Сабақтың түрі: Жүйеге келтіру сабағы. Сабақтың көрнекілігі: слайд, бейнематериал, цитаталар



Дата30.01.2022
өлшемі21,66 Kb.
#116022
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабақ айтыс


Сабақтың мақсаты:  

Білімділік:  Айтыстың шығу тарихын, түрлерін, ерекшелігін, мақсатын еске түсіру. Айтыс өнерінің маңыздылығын ұғындыру. Пікірталас тудырудағы айтыстың рөлін таныту.

Тәрбиелілік:  батылдыққа, шыншылдыққа, орнықтылыққа тәрбиелеу. Сөз өнерін қадірлеу білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушының шығармашылық дамуына әрекет ету, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру. Оқушының ой- түйінін білім мазмұнына әкелу.

Сабақтың түрі: Жүйеге келтіру сабағы.

 

Сабақтың көрнекілігі: слайд, бейнематериал, цитаталар.



Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, ақпараттармен байланыс.

Сабақтың жүрісі:

Мұғалімнің кіріспе сөзімен басталады:

Қайырлы кун, құрметті ашық сабаққа қатысушылар және әріптестер! Қыздар, Жігіттер көңіл-күйлерің қалай? Бүгінгі сабақтың айтыс өнері. Сабағымыздың мақсаты: Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының болмысын ашу, насихаттау. Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақталып қалып отыр. Ары қарай осы айтыстың шырағын сөндірмей, кеңінен тереңінен тани беру, дамыту.

Ал, қыздар жігіттер олай болса, амандықты айтыс үлгісімен бастайық. Жереби тастаймыз. (жереби тасталды, қай топ бастайтыны белгілі болды.)

1-топ:


Ассалаумағалейкум, құрдасым,

Амандық сұрасқаным айып болмас,

Келіп қалдың алдыма, айтысайық,

Айтыс ақынына ұқсап тым.

2-топ:

Ең алдымен түзу болсын сәлеміміз.



Уағалейкум ассалам, сыныптасым.

Ақынша жыр төгеміз деп

Жүрсін аға айтысынан бірақ шықпайық екеуміз.

М.: Бәрекелді! Жалпы айтыс дегеніміз не?

Айтыс – қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс тек қазақта ғана болмаған, оны білеміз, солай ма?

Айтыс арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Дегенмен, айтыс өзінің жанрлық қасиетін те қазақ әдебиетінде ғана сақталып қалды.

Экранға назар аударайық. Айтыстың түрлері Қажым Жұмалиев былай бөлді:

) Бәдік. 2)Жар- жар. 3) жануарлар мен адамның айтысы. 4) Өлі мен тірінің айтысы. 5)Жұмбақ айтыс. 6) Салт айтыс- қыз бен жігіт, ақындар айтысы. 7) Осы күнгі айтыс деп жеті түрге бөледі. (Слайд1.)

Ал енді осы түрлеріне қысқа-қысқа тоқталып өтейік. (Әр қайсысы жайлы оқушылар айтып шығады).

Қазақ даласын айтыспен әйгіленген ХІХ ғ. Ақындарды атап өтейік. Кімдерді білеміз? Жауап: Орынбай,Шортанбай, Серәлі, Тоғжан, Сақау Шөже, Балта, Кемпірбай, Тезекбай, Біржан, Құлмамбет, Жамбыл, Сүйінбай, Біржан- Сара, Жанақ, Мұрат, Рақымжан, Ыбыраш, Манап- Надежда Лушникова. Маңғыстаулықтар: Нұрым, Абыл, Қашаған, Балдай, Сәттіғұл.

 Қазіргі айтыс жайлы бейнематериал тамашалап алайық. (видео таңшолпаннан).

Қандай Қазіргі айтыс ақындарын білеміз? (Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Сара Тоқтамыс, Мэлс Қосымбай, Серік Құсынбаев, Б.Қалиолла, А.Ғафуров, Дидар Қамиев, Жандарбек Бұлғақов, Дәулеткерей ағамыз т.б.). (Слайд2). (Видео 1).

Ал осы қазіргі айтысты жүргізіп отырған, ұйымдастырып, қайта жаңғыртқан кім? (Жүрсін Ерман).

Салт айтыстың бір түрі қыз бен жігіт айтысы үлгісін тамашалап алайық.

(видео)

Осы видео жайлы түйген, түсінген ойларыңмен бөлісіңдер.

Ал енді екі топқа бөлініп, жазба айтыс ұйымдастырайық:

Сұрақ: Сұрақ:

Бітіруші жас түлек Арманға барар бір- ақ жол,

Көп шығар-ау сенің арманың? Шешуші кезең – ҰБТ.

Қай мамандық иесі Білдің бе оған бірақ тым?

Болуды сен таңдадың? Тақалып уақыт қалғанын.

Жауабы: Жауабы:

Сұрақ қойдың тосыннан, Дайындалып жүрмін күн- түні

Сәл іркіліп қалғаным. Білемін уақыт шектеулі.

Қамын ойлап қазақтың, Не болса да амал жоқ.

Ақын болу – арманым. Көремін құдай салғанын.

Тамаша! Бәрекелді! Қазақтың қанында бар қара өлең ұйқасы да байқалып қалды. Жарайсыңдар!



Міне, біздің көне өнеріміз айтыс дегеніміз осы. Айтыстың қанаты талмай, ақындарымыз нығая берсін!

АЙТЫС

Әр оқушы айтыс не жайлы жырлайды, не үшін қажет деген сұрақтарға жауап айтайық.

Халыққа айтыстың тигізер пайдасы мол болсын деп сабақты осымен аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет