жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындаш қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыста-рын жүргізу, дұшпанға
дейген өшпенділік сезімдерінік оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен
басқару әдістері зерттеледі,
VIІ. ӘлеуметтІк-психология
адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.
Бұл сала
адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы
психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі
мәселе қамтылады:
а)
Үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлар.
Бұл проблеманын құрамына жалпы бұқаралык
байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т. б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан
түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер
жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған таптық психологияға қатысты мәселелер, этностык,
және ұлттык. психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелері зерттеу де жатады.
ә) К
ііиі (шағын) топтардагы психологиялық-әлеуметтік жагдайлар.
Оңашаланып
тұйықталған топтардағы
адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарыныд сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің, алатын
орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар
арасындағы қатынастар, сол топтар-дың, шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүлделері, шоғырлаау
денгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасы, үлкендерді сыйлау сияқты
мәселелер де енеді.
б) Қ
огамдары адамныц қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны,
Азамат — әлеуметтік психологиянын.
зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу
ерекшеліктерде зерттеледі. Сондай-ак, қоғамдағы азаматтың
өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-
бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен менмендігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге
мән беріледі. Әрине, бұл аталған үш топқа қатысты күрделі мәселелер әлеуметтік пспхологияда біріне-бірі қарама-
қайшы не бір қатарға қойылмайды. Азамат пен қоғамның тұтастығы тұрғысынан бұл мәселелер барлық қарым-
қатынастардың жиынтығы деп қарастырылады және адамның азаматтық бейнесі мен оның ішкі мәнін ашып көрсетеді.
Әлеуметтік пснхологияның тармақтары:
этностық психологня, ұлт психологиясы, таптар психологиясы және дін
психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.
10