Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет3/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

§ 
2. 
Жалпы психология. Психикалық процестер мен
психикалық қасиеттер, Психиканың дамуын бейнелеу
теориясы тұрғысынан түсіну
Жалпы психология — психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін
және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді, Басқаша айтқанда, бұл ғылым —
теориялық
және
п
сихология
деп те аталады, Жалпы психология — адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін, түйсіну мен
қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сейлеуін, ерік-жігері мен сезім күйлерін, адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы
заңдылықтарын қарастырады. Адамның жеке басындағы өзіндік психологиялык ерекшеліктері болып саналатын мінезі
мен темпераментін, мінездегі жетекші ниеттілектерді, қабілеті мен өнерді таңдай білуін т. б. ерекшеліктерін зерттейді.
Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып
отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып менгеруле мыналай негізгі үш мәселені бөліп
қарастырамыз: а) психикалық процестер, ә) психикалық кейіп, б) психнкалық қасиеттер немесе адамның дара
психологиялык ерекшеліктері.
а) Психикалық процестерге, әдетте, адамның таным процестерін жатқызады. Олар — түйсіну, қабылдау
(тітіркендіргіштердің сезім мүшелеріне тікелей әсері), ес, қайта жаңғырту процесі, киял мен ойлау, Сейтіп, сыртқы
дүние шындығын тану, еріктік процестер (қажсттіліктің, пайда болуы, ниет пен тілек), эмоциялык. процестер.
ә) Психологиялық кейіп көңіл-күй мен аффекттерді, зейін (шоғырлануы мен шашырауы) және ерік (сенімділік пен
сенімсіздік, күмәндану) сияқты т. б, жайттарды бейнелейді.
6} Психикалық қасиеттер әрбір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктер болып табылатыя
темперамент, мінсз, қабілет арқылы дараланады. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайда өмір сүретін адамдардың бүкіл
болмысы мен жан дүниесінің сыры олардың даралық қасиеттері больш табылатын темперамент көрінісінен, мінез-құлық
ерекшеліктерінен және қабілет бейімділігі-нен айқын байқалып тұрады.
Материалистік ілім психикалық процестер мен ерекшеліктерді органикалык дүниенің белгілі бір даму сатысында
пайда болған қасиеті деп санап, оларды бейнелеудің жоғары формасы ретінде түсіндіреді. Псяхиканы айналадағы
объективтік шындықтың біздің жоғары сатыда жетілген жүйке жүйемізде бейнеленуі деп таниды. Жануарлар
дүниесімен салыстырғанда, адам дүниені бейнелеудің ең жоғары сатысы — санаға ие болады. Саңа—тек адамға ғана тән
қаснет. Адамның болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы — сана дәрежесіне көтерілуі, бір жағынан алғанда, оның
6


жақсы жетілген жүйке жүйесінің қызметіне байланысты болса, екінші жағынан, адамның қоғлмдағы қызметі мен еңбек
тәжірибесіне байланысты.
Психика, сана — материяның ең жоғары түрде дамыган жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені
бейнелеп таньш білуі сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды, ал ойлаудың нәтижелері өмір тәжірнбесі мен
коғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен оқиғаның бейнелері біздің
акыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Сөйтіп, адамның дүниетанымы
тікелей сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан әрі қоғамдық тәжірибеге ұштасып жатады. Адамның таным
әрекетінің бұл жолы материалистік бейнелеу теориясы деп аталады. Ал психика мен психологиялық қасиеттердің бәрі ~
адамның осы дүниетанымының санада із қалдырып, белгілі фактіге айналуы. Психиканы және оның жоғары түрде да-
мыған сатысы — сананы, адамнын дара ерекшеліктерін зерттеу маселалері — пснхология ғылымының басты
міндеттерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет