стилистикалық сапа-белгілерін қарастыратын стилистиканың
саласы.
Көркем әдебиет стилистикасы
– жазушы шығарма-
шылығының тілдік-стильдік ерекшеліктерін, көркем шығарма
жүйесіндегі поэтикалық сөз
қолданыстарын қарастыратын
ғылым саласы.
Автор бейнесі
– құрылымдық-көркемдік, тілдік-стильдік
категория, шығарманың көркемдік әлемін туғызушы субьект.
Фонетикалық стилистика
– сан алуан дыбыстық қайта-
лауларды,
ассонанс, аллитерациялық құбылыстарды, интона-
цияның, екпін түрлерінің стилистикалық сапаларын,
әуезді
мәнерін зерттейтін стилистика саласы.
Грамматикалық стилистика
– грамматикалық катего-
риялар мен олардың мағыналық түрлерінің қолданылу жүйесін
зерттейді.
Лексика-фразеологиялық стилистика
–
әдеби норма-
дағы сөздердің де, бейнормалық элементтердің де стильдік
қызметін, сөз мағыналарының жұмсалу ерекшеліктерін қарас-
тырады, фразеологиялық
сөз орамдарының да әсерлілігін,
мәнерлілігін зерттейді.
Практикалық стилистика
– стилистикалық дағды, са-
уаттылықты қалыптастыру, тілдік-стильдік
амал-тәсілдерді
тиімді жұмсауға дағдыландыру міндеттерін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: