М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет133/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138
Коннотация
– қосымша мағына беретін стилистикалық 
категория, тіл бірліктерінің ерекше мағыналық реңк, бояуға ие 
болатын қасиеті. 
Қосүнді сөз –
автор мен кейіпкердің субъективтік көз-
қарастарын бірге салыстырып, үйлестіруге мүмкіндік беретін 
стильдік тәсіл. Қосүнді сөз араласқан баяндау экспрессивті-эмо-
ционалды, әсерлі болып келеді, көбіне лепті, сұраулы сөйлемдер 
арқылы құрылады. Өйткені ол сөйлемдер түрлі сезімдерді 
бейнелеп, ерекше эмоциялы бояумен жеткізіледі.
 
Күрделі синтаксистік тұтастық –
бірнеше сөйлемдер 
тізбегінен құралған, мағыналық және құрылымдық жағынан 
тұйықталған, белгілі бір күрделі ойдың төңірегінде топтасып 
тұратын синтаксистік-стильдік категория. Күрделі синтаксистік 
тұтастықтың құрамына енген әрбір сөйлемнің мән-мағынасы, 
экспрессивтік бояуы, стилистикалық мәнері мәтін ішінде 
анықталады.
 
Каламбур
– сөз бен сөз тіркестерінің дыбысталуы 
жағынан ұқсас келуінен туатын стилистикалық оралым, сөз 


құбылту амалы. Омонимдердің каламбур тудырудағы қызметі 
зор (
Тағы сынды жан едік, тағы келдік тар жерге...
Махамбет). 
Перифраз
– суреттеп атау тәсілі, яғни зат не құбылыстың, 
іс-әрекеттің ең негізгі қасиетін, бір белгісін астарлы мәнде 
жұмсау. Абай, М.Дулатұлы шығармашылығында кездесетін пе-
рифраздар: 
надандық – қараңғылық пердесі; сауатсыздық – на-
дандық шәрбаты; шәкірт – жарқыраған жарық сәуле; сана-
лылық
 
– жүректің көзі; өмір – опасыз дүние, сұм дүние, бұлдыр 
заман, сұм жалған; т.т. 
Окказионализм 
– белгілі бір әдеби-эстетикалық, идеялық 
мақсатты көздеуден туған лингвостилистикалық құбылыс. Жа-
зушы танымына тәуелді, жеке тұлғалық қасиетін танытатын 
өзіндік сөз қолданыстары, тың бояуымен ерекшеленетін тіл бір-
ліктері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет