Бастауыш сынып оқушыларының темпераментін анықтау тесті
Сен сабақта қалай отырасың?
а) достарыма кедергі жасаймын, мұғалім сөзін бөлемін.
ә) белсенді тыңдаймын, есеп шығаруға үлгеремін
б) тиыш отырамын, барлығын орындаймын, бірақ әзер үлгеремін
в) әрқашанда өзімен сенбеймін, үлгермей қаламын деп қорқамын
2. Егер сабақта қоңырау соқса сен не істейсің?
а) атып түрегеліп айғай саламын
ә) мұғалім рұқсатымен жұмысты аяқтаймын
б) барлығы үзіліске шықса да үй жұмысын жазуды жалғастырамын
в) қайта үлгерген жоқпын, үйде ұрсады деп ойлаймын
3. Мұғалім сұрақ қойса не істейсің?
а) сұрақты түсінбесем де қолымды көтеремін
ә) қолымды көтерем де жауап беремін
б) дұрыстап ойланамын, бірақ қолымды көтермеймін
в) мұғалім мені байқамаса екен деп отырамын
4. Сен өз достарыңа қалай қарайсың?
а) ашуланшақпын, кейде әділ емеспін
ә) жақсы көзқараспен қараймын
б) салмақтымын, жауапты байқап қайтарамын
в) мені олар күлкі етеді деп ойлаймын
5. Сен үзілісте өзіңді қалай ұстайсың?
а) айғайлаймын, жүгіремін, секіремін, итеремін
ә) футбол, қуып жету, т.б. ойындарды ойнаймын
б) салмақтымын, басқалардың ойнағанын қадағалағанды ұнатамын
в) ойнағым келеді, бірақ балалар мені қоспайды деп қорқамын
6. Достарың сыныпқа бақа немесе тышқан әкеліп жіберейік десе не қыласың?
а) қуана келісемін
ә) келісемін, бірақ оны басқа біреулер істесін
б) бұндай ойға қуанбас едім, бірақ басқалардың істегеніне қарар едім
в) ешқашанда келіспеймін
7. Сен достарыңмен бәсекелескенде не істейсің?
а) мен олармен ешқашанда келіспеймін, жынданамын
ә) ол өзін мен дұрыс жасаған жоқпын десе, онда келісемін
б) ұрысқанды ұнатпаймын, бірақ өзімді ренжітуге бермеймін
в) келісуге дайынмын, менімен ұрыспаса болды
8. Егер үй жұмысын орындай алмай жатсаң не істейсің?
а) тастап қызықты нәрсемен айналысамын
ә) ата-анамнан, туыстарымнан көмек сұраймын
б) басынан аяғына дейін орындауға тырысамын
в) тағы бір рет көремін, мүмкін біреуден көшіріп алармын
9. Сені ренжітетін адамға қалай қарайсың?
а) тиісіп көрсін
ә) оның ісі қате екенін дәлелдеуге тырысамын
б) шыдай аламын, бірақ ол жалғастыра берсе, онда ...
в) менің тиышымды алмасын деп оны көндіремін, немесе маған тиіспес үшін оған бір
жақсылық жасаймын
10. Егер сыныпқа үлкен ыдысқа салып торт әкелсе сен қандайын таңдап аласың?
а) ең үлкен, әдемісін
ә) жереби бойынша алайық деп айтамын
б) маған жақын тұрғанын аламын
в) қалғанын аламын
Достарыңызбен бөлісу: |