Ою-өрнектердің мәні мен түрлері.
Қазақтың ұлттық ою-ӛрнектері мен
атаулары кӛп. Ғылымдар әзірше 200-дей түрін ғана анықтады. Ою-ӛрнек қазақ
халқы қолӛнерінің кең тараған түрі болып табылады.
Ою-ӛрнек қазақ халқы қолӛнерінің кең тараған түрі болып табылады. Ою-
ӛрнек атаулыны екі топқа бӛліп қарауға болады: Бірінші топқа ою-ӛрнектің
тікелей ӛзіне қатысты түрі жатады; Екінші топқа ою-ӛрнек қолданылатын
әшекейлі бұйымдар жатады.
Ою-ӛрнек не нәрсеге ұқсастығына қарай бірнеше түрге бӛлінеді.
1.
Ай. Күн, жұлдыздарға, кӛк әлеміне байланысты ою-ӛрнектер. Олар:
айшық, жұлдыз, т.б.
2.
Малға, малдың дене мүшелеріне байланысты ою ӛрнектер. Олар:
қошқармүйіз, түйетабан т.б.
3.
Аңға, аңның дене мүшелеріне байланысты ою-ӛрнектер. Олар:
арқармүйіз, бұғымүйіз т.б.
4.
Құрт-құмырсқаларға, яғни жәндіктерге байланысты ою-ӛрнектер.
Олар: кӛбелек, жыланбас, жұлдызқұрт т.б.
5.
Құстарға байланысты ою-ӛрнектер. Олар: Құсмұрын, құсқанат, т.б.
6.
Жер, су ӛсімдік бейнелі ою-ӛрнектер. Олар: тӛртқұлақ, бесжапырақ,
бұтақ.
7.
Құрал жабдықтарға байланысты ою-ӛрнектер. Олар: балта, тарақ,
балдақ т.б.
8.
Геометрялық, денелер тектес ою-ӛрнектер. Олар: тұмар, сынық мүйіз.
Қазақ халқының ӛрнекті әшекейімен істелетін қолӛнеріні түрлері ӛте кӛп.
Соның ішінде ою-ӛрнекке айрықша мән берген.
Сонымен ою-ӛрнек - қазақ халқыныңтұрмыс тіршілігінде кеңінен
қолданып, ежелгі заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ӛнер
түрінің бірі. Оның элементтерін қазақ халқы қолӛнерінің қай түрінен болса да
кездестіруге болады. Оны әсіресе үй жиһаздарынан, киім-кешектерден,
зергерлік бұйымдардан, халықтық музыка аспаптары мен қару-жарақ
түрлерінен жиі кӛреміз.
Ою-ӛрнек ӛнерінің белгілі бір халыққа тән мәнерлеу ерекшеліктері сол
халықтың тұрмыс тіршілігімен, бейнелеу ӛнерімен ұлттық қол таңбасымен
тікелей сабақтасып жатады.
Халық арасынан шыққан ісмер, шебер зергерлердің заман талабына сай
шығармашылық ізденістер нәтижесінде ою-ӛрнек ӛнері де жаңа мазмұнға ие
болып отыр.
Қай халықта болса да әсемдік талғамның артуына байланысты ӛрнек
түрлері де үнемі дамып отырды. Әрбір халықтың ісмер шеберлері ӛздерінің
кӛркем ою- ӛрнектерін жатқа жасап, оюға ӛз бетімен жаңалық енгізу
дәрежесіне жетті.
Халық мұндай адамдарды «Оюшы» деп атайды да, оларда: «Ою ойғанның
ойы ұшқыр» деп бағалайды. Енді ою-ӛрнектің кең тараған біраз түріне
сипаттама берейін.
Жұлдыз ӛрнегі – аспандағы жұлдыз кӛрінісіне ұқсайды. Ол кӛбінесе
кілемдерге жиі қолданылады.
Қошқармүйіз - қошқардың екі шекесіне тізіле біткен қос мүйізіне ұқсайды.
Ол ұлттық киімдерге және текемет, сырмақ, аяққап т.б. киіз бұйымдарда жиі
кездеседі.
Сынықмүйіз – сынық жасап барып мүйізді бейнелейтін ӛрнек. Ол кӛбінесе
шым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.
Балта – атына сай балтаға ұқсас немесе баспа «Г» тәріздес ӛрнек. Кесте
мен ӛрмек ӛнеріне жиі кездестіруге болады. Тышқаніз – тышқанның ізіне ұқсас
ӛрнек. Ол кӛбінесе әже, апаларымыз киетін кимешектің жағында зер арқылы
ӛрнектеледі. Әрбір бұйымға әшекейленетін ӛрнектер дәстүрлі ерекшелікке
байланысты таңдап алынады. Мысалы: қыз балалардың киімдерінде гүл, құс
тәрізді ӛрнектер, ол текемет, сырмақтарда қошқармүйіз, сыңармүйіз, қосмүйіз
тәрізді мүйіз ӛрнек түрлері жиі қолданылады т.б. Бұл қазақ халқының мал
шаруашылығына бейімділігін кӛрсетеді.
Жалпы ою-ӛрнекті оның пайда болу ерекшелігіне байланысты дәстүрлік
және сәндік деп екі топқа бӛлуге болады.
Дәстүрлік ӛрнек ежелден ежелден пайда болған халықтық ӛрнек. Сәндік
ӛрнек – бір нәрсені әшекейлеп, сәндеу үшін қолданылатын ӛрнек. Ӛрнек -
әшекейлерді бояудың түсіне қарай ойластырудың мәні зор. Әрбір түс белгілі
тәртіппен кезектесіп келгенде қарама-қарсы түстер бірін-бірі ашады.
Сондықтан ою-ӛрнектердің түстік бояуының ретпен орналасуына баса назар
аудару керек. Қазақ оюларының мазмұны мал ӛсірумен аңшылықты, жер-су,
кӛшіп-қону кӛріністерін, күнделікті ӛмірде кездесетін әртүрлі заттардың
сыртқы бейнесін аңғартады және бәрін де мүйіз оюы үнемі араласып отырады.
Әрбір оюшы ою-ӛрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған.
Сондықтан ұлттық ою-ӛрнектерінің ең басты мәнері, ең кӛп түрі және әр түрлі
мәнер жасауда жиі қолданылаты «мүйіз» тектес ою-ӛрнектер. Ғалымдардың
анықтауынша, ол ежелгі ӛрнек сондықтан онда кӛбінесе мал шаруашылығы мен
кӛшпенді ӛмір салты бейнеленген.
Мүйіз тектес ою-ӛрнектер кейде ӛте ұқсас, кейде ӛте ірі болып келеді.
Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге
қолданылса, кілем алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын,
киім-кешек, құрылысқа қолданылады.
Шеберлер жаңа ою-ӛрнектерін тұрмыс тіршілігіне ӛз дәуіріндегі заман
ағымына
қарай
лайықтап
отырған.
Мысалы,
халқымызды
кӛне
бұйымдарындағы ою-ӛрнектерін сәнділігімен қатар сол бұйымдардың жеңіл әрі
берік болу жағын қарастырған. Оның үстіне әрбір жануар мен заттың ӛз
бойындағы қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы, композициясы,
симметриясы, мен ассиметриясы, колориты мен ритмі сондай-ақ оған арналған
философиялық мәні де байқалады.
Композиция дегеніміз – латынның ою-ӛрнекті бір заттың бетіне реттеп
орналастыру деген сӛз. Мысалы, ою-ӛрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де
кіші де болмай, асқан дәлдік пен жарасым табу керек. Ӛрнек үшін
симметрияның да маңызы зор. Оның екі жағының бірдей болуы –
симметрияның заңы. Симметрия кез- келген ою-ӛрнекте болады. Ою-ӛрнектегі
бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуын колорит дейді. Колорит
кӛп бояулы, ою-ӛрнектерде жиі кездеседі.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1 Күнпейіс Ж., Алимбекова С. Бастауыш сыныпта еңбекке баулуды оқыту
әдістемесі. Оқу құралы. - Түркістан. 2020. - 156 б.
2 Күнпейіс Ж.Қ. Технология пәнін оқытуда бастауыш сынып
оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың негіздері. - Түркістан 2011.
126 б.
Қосымша әдебиеттер:
1 Алимбекова С. Бастауыш сыныптарда бейнелеу ӛнерін оқыту әдістемесі.
Оқу құралы. - Түркістан. 2020. - 146 б.
2 Бакиева О.А. Методика преподавания изобразительного искусства:
учебное пособие. – Тюмень: Издательство Тюменский государственного
университета. 2012. – 222 с.
3 Художественный труд учебный план. 3-класс. Астана-2017. «Назарбаев
Интеллектуальные Школы»
4 Ӛстеміров К., Қалназаров Б. т.б. Еңбекке баулу. Оқулық 4-сыныпқа
арналған. - Алматы: «Атамұра». 2011. -154б.
5 Раупова Н.А. Кӛркем еңбек. 2-сынып, Алматы: Кітап баспасы. 2017. –
151 б.
6 Журавлева А.П., Болотина Л.А. Техника моделін жасауды үйрету. – А.:
Мектеп, 1987.157б.
7
Конышева Н.М. Методика трудового обучения младших
школьников. -М.: Академия, 1999. 192с.
8 Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесінің жалпы мәселелер.
Оқу құралы / Б.Т.Ортаев. – Шымкент: Нұрлы Бейне, 2010. -120 б.
WEB сайттар тізімі:
1.
http://bilimdiler.kz/tags
2.
bilimdiler.kz/bastaush/8782-mysyk-musini.htm
3.
bilimsite.kz/tags/
Достарыңызбен бөлісу: |