М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет132/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   138
Мәтін стилистикасы
– мәтіннің құрылымдық-стильдік 
ерекшеліктерін, мәтіндік бірліктердің түзілуін, автор бейнесі
мен тілдік тұлға т.б. мәселелерді қарастыратын стилистика саласы. 
Тарихи стилистика
– функционалды стильдердің қалып-
тасу, даму тарихын, әдеби тіл тарихындағы алатын орны мен 
маңызын қарастыратын диахронды аспектідегі зерттеу саласы. 
Прагмастилистика 
– стилистиканың жаңа бағыты, тілдік, 
қатысымдық бірлік ретіндегі дискурс пен мәтіннің стилис-
тикалық сипаты мен мазмұнын прагматикалық тұрғыдан зерт-
тейтін тың саласы. 
Дискурс –
прагматиканың негізгі зерттеу саласы, күрделі 
коммуникативті-прагматикалық құбылыс. Тіл білімінде алға-
шында «сөйлеу» не «ауызша сөз» мағынасында қолданылған. 
Бұл – сөйлеу әрекеті жағдайында пайда болатын тілдік құбылыс, 
қазіргі түсінік бойынша өзара байланысты мәтінге негізделген


коммуникативтік іс-әрекеттің ауызша сөйлеу формасы ретінде 
танылады. Сондай-ақ дәстүрлі стиль ұғымын нақтылау үшін де 
жаңаша қалыптасқан термин сөз. Мәселен, ғылыми дискурс, 
педагогикалық дискурс, публицистикалық дискурс, көркем 
әдебиет дискурсы, әдеби сын дискурсы, ресми дискурс деп 
аталып жүр.
Мәтін
– күрделі коммуникативтік (қарым-қатынас) құ-
ралы. Тілдік қарым-қатынастың толық жүзеге асқан өнімді 
нәтижесі ретінде танылады. Яғни мәтін – сөйлеу әрекетінің, 
шығармашылық өндірістің жазбаша формасы.
Экспрессивтік стилистика
– тілдегі экспрессивтік әдіс-
тәсілдерді, яғни ойды көркемдеп жеткізудегі экспрессиялы 
құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін қарастыратын стилис-
тиканың жаңа бағыты.
 
Экспрессия
– эмоцияны, ерікті ойды білдіруге, мәнер-
лілікті күшейтуге қызмет ететін стильдік категория. Яғни тілге 
эмоционалды бояу беріп тұратын сөздің көркемдік қасиеті. 
Экспрессивтілік
– сөйлеушінің сезім-күй әрекеті арқылы 
ойды әсірелеп, бейнелеп жеткізуде қолданылатын сөз өрнектері. 
Тілде экспрессивтілікті білдірудің сан алуан тәсілдері бар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет