(«өзгерістер енгізілсін», «қаулы
қабылдады», «дауыс берді», «белгіленген тәртіпте»,
т.б.) осын-
дай қолданыстың нәтижесі.
Қазақ тілінің
стилистикалық құралдары
деген ұғымға
тілдің стилистикалық бояуға ие тұлға-бірліктерінің жиынтығы
негізге алынады. Бірақ стиль тілдің стилистикалық бояуға ие
емес, бейтарап элементтері арқылы да жасалатынын ескерсек,
бұл мәселенің әлдеқайда күрделі екендігін түсінеміз. Сондықтан
кез келген тілдік тұлға-бірлік (әсіресе, көп мағыналы түрлері)
қолданыс аясында стилистикалық құрал болуы мүмкін.
Стилистикалық мағына
– стилистиканың негізгі ұғым-
дарының бірі. Сөздің мағынасы оның тек заттық ұғымын не
болмаса сол зат-құбылыстың сын-сапасын ғана белгілеп қой-
майды. Сонымен қатар сөздің стилистикалық қызметіне қатыс-
ты мағыналық реңктері де болады.
Стилистикалық мағына
– тілдік тұлға-бірліктердің мағы-
налық құрылымындағы оның лексикалық, заттық, граммати-
калық мағыналарынан тысқары қосымша мағынасы. Бұл қо-
сымша мағына тұрақты болып, тілдік қолданыстың белгілі жағ-
дайларында туындап отырады. Сөздің стилистикалық мағынасы
оның ұғымдық мағынасына әсер етіп, сөз мағынасын белгілі бір
бояуларымен қоса қабылдауға көмектеседі.
Сөйтіп, стилистикалық мағына тілдік тұлға-бірліктің ма-
ғыналық құрылымының белгілі бір бөлігін құрайды. Бірақ ол
тілдік тұлға-бірліктердің әрқайсысында әртүрлі дәрежеде көрі-
неді. Экспрессивті бояуға ие құралдарда айқын байқалса, кей-
біреулерінде тек белгілі контекстік жағдайда ғана анық көрінеді.
Стилистикалық мағына мен стилистикалық бояу ұғым-
дары бір-біріне жақын. Стилистикалық мағына стилистикалық
бояуға қарағанда тұрақты да жалпы. Стилистикалық мағына мен
стилистикалық бояу тілдік қолданыста стилистикалық конно-
тация деген ортақ терминмен аталып жүр.
Стилистикалық коннотация
стилистикалық мән-мағына,
бояу ұғымдарын бере отырып, тілдік бірліктердің қосымша
мағына берушілік қасиетін ашып көрсетеді, яғни экспрессивті-
эмоционалдық және функционалды-баға берушілік мағыналары
қарым-қатынастың нақтылы қолданыс аясы мен шарттарына
байланысты туындайды. Әсіресе функционалды стильдің белгілі
бір түрінде стилистикалық коннотацияның тұрақты белгілері
пайда болады:
прагматика, инерция, молекула (ғылыми стиль),
заңды тұлға, келісімшарт, өкім, мәлімдеме (ресми стиль), ре-
портаж, бас мақала, хабарлама (публицистикалық стиль),
жанр, стиль, идея, сөз-образ (көркем стиль)
т.б.
Стилистикалық коннотация белгі-қасиеті тілдік бірлік-
тердің барлық түрінде (лексикалық сөздерде, тұрақты сөз
тіркестерінде, сөзжасамдық тұлға-бірліктерде, синтаксистік құ-
рылымдарда) көрініп, стилистикалық әсер тудыруға көмек-
теседі.
Заман мен замана, тату мен тонның ішкі бауындай,
тыңдамау мен сөзін құлаққа ілмеу, пысық пен пысықай, оқыды
мен оқып тастады, айта бастады мен айта жөнелді
сөзде-
рінің соңғы сыңарларының экспрессивті-эмоционалдық қасиеті,
стилистикалық мәні оларға жалғанған қосымшалар не тіркескен
көмекші етістіктер, фразеологиялық байлаулы тіркестер арқылы
айқынырақ көрінеді. Стилистикалық мәнде жұмсалатын тіл
бірліктері, бояулы сөз өрнектері коннотация ұғымын қалыптас-
тыра түседі. Сөйтіп, коннотация – стилистикалық экспрессивтік-
бағалауыштық категория ретінде танылып, «стилистикалық
норманы құрудың негізгі тәсілі» болып саналады. Қазіргі тіл
ғылымында стилистикалық коннотацияның негізгі арқауы
болатын мынадай түрлері (аспектілері) көрсетіліп жүр: стилис-
тикалық тапсырма, стилистикалық мағына, стилистикалық әсер.
Стилистикалық тапсырма тікелей авторға тәуелді, автор таны-
мынан туындайды, ал стилистикалық әсер адресатқа (қабыл-
даушыға) бағытталып, оның ақпаратты қабылдау реакциясын,
ой-сезімін тудыруға негіз болады. Бұлар сөйлеушілердің қарым-
қатынасында көбінесе сұрақ-жауап формасы арқылы жүзеге
асады. Сонымен стилистикалық коннотация – заттық-логикалық
және грамматикалық мағыналарға қосымша жүктелетін экспрес-
сивтік және стилистикалық қасиеттер.
Негізгі стиль құраушы факторлар функционалды стиль-
дердің жүйелілігін қамтамасыз етеді.
Стиль жүйелілігінің
негі-
зіне оны құрайтын тілдік бірліктердің бір мақсат негізінде өзара
тығыз байланысып бірігуі жатады. Мысалы, ғылыми стильде
жалпылама, дерексіз мәнге ие бірліктер белсенді рөл атқарса,
көркем стильде керісінше, көркем-бейнелі тілдік нақтылыққа ие
бірліктер маңызды болады.
Стилистикалық қате
көп жағдайда тілдік талғамның,
сөйлеу мәдениетінің төмендігінен болады. Тілдік талғам – тілді
үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық
қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де осында –
тілдегі сауаттылықтың төмендігі мен стильдік дағдының қа-
лыптаспауында. Сол себептен де стилистикалық қатенің бол-
мауын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық
сапаларының қатарына жатады.
Тіл ғылымында стилистикалық сауаттылықтың сатылары
мен соған байланысты болатын стилистикалық қатенің түрлері
шартты түрде былайша топтастырылады:
1) қазақ тілінің ішкі заңдылықтарын, стилистикалық ре-
сурстарын толық меңгермеудің салдарынан болатын стилисти-
калық қателер;
2) тілдік-стилистикалық талғамның төмендігінен болатын
стилистикалық қателер;
3) функционалды стиль нормаларының сақталмауынан не
жете меңгермеуден болатын стилистикалық қателер.
Мәселен, функционалды стиль нормаларынан ауытқыған
жайттар, яғни әр стильдің өзіндік белгісін, стильдік бояуын жете
танымаудан кететін қателер:
...синтаксистік қайталамалар да –
мәтіннің көркемдік жүгін «бір кісідей» көтеретін тәсіл; рито-
рикалық сұрақтардың да шығарманың «құлақ күйін келтіріп»
тұратыны белгілі, оны еркіне жіберіп қарап отыруға бол-
майды;
Немесе тіл заңдылығы бойынша арнаулы, арнайы бір-
ліктерінің сөз қолданыста өзіндік айырмашылық, өзгешеліктері
бар екендігі белгілі. Арнайы сөзі негізінен, сөйлем құрамында
баяндауыш қызметіндегі етістік сөздермен ғана тіркеседі, ал
арнаулы сөзі зат есімдермен қатынасқа түсіп, тіркеске енеді:
арнайы жабдықталды; арнаулы жабдықтармен қамтамасыз
етілді.
Мысалы:
Қарағандыдан арнайы ұшақпен Ислам-Абадқа
жеткізілуі тиіс жүк тиісті орнына тапсыру жұмыстарын
Сыртқы істер министрлігі үйлестіреді, дұрысы: Қарағандыдан
арнаулы ұшақпен Ислам-Абадқа жеткізілуі тиіс жүкті тиісті
орнына тапсыру жұмыстарын Сыртқы істер министрлігі
үйлестіреді.
Қазақ тілінің заңдылығы бойынша тұйық етістік тұлғалы
сөзге жатыс септігі жалғанғанда, қимыл, іс-әрекеттің созың-
қылығын, жалғасып жатқандығын білдіреді:
өркендеуде, жина-
луда, тәжірибе жүргізілуде, ақпараттар таратуда, зерттелу-
де, жариялануда,
т.б. және ол жалғау болымды етістікке ғана
қосылады, ал оның болымсыз етістікке жалғануы – тіл заң-
дылығына қайшы, себебі мұндайда істің әрі қозғалуы немесе
жылжуы, созылуы байқалмайды. Публицистикалық стильдің
теледидар тілінде бұл құбылыс жиі ұшырасады:
...бұл іс процесі
толық ашылмауда; ұйым мекемелерінде тиісті шаралар қол-
данылмауда; әлі жанармай тиісті орынға жеткізілмеуде;
қосалқы бөлшектер табылмауда, т.т.;
Журналистерге мақала жазуда оның қандай да бір ақпа-
ратты алу не беру еркіндігін шектеу кездеседі десе де,
қазақстандық журналистердің айтуынша, Қырғызстан мен
Қазақстанда либералды журналистика дамуда, дұрысы: Жур-
налистерге мақала жазуда оның қандай бір ақпаратты алу не
беру еркіндігін шектеу кездеседі дегенмен, қазақстандық жур-
налистердің айтуынша, Қырғызстан мен Қазақстанда либе-
ралды журналистика дамып келеді.
Келтірілген деректерден
көбінесе тіл заңдылығын теориялық тұрғыдан терең меңгермеу
салдарынан кеткен стилистикалық қателер екендігі байқалады.
Сондықтан да қарым-қатынастың қандай аясында болмасын, тіл
бірліктерін жұмсауда лингвостилистикалық сауаттылықтың
болуы шарт, тілдік заңдылықтардың, норма табиғатының ерек-
шеліктері бұзылмауы қажет. Демек, стилистика ғылымының да
өзіндік табиғатын айқындайтын, өзіне тән ерекшеліктерін та-
нытатын ұғымдары мен категориялары орнығып қалыптасқан.
|