4.2.3. Күрделі синтаксистік тұтастықтың қолданысы
Күрделі синтаксистік тұтастық – стильдік тәсіл ретінде
көркем шығармалар жүйесінде жиі орын алады. Синтаксистік
тұтастық – бірнеше сөйлемдер тізбегінен жасалып, мағыналық
және құрылымдық жағынан тұйықталған, белгілі бір күрделі
ойдың төңірегінде топтасып тұратын синтаксистік бірлік. Яғни,
бірнеше сөйлемдердің тіркесуі арқылы тиянақты ойды білдіре-
тін синтаксистік-стильдік категория. Күрделі синтаксистік тұ-
тастықтың құрамында келген әрбір сөйлемнің мән-мағынасы,
экспрессивтік бояуы, ырғақтық-интонациялық құрылымы мәтін
ішінде айқындала түседі. Ғалым М.Серғалиев
3
күрделі синтак-
систік тұтастық категориясына тән негізгі үш белгілерді атап
көрсетеді: мағыналық бірлік (бұл бірлікке ие болған сөйлемдер
негізгі бір ой төңірегінде топталады), синтаксистік бірлік (құ-
рамындағы сөйлемдердің өзара тығыз байланысқан бірлігі, құ-
рамды бөліктерін байланыстыратын жалғаулықтар, есімдіктер,
үстеу сөздер, модаль сөздер, сөздердің орын тәртібі, қайталан-
ған сөздер, етістік баяндауыштардың жақтық, шақтық біркел-
кілігі т.б. арнайы тәсілдер болады), біртұтас интонациялық-ыр-
ғақтық бірлік (бірігуші сөйлемдердің біркелкі, кейде өзгеше
дауыс ырғағымен, кідіріспен ерекшеленуі). Және күрделі син-
таксистік тұтастықтың төмендегідей құрылымы болатынын ға-
лым аталған еңбегінде саралап көрсетеді:
а) күрделі синтаксистік тұтастықтың барлық мағынасын
өзіне қысқаша түрде жинақтап тұратын
алғашқы (басқы) сөй-
лем;
ә) ойдың, тақырыптың дамуын, динамикасын таратып
көрсететін
ортаңғы сөйлем
;
б) кішкене тақырыптың, ойдың мағыналық және синтак-
систік жағынан аяқталғанын білдіретін
қорытушы сөйлем.
Ес-
керетін бір жайт, күрделі синтаксистік тұтастықтың бәрінің
осындай бөліктерден тұруы міндетті емес, ол автордың стильдік
мәнеріне, шығарманың жанрлық сипатына байланысты болады.
Көркем әдебиет стилінен алынған мына үзіндіге назар
аударалық:
Кең маңдайлы, келте мұрынды, адырақ көзділеу, қою қара
кірпіктері сәл қайқиып тұратын, шалқақтау біткен денесі кеп-
кесек қара бала тым тентек болды. Таңның атысы, күннің
батысы дамылы жоқ, сирақтары жарылған, қап-қара, қашан
көрсең де көйлегінің не бір жеңі жоқ, не омырауы даладай, бой-
бой боп, өмірі алыс-жұлыс, жүгіріспен өтеді. Ол өш балала-
рымен кездесе кеткенде-ақ кимелеп жақындай беріп, жұдыры-
ғын түйіп, оң қолын оңтайлай бастайды. Бірақ шап етіп тө-
белесе кетпейді, төбелесетін баласын әбден қыздырып,
3
Серғалиев М. Стилистика негіздері. Астана, 2006, 213 б.
төбелесе қалса, қаша-жөнелетіндей етіп алады. Өйткені оның
тіп-тік қараған көзіне өзінен үлкен балалар да шыдай алмай,
тая беретін еді. Ал, төбелеске бір қол қойса, төбелесті нашына
келтірмей аяқтаған емес: өмірде бір баланы түйіп қалып, не
итеріп қалып қаша жөнелген емес, төбелеске асықпай-саспай
кіріседі де, не дымы құрып жеңіліп, не қызыл жон қып жеңіп,
ендігәрі беттеместей қылып, ұрып-жығып тынады. Киіктің
асығындай шымыр, намысқор, ойын құмар, дос жанды, сенгіш,
жайдары бала, аты – Аманкелді
(Ғ.Мүсірепов). Бұл күрделі
синтаксистік тұтастықтағы алғашқы екі сөйлем – ой қазығын
білдіруші басқы бөлік болып табылады. Онда қара баланың
тентектігі туралы айтылған. Одан кейінгі сөйлемдерде негізгі
ойдың дамуын көрсетіп, сол баланың жүріс-тұрысы, тентек қы-
лықтары, айла-әрекеттері нақты түсіндіріліп, сипатталып бе-
ріледі. Бұл ортаңғы бөліктің алғашқы сөйлемдермен ол, бірақ
,
өйткені,
ал сөздерінің әр сөйлемнің басында келуі арқылы
тығыз байланысқа түсіп тұрғандығы байқалады. Соңғы сөй-
лемде ол қара баланың Аманкелді екені анықталып, ойдың аяқ-
талғандығын білдіреді, бұл – қорытушы бөлік болып табылады.
О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесінде үш кейіпкердің әрқай-
сысының ойлары жеке-жеке күрделі синтаксистік тұтастықпен
берілген:
Қасаттанған қардың үстінде де, шикі таулардың
ішінде, қар астында жатып, өткен шақтарын елестете ой-
лаған ойлары…» осындай
синтаксистік құрылымдардан тұратын
мәтінде жүзеге асады. Күрделі синтаксистік тұтастықтың тілдің
синтаксистік құрылымын түрлендіруде, авторлық баяндаудың
типтерін жетілдіруде, мәтіннің ұйымдасу ерекшеліктерін айқын-
дауда қызметі зор.
Достарыңызбен бөлісу: |