3-тапсырма. Автор баяндауындағы теңеулерді тауып,
қандай мақсатта жұмсалып тұрғандығын ашып көрсетіңіз.
...Қызыл Жебеге қонған Рысқұлдың сирек жылжитын
қаһарлы қара сұр өңінен нұр төгіліп, көздері шоқ шашып, әруақ
қуып
арқасы қозған бақсыдай, айбыны асқақтап шыға келді.
Астындағы жүйрік те буырқанған бұла күшті сезгендей, ауыз-
дықты қарш-қарш шайнап, тізгінді сүзе
шірене тартылған са-
дақтың адырнасынан ұшатын жебедей лыпып тұр еді.
Ал енді әкесінің Қызыл Жебеге мініп отырғандағы кел-
бетін көріп Тұрардың төбесі көкке жеткендей,
аспандағы жұл-
дызды қолмен ұстап тұрғандай болды. Қызыл тұлпардың үс-
тіне құрыш қыран қонғандай әдемі сурет жас баланың жанын
әлдилейді... (Ш.Мұртаза).
4-тапсырма. Төмендегі өлең жолдарына назар аудара
отырып, сөз-образ, сөздің бейнелілік қасиеті, эстетикалық
мәні дегенге түсінік беріңіз.
Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң жоқ таласуға,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен
көктің желпініп арасында
Желігесің, түсесің қара суға.
Құйын қуған қаңбақтай аласұра,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Мен отырмын теңіздің жағасында
Бересім де
жоқ оған, аласым да.
Мені тастап, толқындар, ағасың ба?
Толқынданып, өмірім, барасың ба?
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба, өмірім, қиындаған?
Сыйын маған!
Ей, өмір,
сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған (М.Мақатаев).
Достарыңызбен бөлісу: