаған. Осыған қарай оларды 
зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден-ақ қалыптасқаны 
аңғарылады. Бұл туралы академик саяхатшы П.С. «Пациям Российской 
империи» деген кітабында: «…қазақтарда ұсталар да, зергерлер де бар», - деп 


жазады. 
Зергерлік жұмыстың орындалу әдістеріне қарай: техника жолымен преске, 
қалыпқа салып қысу, балқытқан металдарды арнаулы қалыптарға құю, бір 
металға екінші металды оюластырып жапсыру, тұтас металдың бетін ою, сызу 
арқылы ӛрнектеу, металдарға алтын, күміс жалату, металды қақтау, қуыстау, 
жұмырлау, домалақтау, шашақтау сияқты бірнеше түрге бӛледі. 
Металдарды талшықтап бұрау, ӛру, тоқу, түйіндеу, ӛріп шашақтау, 
бунақтау, кезеп металдарды үзбӛлектіру сияқты қазақтың ұлттық зергерлеріне 
тоқталып, бұл заттардың жасалу тәртібі туралы қолӛнеріне қалам тартқан 
ғалымдар кітабын қарастыруға болады. 
Қолӛнер туындылары жастарды әдемілікке, сұлулыққа кӛре білуге 
тәрбиелейді. Эстетикалық талғамын халқына, ӛмірге қоршаған ортаға деген 
кӛзқарасын қалыптастырады, ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал жасайды. 
Практикалық жұмыс үшін бұйым дайындаудың технологиясы. 
Зергер бірінші бұйым дайындамас бұрын дайындаманың жобасын нақты 
етіп сызып алады. Планшетте жоба дайындап болған соң, жобаның формалары 
немесе ӛлшемдеріне сәйкес етіп, бірінші тастар дайындалады, бұл тасқа 
хальцедон тасын пайдалануға болады. Хальцедон табиғи тас. Оны арнайы 
алмазды арамен (құралдармен) су құйып отырып керекті үлгіде кесіп алады. 
Үлгіні арнайы егеумен егеулеп, оны алмазды таста бетін жылтыратады. 
Білезік жүзіктерімен: біз жасайтын білезік үш қабаттан және екі жүзіктен 
тұрады. Білезік, жүзіктерге, ширатпа сымдарға мельхиор қаңылтыры (0,8; 0,5; 
0,3) және мельхиор сымдары (1; 0,5) пайдаланылады. 
Пайдаланатын құрал жабдықтар: балғалар, қайшылар, егеулер, аралар, 
круглогубцы, плоскогубцы, пинцеттер, атауыз, горелка, валцы, қол бұрғы, 
қайрақтар, электрқозғалтқыш, білезік қайыратын аспап, сым тарқыш немесе 
сымды жіңішкелейтін әр түрлі кӛлемде аспаб «фелир». Ең соңынан қышқылдар 
пайдалынады. 
Білезіктің ӛлшемі кӛп жағдайда ұзындығы 16см, ені 2 см. Бірінші білезікті 
істер алдында, жоба бойынша бірінші қабатынан бастайды. Бірінші қабатқа 
ӛлшемі 0,8 мм. Мельхиор қаңылтырын алып оның бетіне ақ немесе сары 
гуашты кисточка мен жағады. Гуаш кеуіп болған соң кӛшірме қағазды бетіне 
қойып қағазды бетіне қойып қағаздағы оюды мельхиор қаңылтырдың бетіне 
қаламмен түсіреді. Түсірілген ӛлшемді алып ӛлшемге бір 1-1,5мм жетпей темір 
қайшымен кеседі. Мельхиор қаңылтырды алып жандарын егеумен егеулейді. 
Егеулегенде атауызға қозғалмайтындай етіп қысып кішкентай надфильмен 
егеулейді. 
Қазақ шеберлері жасаған зергерлік бұйымдар біздің ата-бабаларымыздың 
он саусағынан ӛнері тамған, ӛздері сері, жандары сұлу болғанын паш етіп, 
ерекше дәлелдей түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет