Б і р і н ш і б ө л і м
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
I тарау. ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ
§ I. Психологня пәнінің зерттеу объектісі
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден
түсіну қиын, әрі ол — күрделі мәселе. Өйткеш, психикалық құбылыстардың зерітсуші адамның дүниетанымдық
көзқарасына байланысты. Психология-ның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің, басқа құбылыстары-нан ерекше.
Заттар мен кұбылыстар туралы адамның елесі
,
қабыл-дауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше больш жасалады, Сейтіп,
бірте-бірте олар адамның психикасы болып аталады. Оған психика-лық әрекеттер, қасиеттер, процестер, күйлер (көңілге
байланысты) тағы басқалар жатады. Мұндай процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сыртқы дүниедегі заттар
мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан дүннесіне тән.
Психология, психика
деген түсініктер гректі” “псю-хэ” —
жан
деген сөзінен шығады. “Логия” —
Імм
Бұл
ғылымның өзіндік таңбаеы Ү
(псю
деп аталатын грек әрпі). Сонымен, психология — жан туралы ілім. Ол кұбылыстарды
жүйелі түрде топтастырьш, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп
аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі
мен бейнелеу қасиетінің, күллі жан дүниесінің
тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда, біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне көз
жеткіземіз. Психологияның осындай анықтамасына қосымша ретінде оның үш түрлі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі -
психология адамтану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие. Мұндай ерекшелік қазіргі кезде қарқынды
дамьш отырған ғылыми пәннің өресі мен алдына қойған мақсат-мүлдесімен байланысты. Екіншісі —
адамның
психологиялық дара өзгешеліктерін, психикалық проце--тердің анық-танығын айқындау үшш XIX ғасырдың орта
кезінен бергі тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы.
Осы ретте, психология эксперименттік ғылым деп те
аталады. Үшіншісі — психологияны өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайт — бұл пәннің дербестігі.
Пәннін дербестігі адам жан дүниесінің сырларын зерттеуде ең алдымен оның зандылықтарын жете білуді, әрбір
адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен сыр-сштаттарын даралап іздестіруді қажет етеді. Әрбір адам — өзінше бір
дара дүние. Оның жан са-райына үңіліп, жүрек
сырыиа терең бойлау, ондағы құпия, жайттарды ұғыну – пән
дербестігінің бір қыры.
4
Адамдар күнделікті өзара қарым-қатынас нәтижееінде бірін-бірі бақылап, бір-бірінің мінез-кұлқын, істеген ісін,
қылығын, еңбек-әрекетін біледі, ішкі сырларын аңғарады. Олардың сыртқы құбылыстарға бейімделуін,түрлі әсерлерге
тітіркеніп, реакциялану-ын байқайды. Сөйтіп, бір-бірінің мінез-кұлық ерекшеліктерінің өзіндік сипаттарын түсінеді:
Адам, психикасының сан қырлы сырларын ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың арасындағы айырма сипаттарын, бір-
біріне тигізер ықпалын,
қасиет-сапаларын, жан-күйін өмір тәжірнбесіне сүйене отырып ажыратады. Мұндай
ерекшеліктер ұрпақтан-ұрпаққа тіл,
халықтың өнер туындылары, жасаған заттық бұйымдары арқылы мұра ретінде
беріліп отырады. Халық аузындағы “Сан рет естігеннен бір рет көрген артық" “Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей
шешен болады”, “Көз жеткізбе-генді, сөз жеткізеді” деген мақал-мәтелдердің бәрі де
адамның әрқилы психикалық
процестері мен жан жүйесінің кызметі, сыры жайында айтылған.
Адамның өмірден көріп-білгені, естігені, өз тәжіркбесінен жинақтағаны ғылымға дейінгі психологиялык білімін
түсінігін жасады. Мұндай түсініктер адамдардың табиғатпен қатынасында, айналасындағы нәрселерді танып, пайымдап,
бағдарлай білуінде ерекше маңызды. Дегенмен, бастапқы түсініктер жүйесіз әрі тайыз болғандықтан, оларға сүйсне
отырыи, адамдар арасында белгілі жүйеде тәлім-тәрбие, емдеу, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу жеткіліксіз еді.
Өйткені, олар адамның психикасы мен жан дүниесі туралы тұрақты әрі дәйекті ғылымн мәліметтер бере алмайды. Ал
ғылыми білім, заттар мен құбылыетар жайындағы ақиқатты танып білу, олардың сыр-сипатын түсіну мәселелері себеп-
салдар принциптерін ашып көрсету нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.
5