§ 3. Ойлау процесініц психологиялық және логикалық астарлары
Адамның дүниетанымы қоғамдық-тарихи даму нәтижесінде өрістейді. Ол
табиғатқа әсер етіп, қоғамды өзінің
белсенді әрекетімен байытады. Сөйтіп, адамзаттың ғылыми білімі дамьш, белгілі бір жүйеге түседі. Басқаша айтқанда,
адамдардың танып білу процесінде тіл арқылы жинақталып қорытылған білімі мен оның нәтижелері жүйеленіп, ғылым
салаларына бөлінеді. Мысалы: физика, химия, биология, тарих, социология, психологчя т. б. Танымдық процестердід
осы тарихи дамуы және олардың ғылым жүйелеріне жіктеліп бөлінуі дүниетану теориясын немесе
гносеологияны
кұрайды. Гносеология — философия мен логиканың дүниетану теориясын
құрайтын құрамдас бөлігі, таиып білудін
тсориялық негізі
Таным теориясы — гносеология — философиялық пән Ол дүниетанудыц жалпы заңдылықтарын
зерттейді.Адамзат тарихының дамуында қалыптасқан “болмыс”, материя”, “сана”, “сапа”, “сан”, “тартылыс” тәріздес
басқа да ұғымы кең категорияларды қара-стырады Осындай таным теориясы мен философиялық принцнп-терге
негізделетін ойлау процесі өзара байланысты және бір-бірін толықтырыи отыратын жеке ғылыми пәндер — формальдық
логика мен психология арқылы да зерттеледі.
Логика
ғылымы ойлаудың формаларын, ұғымдар мен пікірлерді, ой қорытындыларын және ойлау зандарын
зерттейді.
Ұғым — болмыстағы нәрселер
мен құбылыстардын жалпы, мәнді және өзіндік белгі-қасиеттерін бейнелейтін
ойлау формасы. Мысалы, “адам” деген ұғымның мәні оның өндіріс құралын жасап шығаратын қабілеті бар; дыбысты тіл
арқылы сөйлесетін ақыл иесі екендігін білдіреді, Ал “емтихан” деген ұғымның мәнісі — оқушы-лардың, студенттердің
білім деңгейін анықтап, олардың дәрежесін тиісті белгілермеи анықтайтын оқу процесі. Ұғымдардың мазмұны
пікірлер
арқылы ашылады. Мұнда нәрсе мен оның қасиет-белгілері арасындағы байланыстар ашып көрсетіледі, Мысалы,
металдарды қыздырса, олардың көлемі ұлғаяды. Бұл пікірдіа формуласын —
Достарыңызбен бөлісу: